О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 548
- Қабылданған күні
- 15.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2015 AI25644_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003893_
- ЭКБ идентификаторы
- 25644
- Редакция идентификаторы
- AI25644_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:23
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 82-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. <*>
Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен .
2 2. (Күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 323 бұйрығымен)
3
3. "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің N 3582 болып тіркелген 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "кешендік тексеру", "кешенді тексеруді", "кешенді тексерулердің", "кешенді (тоқсандық) тексеру", "бақылау тексерулер", "бақылаулық тексерулер", "тоқсандық тексерулерді" деген сөздер тиісті септіктерде "кешенді байқау", "қорытынды тексеру", "тоқсандық тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтағы "сәйкессіздігі анықталса," деген сөздерден кейін "тексеру актісі жасалады және" деген сөздермен толықтырылсын.