Осакаров ауданының иттері мен
мысықтарын ұстау, жасыл көшеттерін
қорғау, санитарлық жағдайын қамтамасыз
ету және аумағын көркейту Қағидасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағы негізінде, аудандық Мәслихат ШЕІШМ ЕТТІ:
Осакаров ауданының иттері мен мысықтарын ұстау, жасыл көшеттерін қорғау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы от 21.10.2005 г. № 137 (Осакаров ауданының иттері мен мысықтарын ұстау, жасыл көшеттерін қорғау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы)
1. «Осакаров ауданының иттері мен мысықтарын ұстау, жасыл көшеттерін қорғау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және аумағын көркейту Қағидасы» бекітілсін (қоса тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы И.Л.Зиньковский).
Аудандық Мәслихаттың
2005 жылғы 21 қазандағы
кезектен тыс
19 сессиясының № 137
шешімімен бекітілді.
Осакаров ауданының иттері мен мысықтарын ұстау, жасыл көшеттерін қорғау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және аумағын көркейту Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстаң Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» сәйкес әзірленіп дайындалды.
1. Жалпы ережелер
1. Осакаров ауданын көркейту қағидасы елді-мекендердегі қоршаган ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарльқ және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы Қағида аудан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз міндетті болып табылады.
2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған ауданды көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды түлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға міндетті.
4. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ауданды көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элементтері , ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.
5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетгі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
2. Анықтамалар
6. Өкілетті орган - Осакаров ауданын көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдар.
7. Көркейту - адамның елді-мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндей және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.
8. Бекітілген аумақ - Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен анықталған ретінде берілген жер учаскесі.
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар-инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ ауданның қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
12. Салынбаған аумақ - жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.
14. Қатты - тұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі қалдықтарды, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы қалдықтарды, тротуар және аула маңындағы жиналған қалдықтарды, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтарын қосқанда.
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияланбаған үй-жай қалдықтары.
16. Қалдықтар жиынтығы - олардың концентрацияларын бекітілмеген орнынан олардың пайда болу көзінен қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорын қызметі.
17. Қалдықтарды шығару (жою) -анықталған орынға қалдықтарды транспорттау (қалдықарту пункті, қалдық өңдеу заводы, полигон).
18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зиянды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшалау.
19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және бүктеуге арналған, жалпы қолдану орындары.
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - аудан тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, аудан аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған ауданды инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
21. Қоғамдық органдар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.
22. Көше-кенттің немесе селоның аумағында орналастырылған тротуарлар, даңғыл жолдар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері.
3. Жалпы талаптар
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құрьлғьлардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды Жол органдарымен жазбаша рұқсат қағазымен (ордер) ғана іске асырылады.
24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:
1) өкілетті органдармен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
қатты әсер ететін және радиоактивті, қопарғыш заттар таситын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көліктер жолы;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысуын;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе темір жолдардың төмендеуі және жоғарылауы;
теміржол өткілдерін татару және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасындағы жэне бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильиондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасының және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды, жолдарда жалпылай және спорт шарараларын өткізуді;
аялдама пунктерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнатуды;
көлік жолдарында жаяу жүретіндерге және көлік құралдары қозғалысына бөгет болатын түрлі жұмыстарды өндіруге;
2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өңдеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;
25. Жер жұмыстары өндірісіне рұқсат (ордер) беру жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру міндеті, жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесінің жоба қүжаттарьшың бар болуында жүзеге асады. Жер жұмыстарын өндіруге рұқсат беру (ордер) 2-күндік мерзімде орындалады.
26. Шұғыл авариялы-қалпына келтіру жұмыстары, Осы Қағиданың 25-тармағында бекітілген рұқсат беру тәртібімен келісіп рәсімдеумен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.
27. Жер жұмыстары өндірісі тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:
1) Нұсқау бойынша ескертулерді қалпына келтіру мерзімі өткен соң, әзірлеген материалдар бойынша, «Қағиданы» бүзған кіналы лауазымды тұлғалардан «Әкімшілік құқық бұзушылар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабында қарастырылған айыппұл өндіріп алу үшін материалдарды, материалдық зиянды өндіріп алу үшін материалдарды сотқа жібереді.
2) Жоба бойынша бекітілген және жол өкілетті органмен келісілген құрылыс жұмыстары өндірісінің мерзімі бұзылған жағдайда, жұмыс істеуге берілген ордер (рұқсат) өкілетті органның жазбаша өкімі бойынша жойылып, материалдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, айыппұл қолдану үшін сотқа берілуі мүмкін, сот шешімінің заң күшіне енгеннен кейің өкілетті органның нұсқауы бойынша жұмысқа ордер (рұқсат беру) жойылуы мүмкін.
3) Егер апатты жұмыстарды орындап жатқан ұйым 3 тәуліктің ішінде ордерді (рұқсатты) ресімдемесе, одан әрі орындалған жұмыс рұқсатсыз орындалған деп есептеледі.
28. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға міндетті:
1) белгіленген үлгіде ескерту белгілер мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;
2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған учаскелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
3) нөсерлік канализациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;
4) механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналма жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналма жолдарды анық көрсету;
6) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
7) Құрылыс материалдары сақтау жел ұшырмайтын және шаң-тозаңды болдырмайтын шаралар сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктарды және т.б. құрылыс материалдарымен және топырақты жабуға тыйым салынады. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.
29. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, Осакаров ауданын көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды, жеке түлғаларға:
1) қоқыстарды, түрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын канализациялық құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтандарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға;
2) аулалар, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға:
3) Хабарландыру, афиша, үн парақ, хабарлама, үгіт материалы, жарнама, баспа өнімдерін, плакаттар және басқа да объектілердің көрнекі ақпараттарын үйлердің қасбеттеріне, су ағатын құбырларға, жарықтандыру тіреулеріне және әкімдік рұқсат бермеген немесе мүлік иесі келісім бермеген басқа орындарға ілуге, сонымен қатар көшенің жүргінші жүретін бөлігін, құрылыстан бос аймақтарды және басқа да жалпы қолданыстағы орындарды қоқсытуға;
4) Қоқыс төгетін қораптарда қоқыстарды өртеуге;
5) Осы нормаларды бұзған жағдайда айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
4. Көлік жүйесі
30. Көлік құралдарымен тасымалданатын көшелерді ластайтын, төгілетін және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
31. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында материалдар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке түлғалар өкілетгі органның бірініші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға міндетті.
32. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялы қарайтын мекемеге хабарлауға міндетті.
33. Жүмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс:
34. Мыналарға рұқсат етілмейді:
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен аудан көшелерінде жүруге;
2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығаруға;
3) көлік қүралдарынан темекі қалдықтарын, қағаздарды және басқа да қоқыстарды лақтыруға;
4) белгіленбеген орындарда автомашиналарды жууға;
5) Аула ішінде өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.
5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі
35. Ауданды көркейтуін бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады, олар төмендегілерге міндетті:
1) аумақты су басуына жол бермеу;
2) бөлінген және қорғау аймақтарының жағдайын бақылау, люктардың қақпақтарын, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;
3) қайтадан құм төгу және пайдалану, монтаж тәртібін сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.
36. Жоғарғы және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік канализациялары, коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.
6. Аумақты жарықтандыру
37. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелері;
2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;
3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.
38. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарга жарық түсіру ғимарат қабырғасында ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.
39. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:
1) Сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;
2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым салалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.
40. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандары, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға тыйым салынады.
41. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады, шамдардың жану пайызы 95 %-тен кем болмауы керек.
7. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарды тазалау
42. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл-қоқыстарды жинауға автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға рұқсат етілмейді.
43. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.
44. Жазғы маусымда жүретін жерлерден және тротуарлардан шаң-тозаң, кір-қоқыс жерге түскен жапырақтар, көше күл-қоқыстарын. Жолдар, алаңдар, көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақытта жуылады.
45. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды жел ұшырып әкететін көшелерде, тротуарларда дер кезінде жинап алу керек немесе газондарды жауып тастау керек. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген учаскелерге жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға болмайды.
46. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кезде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.
47. Жолдардағы және тротуралардағы көк тайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты - қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.
48. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарьш жасыл көшетті аумақтарға апарып тастауға рұқсат етілмейді.
49. Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, қиылыстарын, көпірлерін, жоғары және ылдилары құмды механизмділік себу осы жұмыстары өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері кооператив күшімен немесе мамандандырылған кэсіпорындармен шарт жасау тәртіпте іске асырылады.
50. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар бекітілген және белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға міндетті.
51. Шатырларды және карниздегі, төбедегі және су құбырларындағы қардан тазалау ғимарат және иелерінің құралымен және күшімен, маңайы міндетгі қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің бүлінуінен және жаяу жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен жүйелі түрде өндіріледі.
52. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға рұқсат етілмейді.
8. Базарлар
53. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарга кірме жолдар, өткілдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.
54. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
55. Шаруашылық алаңдарды санитарлық қағидалар мен нормалар 2003 жылдың 5 ақпаны №131 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру Қағидасы» есебімен сауда орьшдарынан кем дегенде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
56. Базардың техниклық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.
57. Жылдың жыл маусымында базар аумағын міндетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.
9. Бақтар
58. Ауыспалы күл-қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар және т.б.) 50 метрден жақын орналасуы керек.
59. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір урна орнатылуы керек. Басты аллеялардағы урналардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.
10. Қатты қалдықтарды жинау, шығару жэне залалсыздандыру
60. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кэсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдықтарды шығару жинауды жоспарлы - тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
61. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен кәсіпорындармен шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлық қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.
62. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етудің есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылы және оған үй не кіреберіс жатқан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасаған жөн.
63. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
11. Құрылысты бұзу және шығару
64. Қолданып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
65. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының NA.3.2.5-96 «Құрылыстағы еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау» құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.
66. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе учаске бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) ауданның қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал учаске қайта өңдеуге жатқызылады.
12. Үй маңайын күтіп ұстау және тазалау
67. Үй маңындагы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт өту жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек. Алаң жасыл көшеттермен қоршалған және су өткізбейтін жабындымен бірге ашық болуы керек.
68. Аулалық қоқыс жинағыштардың саны мен көлемі Қазақстан Республикасының «Қала құрылысы. Қалалық селолық қоныстарды жоспарлау және салу» 3.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
69. Камера, қалдықөткізу, қалдық жинау және камерадан қалдықтарды арту орнына тиіп тұрған аумақты, сонымен қатар қалдық (контейнер) және тұрмыстық-қалдықтарды уақытша сақтау үшін аландарға жауапкершілікті меншік йесі, кондоминиум объектілері мекеме органдары немесе үй немесе ғимарат меншігіндегі ұйымдар мойнына алады. Контейнер алаңы бекітілген аумақ сыртынан табылса, контейнер алаңын күтіп-ұстау жауапкершілігін қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаратын ұйымдар мойнына алады.
70. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.
13. Жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау
71. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңға сәйкес әрбір азамат жасыл желек қорығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Жалпы қолданыстағы жерлерде орналасқан жасыл көшеттер қол сұғылмайтын мемлекеттік қорды құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
72. Жасыл көшеттерді күтіп ұстау және оларды зиянкестерден, арам шөптерден қорғау бойынша ұйымдастыру жұмыстарына мынадай негізгі шаралар енеді:
1) көшеттерді жеткілікті және мезгілінде суландыру;
2) топыракгы мезгілінде және сапалы өңдеп, тыңайтқыштарды салу;
3) зиянкестердің санын алдын ала жобалау арқылы биологиялық және химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу.
73. Аумақты көгалдандыру алаңы әр адамға 5-6 шаршы метрде ұсынылады.
Талдар мен бұталардың қартаюына байланысты аудандық ұйымдармен келісу арқылы олардың жаңасын орнату керек.
74. Мекемелерге, кәсіпорындарға, меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға және азаматтарға рұқсат етілмейді:
1) талдар мен көшеттерді сындырып кесуге, газондарды, гүлзарларды және басқа жасыл көшет учаскелерін аудан әкімдігінің рұқсатынсыз бұзып, бүлдіруге,
2) ағаштардан шырын, смола алуға, жөн жосықсыз жазулар жазуға жэне өсімдіктерге зиян келтіретін басқа да зақымдар жасауға;
3) ағаштарға жарнамалық қондырғыларды, нөмірлі белгілерді, әр түрлі хабарландыруларды бекітуге, сым орал және шегелер қағып бүлдіруге, әткеншектер, турниктер, кір ілетін жіптер орнатып ілуге;
4) ағаштар айналасындағы бордюрлерді, гүлзарларды, газондарды және қоршауларды бүлдіруге.
14. Иттер және мысықтарды ұстау
75. Рұқсат етеді:
1) қоршаган оңашаланған аумақтарда тек қана байлау арқылы иттер мен мысықтардың қыдыруына;
2) күзетші иттер мекемелер мен ұйымдарда тек қана байлап ұстауға:
3) жалпы пайдаланылымдағы орындарға иттерді қысқа жіппен (ұзындығы 1 метр) мұрындықпен алып шығуға;
4) сол көлік түріне тиесілі тәртіпке сәйкес, адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз еткенде иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде альш жүруге;
5) көршілерінің медициналық қарсы көрсеткіші болмаса және туысқандық қатынасы жоқ екі және одан да көп отбасылары тұратын пәтерде, тұрғын үйлерде итттерді ұстауға.
76. Рұқсат етілмейді:
1) иттер мен мысықтар подъездерді, баспалдақтарды, лифтіні, сол сияқты спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саябақтар аумағын ластауына, егерде бұндай жағдай болғанда оны иелері тазалауы керек;
2) иттер мен мысықтарды олардың еті мен терісін пайдалану үшін өсіруге;
3) саябақгар, скверлер, стадион, жағалаулар, жағажайлар жэне жалпы пайдаланымдағы басқа жерлерді иттер мен мысықтардың еркін қыдыруына пайдалануға;
4) 14 жасқа дейінгі балалардың ірі иттерді қыдыртуына.
77. Елді мекендерде иесіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбас болып саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.
15. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
78. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санкциялар қолданылады.
79. Осы Қағиданы орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.