Қолданыстағы ред. 10.10.2005 (Редакция 25665_348960.kaz)

Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық қадағалау, көркейту Қағидаларын бекіту туралы от 10.10.2005 г. № 99 (Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық қадағалау, көркейту Қағидаларын бекіту туралы)

0

Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық қадағалау, көркейту Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан елді-мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту Қағидалары бекітілсін (қоса берілді).

2

2. Жергілікті әкімдер өз қызметтерінде осы Қағидаларды басшылыққа алсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Н. Өтеповке жүктелсін.

4

Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 10 қазандағы
№ 99 шешіміне қосымша
Ауданның елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту Қағидалары
Осы Қағидалар 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі заңнамаларына сәйкес жасалды және аудан елді - мекендерінің аумақтарын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту және жасыл желектендіру саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейді.
Осы қағидалардың мақсаты қысқы және жазғы мерзімде аудан елді-мекендерінің аумағын тазарту тәртібін анықтау. Көліктердің, жаяу адамдардың жүру көзғалысының қауіпсіздігін және тазалауды қамтамасыз ету үшін, ауданның елді-мекендерінің аумағын көркейтуді және санитарлық күтуді, сыртқы жарықтандыру, жасыл желектер, ғимараттар және басқа да нысандарды бұзу жауапкершілігін, жинастыру жұмыстарын орындау кезіндегі талаптарды белгілеу.
Ауданның елді-мекендері аумағында орналасқан меншік түріне қарамастан барлық субъектілер үшін міндетті Қағидалар.

1. 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.

1

1. Санитарлық тазалау, ауданның елді-мекендерінің аумағын жинау жүйесі тұрмыс калдықтарын ұтымды жию, тез арада жою, тиімді зиянсыздандыру және экономикалық мақсатқа сәйкес қайта өңдеуді қамтиды. Соның ішінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтану және мәдени тұрмыстық бағыттағы кәсіпорындардағы, канализациясыз ғимараттардан сұйық, көше қоқысы, қар және басқа да ауданның елді-мекендер аймағындағы жиналған құрылыс қалдықтары, жазғы және қысқы мерзімде қоғамдық орындар аумағын жинау және күтуді ұйымдастыру кіреді.

2

2. Ауданның елді-мекендерінің аумағын тазалау жұмыстарын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін және арнайы машиналарды тиімді пайдалануға барлық жинастыру, тұрмыс қалдықтарын ұйымдастыру жұмыстары бірыңғай орталықтандырылған жүйеге (жоспарлы үнемі және мәлімдеу) белгіленген тәртіпке, тарифке және басқа нормативтік материалдарға бағынуы тиіс. Үй иеліктеріне, мекеме, кәсіпорындарға, меншіктің барлық түріндегі инфраструктура объектілеріне жақын орналасқан аумақты таза ұсталынуы тиіс.
Хабарландырулар, жарнапарақтар, листовкалар, құлақтандырулар т. б. арнайы белгіленбеген жерлерге жабыстыруға, сондай-ақ көшенің көлік жүретін және жаяу жүргінші жүретін бөліктерін, құрылыстан бос аумақтарда және басқа да қоғам орындарды кез-келген қоқыстармен (листовкалармен) ластауға тиым салынады. Арнайы рұқсат етілмеген орындарда меншік иесінің келісімінсіз листовкалар, жарнапарақтар, құлақтандыру қағаздарын жабыстыруға тиым салынады.

3

3. Тұрғын үйлер ауласын, өтетін жерлерді тазалау тұрғын иелеріне немесе тұрғын үй кооперативтеріне жүктеледі, олар бекітілген аумақты жинастыруды және қоқыс шығаруды өз күштерімен, сондай-ақ келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту арқылы жүргізе алады.
Тұрғын үйлер ауласын, үйге келетін жолдарды жинастыру тұрғын үйлер кооперативтеріне, магистралдық көшелерді, ішкі кварталдық өтетін жерлердің аралығын, көк желектердің аймағын, тротуарларды жинау олармен жақын арада орналасқан (шектеліскен) мекемелерге, кәсіпорындарға жүктеледі.
Жанар-жағар май станцияларынан 15 метр радиуста орналасқан аумақтарды жинастыру және тазалықты ұстау станция қызметкерлерімен іске асырылады. 15 метр радиустағы сауда орны орналасқан аумақтарды тазалау және жинау барлық меншік түріндегі сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп орындарының, құрылыс алаңшаларының, қоймалардың, баздардың, оған баратын жерлер аумағы осы ұйымдардың күшімен, қаржысымен тазартылады және тағы басқа аумағын (стадион, базар, жәрмеңке өткізілетін орындар, ауылшаруашылық жерлері және басқалары) жинау және таза сақтау тиісті жерді қолданушыларға жүктеледі.
Құрылыс, күрделі, ағымдағы жөндеу нысандарына тиіп жатқан аумақтарды жинау және таза ұстау жауапкершілігі құрылыс жөндеу жүргізіп жатқан мекемеге жүктеледі.
Ескерту мақсатында төмен учаскелер аумақтарының қар немесе жаңбыр суымен толуы мүмкін болуын бақылайтын жаңбыр жинағыш құдықтарды жыл мерзімінде екі реттен кем емес тазалау, балансында тұрған тиісті тұтынушылық қызметтері жүргізеді.

1

1. Тиісті құрылыс аудандарында жоспарлы-үнемі тазалау жұмыстарын жүргізу кезегі жергілікті басқару органдарының санитарлық -эпидемиологиялық қызмет келісімімен белгіленеді.
Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыс ауданында ғимараттар салу мерзімінде құрылыс қоқысын жинауды ұйымдастыруды үйге тапсырыс беруші қамтамасыз етеді.
Орталықтандырылған жоспарлы-үнемі тазалау ғимаратты пайдалануға беру кезінде ұйымдастыру керек.

5

5. Қатты және сұйық қалдықтарын зиянсыз ету белгіленген тэртіпке сай арнайы орындарда, ыдыстарда жүргізеді. Қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығаруға және ауылшаруашылық егістіктеріне көміп тастауға тиым салынады.
Осы көрсетілген аумақтарда қойма ұйымдастыруға, қатты тұрмыстық қалдықтарды, мал қиын, құрылыс қалдықтарын сақтауға, сондай-ақ сұйық жуынды қалдық төгуге тиым салынады.

2. 2. ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ.

2. ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ.

6

6. Парктердің, базарлардың демалыс аймақтарының аумақтары көпшілік ойын-сауық орындары және басқа жалпы орындары белгіленген жалпы ережелердің талаптарына сәйкес күтіледі.

7

7. Барлық алаңдарда және көшелерде, базарларда, көлік аялдамаларында және басқа жерлерде жеткілікті қоқыс салғыштардың болуы тиіс. Қоқыс салғыш арасы магистральды (аумақтарды) қарқынды пайдалану жиілігіне байланысты анықталады, бірақ та көп көшелерде 40 метрден, ал жүрушілері аз көшелерде 100 метрден аспауы тиіс. Қоқыс салатындар жүйелі түрде толуына байланысты тазартылуы тиіс. Қоқыс салатындардың тазалығын сақтау өздеріне бекітілген аумақты жинастыруды қамтамасыз ететін ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер жауапты. Меншік иелері өз офистерінің және үйлерінің кіретін және алдыңғы фасад бөлшегіне, сауда жерлеріне, скверлерге, парктерге қоқыс салғыш орналастырады. Қоқыс салғыштар жарақты жағдайда күтілу керек, қоқыс толуына байланысты тазартылып, күніге бір рет жуып, дезинфекцияланып, жылына екі рет сырланып тұруы қажет.

8

8. Бос ыдыстарды немесе артық тауарларды дүкен және дүңгіршіктердің алдына үюге және де оған жақын аумақтарға үюге пайдалануға тиым салынады.
Көшелерде тез бұзылатын тағамдық азықтар, көкөніс, жеміс сату үшін дүңгіршектер, киоскілер, лот орналастыру санитарлық-эпидемиологиялық стансамен келісілуі керек.

9

9. Балалар бақшасына көлік құралдарын қоюга, көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты аумақты ластауға тиым салынады.

10

10. Жасыл желектер меншік иелігіне қарамастан ұсталмайтын мемлекеттік қор болып есептеледі және заң жүзінде қоргалады. Жеке және заңды түлғалар өзіне бекітілген аумақтағы жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге заңнамаларға сәйкес міндетті, ол үшін толық агротехникалық шаралар жинағын жүргізу керек, атап айтқанда;
суару, қию, кепкенді кесу, апатқа үшыраған және кепкен ағаштарды жинау, бағандарын тазалау, бағандар және тамыр бойындағы жас бүтақшаларға, тыңайтқыш салу, жас ағаштардың пасаждарына шұңқыр орналастыру, дезинфекциялау, жарасын ысылау, қуысын бітеу және де арам шөптерді (арам шырмауық, амбрөзин, жусан, сора және басқалар) жою үшін механикалық өңдеу;
өсімдіктерді қорғау стансасымен шарт бойынша немесе өз күшімен ауылшаруашылық аурулары мен жауларына, тиым салынған арам шөпке қарсы жүйелі жұмыстар жүргізу;
түскен мерзімде жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды белгіленген жерге шығарады. Тұрғын үй жанында, скверлерде, парктерде жапырақтарды жағуға тиым салынады;
Тұрғын аймақта қоқыс жағуға, сондай-ақ атмосфералық жақын қабатын ластайтын резино-техникалық және өнеркәсіп қалдықтарын жағуға тиым салынады.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сай жерді қорғауды қамтамасыз ету, құрылыс мекемелері меншік иелігіне қарамастан жердің құнарлы бөлігінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.

11

11. Базарлардың орналасуы оқшау аумақта Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 38 бұйрығымен бекітілген СНиП және басқа нормативтік құжаттардың талабына сай болу керек.

12

12. Жұмыс уақытын өз бетімен иелері тағайындайды. Аптасына бір күн санитарлық күн болып есептеледі.

13

13. Техникалық қызметкерлер базар жабылысымен тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Жылы кезде қатты төселгені бар базар аумағын тек қана міндетті сыпырудан басқа күн бе күн жуу керек.
Қоғамдық әжетханалары жиналған көпшілік демалатын орындарынан арасы 50 метр жақын болмай орналасуы қажет есеп бір орын 500 келушіге.

14

14. Арнайы аумақтандырылған нысандарда (базарлар, парктер, емделу –сауықтандыру мекемелері) санитарлық құрылғыларды салуға және қайта жабдықтауға санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келісімінсіз қалдық жинауға, көлікті жууға, бос ыдыстарды және отын ағаштарды осы мақсаттарга бөлінбеген жерлерде сақтауға тиым салынады.

3. З. ӨТЕТІН ЖЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ ТРОТУАРЛАРДЫ КҮТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ.

З. ӨТЕТІН ЖЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ ТРОТУАРЛАРДЫ КҮТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ.

15

15. Аумақты көліктендіру және тазалау жұмыстары жазғы және қысқы болып бөлінеді, жүйелі, мерзімді немесе жедел түрде жүргізіледі.
Жүйелігіне қатысты: сыпыру, жуу, суару, тырмалау, қарды сыпыру және шығару, мұзды ою және қар- мүз жиындығын шығару.
Мерзімдіге - жер жиынтығын, түскен жапырақтарды жинау, канализациялардағы
қалдықтарды тазалау, жағалаудағы шөптерді кесу.
Жедел түрге (қар жауғанда, мүздақ, қатты жел) - жолға құм төсеу қарды тырмалау және сыпыру, тоғысқан жердегі қақпадан шығатын жердегі жиналған қарды ысыру және т.б.

16

16. Жазғы тазалау жұмыстары 15 сәуірден 15 қарашаға дейін суару машиналары және сыпыру көмегімен, сыпыру-жинау машиналары көмегімен жол төсеніштерін жуу арқылы жүргізіеді. Жуу тәулікте бір рет сағат ертеңгі 6.00, кешкі 24.00 сағатта жүргізіледі.

17

17. Түнгі уақытта жұмыс жүргізгенде (мезгілге қарамастан) шуды болдырмау
ережелері сақталуы керек.

18

18. Механикаландырылған жуу, суару, сыпыру жұмыстары жазғы уақытта жоспарлы түрде жүргізу керек.

19

19. Жол төсеніштерін жуу жұмыстары кезінде, жол жағалау бөлігінде жиналған ластар су ағымдарымен тротуарларға түспеуін қадағалау керек.

20

20. Жаңбыр суларының құбырлары жоқ көшелердің өтетін бөлігін сыпыру, жинау машиналарымен жинаған дұрыс.

21

21. Жасыл желектерді және газондарды суару үшін, суару, жуу және сыпыру жинау машиналарына су құбырынан су құю аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келісімімен жүргізіледі.

22

22. Өтетін жерлерді қысқы тазалау мерзімі 15 қараша және 15 сәуір аралығында жүргізіледі. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін үлкен жолдарға тәуліктік кезекшілік белгіленеді. Машиналар шұғыл шығуға әрдайым дайын болуы тиіс.

23

23. Хлорид себу жұмыстарын мұз тайғақтық, қардың басталысымен бір рет, ал келесі қар жауғаннан соң сыпырудан кейін керегі бойынша жүргізу қажет. Мұзтайғақка түсуге, қоғамдық көлік аялдамалайтын орындарға жаяу өтетін жерлерге, тротуарларға құм себулі болуы керек.

24

24. Жолдың қар қалыңдығы 4-5 см. Аспағанда қар жаууы басталған соң 4 сағаттан кейін қарды ысыру және сыпыру жүргізіледі, қайтадан сол интервалмен қар жауу жалғасқанда және қар түскеннен кейін.

25

25. Мұздық сынықтарын, ластанған қарды жасыл желектердің ауласына жинау, тасу, орналастыруға тыйым салынады. Тазартылган қар арнайы белгіленген орындарга шығарылады.

26

26. Ғимараттар төбелеріндегі қарды, мұзды тазалай олардың иелеріне жүктеледі және шараларын алу керек (кезекші бөлу, тротуараларды қоршау).

27

27. Өтетін жерлерде арнайы қызметтің жинаған, төбеден түсірілген, жолдар
төсеніштерінен сыпырылган қар шығарылғанға дейін жалпы жиынға салынады. Осы өтетін жерден лақтырған қарды шығару округ әкімінің бекітуі бойынша арнайы қызметке жүктеледі.

28

28. Қарды тазалау 6 см қалыңдығы кем түскенде қар негізгі қала магистралдарынан 2 тәулік, ал қалғандарынан 4 тәулік ішінде, жауған қар 6 см жоғары болса тиісінше 4-7 тәуліктен кейін жүзеге асырылады.

29

29. Мұзтайғақпен күресу және «Құрғақ» қар жиынын орналастыру жолдарын
санитарлық - эпидемиологиялық стансасымен жергілікті жағдайды ескеріп қоршаған ортаға кері әсер етпейтін мүмкіншілігін қарап келіскені қажет.

4. 4. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ

4. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ

30

30. Тұрғын үйлер ведомстволық бағынуына және меншік түріне қарамастан тұрмыс қалдықтары күнбе-күн ешқандай сұраусыз жоспар бойынша арнайы машинамен шығарылуы тиіс.

31

31. Тұрғын үй аулаларында көлік өтуіне ыңғайлы контейнерлер орналастыратын арнаулы алаң бөлу керек. Алаңша ашық, су өткізбейтін жабылғысымен, жасыл желекпен қоршалуы қажет.

32

32. Контейнерлер қондырылатын орын тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, өрт алаңдарынан және халық демалатын орындардан кемінде де 20 м., әрі кеткенде 100 м. қашықтықта болуы керек. Контейнерлердің керекті санын қондыруға қажет аула мөлшері 5-ке есептелуі керек. Контейнерден аула шетіне дейінгі аралық 1 м-ден кем болмауы керек.

33

33. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) санын белгілегенде қоқыс жинайтынмен қолданатын тұрғындар санын, қалдықтың жиналу нормасын, қалдықты сақтау мерзімін еске алу керек.

34

34. Қатты тұрмыс қалдықтар коқыс тасиғын машинамен, канализациясы жок үйден сұйық қалдықтар арнайы сорғыш машинамен шығарылады.

35

35. Тұрғындарға шу болдырмау максатында тұрмыс және тамақ қалдықтары таңертең ағат 7.00-де, кешкі 23.00. сағаттан кешікпей тұрғын үйлердің ауласынан шығарылады.

36

36. Тұрмыс қалдықтары және қоқысты уақытша сақтайтын (контейнер) қоқыс өткізгіш алаңша иесі қоқысты өз жүгіменен міндетті немесе арнаулы ұйыммен жасалған шарт бойынша ақытында шығарады, іріктеу және контейнелерді дезинфекциялауды жүзеге асырады.
Қоқысты өз күшімен шығаруда қоқыспен тұрмыс қалдықтарын уақытында шығармаса сауапкершілікті меншік иесі көтереді. Меншік иесінің қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, шығару орындалған жұмысқа ақы төлеу үшін арнаулы ұйыммен жасаған шарты олса уақытында шығарылмаған қоқыс үшін жауапкершілікті шарт жасаған арнаулы ұйым өтереді.

37

37. Қалдықтарды уақытша сақтау орнына орналастыру, әсіресе тұрғын аумағында, санитарлық-эпидемиологиялық стансасымен келісу қажет. Құрылыс болып жатқан аудандарда аула әжетханасынан қалдықтарды уақытша сақтау орындарынан белгіленген қашықтық мүмкіндігіне қарай комиссия арқылы белгіленеді (сәулетші, тұрғын үй пайдалану ұйымы, анитарлық дәрігердің қатысуымен). Комиссия актілері жергілікті басқару ұйымдарымен бекітілуі тиіс.
Қалдықтарды уақытша аула жинағышта сақтағанда олардың еруін және шіруін болдырмау керек. Сондықтан жылдың сақтаулы салқын уақытында (8 градус температура және төмен) 3 тәулік, жылы мезгілде 5 тәулік (күнбе-күн шығару). Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықтардан құтылу мерзімі аудандық СЭС-пен келісіледі.

38

38. Жақсы жабдықталған тұрғын қорында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін стандартты темір контейнерлерді (0,75 куб. метр) қолдану керек. Канализациясы жоқ үйлер иесіне ағаш немесе темір жинағыштар қолдануға болады.

39

39. Жаз уақытында темір қалдық жинағыштарды жуу керек (ауыстырмайтын жүйеде 10 күнде 1 рет, ауыстырғанда босағаннан кейін). Ағаш жинағыштарды дезинфекциялау керек әрбір босағаннан кейін). Энтомологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция жасау керек. Үй ауласынан габаритсыз қалдықтарды алуды жиналуына байланысты жүргізу керек, кем дегенде 7-не 1 рет жүргізіледі.

40

40. Канализациядан тыс үйлерден қалдықтарды жинау үшін жуынды құятын орнатылады, олар су өткізбейтін шұңқыр және жер бетіндегі бөлігі қақпағымен және қатты фракциялардан айыратын решеткасымен болуы керек. Решеткасын тазалауға қолайлы болу үшін жуынды ұятынның жарлары алынатын және ашылатын болу керек. Аула әжетханасы бар болса шұңқыр жалпы болуы мүмкін.

41

41. Канализациясыз үй аулалары және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын аулалардан кеінде 20 м. және 100 м. аспайтын қашықтықта болу керек. Қоқыс жинауыштар, аула әжетханалары және жуынды шұңқырлары жеке үй ауласының аумағындағы орналасу орнының қашықтығы үй иелерінің өздері белгілейді. Айырмашылығы 8-10 метрге дейін болуы мүмкін. Орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында аула әжетханалары құдықтардан 50 метр қашықтықта болуы тиіс. Келісілмеген жағдайда аула әжетханасын орналастыру орны қоғамдық өкілдермен анықталады.

42

42. Аула әжетханасының жер үсті бөлігімен шұқыры болуы керек. Жер үстіндегі құрылысын тығыз келтірілген материалдардан салады (тақтай, кірпіш, блоктар және т.б.). Шұқыр су өткізбейтін болуы керек, көлемі әжетхананың қолданатын халық санына есептеледі. Шұқыр тереңдігі грунттық судық деңгейіне байланысты, 3 м артық болмауы керек, жер бетіннен шұқырдың толуы 0,35 м. асуы жіберілмейді.

43

43. Аула әжетханасының іші тазалықта күтілу керек. Күнбе-күн тазалануы қажет. Аптасына 1 реттен ыстық сумен жуып, дезинфекциялау керек. Аула әжетханасымен қалдық бетін жер үсті кеміргіштер мен жәндіктер өтпейтіндей болуы тиіс.
(5 пайыз), нафтизол (10 пайыз) бұл ертінділер ағаш қоқыс жинағыштыда дезинфекциялау үшін қолданылады. Араласу уақыты 2 мин. кем емес. Құрғақ хлорлы известь қолдануға тиым салынады (тағамдық нысандар жоне дәрігерлік емдеу профилактикалық мекемелерін қоспағанда). Шыбындарға қарсы дезинфекция энтомологиялық көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі.

45

45. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау және шығаруды ұйымдастыру нұсқаушы орындармен сәйкестендіріліп санитарлық-эпидемиологиялық станса қызмет органдарының келісімімен жүргізіледі.

46

46. Тамақ қалдықтарының арнайы іші-сырты сырланған қақпағы жабылатын ыдысқа (бак, шелек және басқа ) жинау керек.

47

47. Тамақ қалдықтарын жинайтын ыдысты басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Күнбе-күн ыдысты жылы сумен жуып 2 пайыздық кальций тұзымен немесе натрий немесе хлорлы известь 2 пайыздық натрий хлормен. Дезинфекциядан кейін жинағышты сумен жуу қажет.
Жинағышты қолдану және дұрыс ұстау жауапкершілігін тамақ қалдықтарын кәсіпорын көтереді.

48

48. Тұрғын үйлерге тамақ қалдықтарын ыдыстар санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жергілікті мекемелерінің келімісі бойынша белгіленген орындарға орналастырылады. Қалдық жинайтын адамдарға ыдыстың тазалығын сақтау және басқа заттың (шүберек, қағаз, шыны, темір және басқа) араласпауын тапсыру керек. ПМК жинаған тамақ қалдықтарын уақытша сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
мекемелерімен келісілген арнаулы жинау фургон керек.

49

49. Тамақ қалдықтарын уақытша сақтау олардың шіруі және жағдайына кері ықпалын тоқтату үшін уақыты 1 аптадан аспауы тиіс. Сауда және көпшілік тамақтану нысандарында меншік иелігіне және түріне қарамастан тамақ қалдықтарын уақытша сақтау тек қана салқындатқыш жерлері бар болғанда жүзеге асырылады.

50

50. Тамақ қалдықтарын жинау бөлек жүйе жағдайында және тек қана арнайы
бордақылайтын шаруашылықтарға тұрақты өткізу бар болғанда жүргізіледі. Тамақ қалдықтарын шошқа тамақтандыруға тапсырғанда бордақылайтын шаруашылықтар, шаруашылық тұрған жердегі ауданның бас ветеринарлық дәрігерінен арнайы рұқсат ету керек. Мал өсіруші шаруашылықтарда эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты осы тұрғын жерлерде әрбір нақты жағдайда тамақ қалдықтарын жинауды жалғастыруға ауданның бас ветеринарлық дәрігері рұқсат береді. Қалдықтарды жеке адамдарға беруге тиым салынады.

51

51. Асхана және аудандық емханалардың жұқпалы ауруларды, туберкулез аурулардың бөлімдерінде тамақ қалдықтарын жинауға және де тамақ қалдықтарын басқа қалдықтарын жинайтын ыдыстардан теруге тиым салынады.

5. 5. АУДАННЫҢ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРІНІҢ АУМАҒЫН ЖИНАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ, КӨРКЕЙТУ. ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК.

5. АУДАННЫҢ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРІНІҢ АУМАҒЫН ЖИНАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ, КӨРКЕЙТУ.
ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК.

52

52. Осы қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушлық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.