О работе акиматов городов и районов, органов государственного надзора по обеспечению безопасности производимых и реализуемых на территории области продуктов питания Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағында өндiрiлетiн және сатылатын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қалалар мен аудандар әкiмдiктерiнiң, мемлекеттiк қадағалау органдарының жұмысы туралы
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері, бақылаушы мемлекеттік органдар Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының аса маңызды мiндеттерiнiң бiрiн iске асыру - халықты қауiпсiз және сапалы тағаммен қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргiзуде.
Сонымен қатар кәсiпкерлердiң қауiпсiз тамақ өнiмдерiн өндiрулерiне және сатуларына қолайлы жағдай туғызу жөнiндегi әкiмдiктердiң жұмыстары жүйелі сипатқа ие болмай отыр.
Мемлекеттік қадағалау органдары халық пен кәсіпкерлер үшiн тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау жөнiндегi қызметтерге қолжетiмдiлiк бойынша жағдайлар жасамай және толық тиімді бақылауды қамтамасыз етпей отыр.
Мемлекеттік қадағалау органдарының әрекет етуші зертханалық қызметтерінiң материалдық-техникалық базасы нашар, қазіргі заманғы жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген, мамандарды еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген зерттеулер мен сараптамалар жүргізуге дайындау қажет.
Өсiмдiк және мал шаруашылықтарының өнімдерін өндіретін және қайта өндірумен айналысатын кәсіпорындардың кейбiрiнде ғана тамақ өнімдерiнiң әрбiр партиясының сапасы мен қауіпсіздігiне тиісті өндірістік зертханалық бақылау ұйымдастырылған. Қайта өндіру шағын кәсіпорындарының негізгі бөлігінде өздерінің жеке өндірістік зертханалары жоқ.
Сынақтар жүргізу, сертификаттау және шетелдік сәйкестік сертификаттарын құптау жөніндегі мекемелер жүйесі жеткіліксіз дамыған.
Әкiмдiктердiң, iшкi iстердiң, бақылаушы органдардың көше саудасын ретке келтіру жөнiндегi жұмыстарының тиiмдiлiгi жеткіліксіз және күтілген нәтижелерді бермей отыр.
Қорыта келгенде, облыс тұрғындарын сапасыз және денсаулыққа қауіп төндіретін тамақ өнімдерін тұтынудан қорғауға кепiлдiк берiлмейдi. Ағымдағы жылдың өткен мерзiмiнде облыстағы мемлекеттiк қадағалау органдарымен 5 тонна сапасыз тамақ өнiмдерi жарамсыз деп танылды. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен залалданған тамақ өнімдерін пайдаланудан халық арасында жаппай және жеке адамдардың ауруға шалдығулары орын алып отыр.
Тергеу мәлiметтерi бойынша жiтi iшек жұқпаларының себептерi анықталып, 60% көп жағдайы сапасыз тамақ өнiмдерiн пайдаланумен байланысты болып отыр.
Медицина қызметкерлерiнiң халықтың санитарлық мәдениетiн көтеру жөнiнен жүргiзiп жатқан жұмыстарының тиiмдiлiгi жеткiлiксiз және облыс өңiрлерiнiң ерекшелiктерi ескерiлмей жүргiзiлiп отыр.
Облыс тұрғындарын сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың рөлін, бақылаушы органдар жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және "Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабын, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкiмдерi:
Тармақша 1
1) қауiпсiз және сапалы тамақ өнiмдерiн өндiрумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлердiң жұмысына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi жұмыстарды жандандырып, өндiрiстiк зертханалық бақылаудың ұйымдастырылуына жәрдемдессiн;
Тармақша 2
2) көше саудасының орындарын анықтап, шағын бөлшек сауда объектiлерi ретiнде сатушыларға ең аз талаптар белгiлеп, қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментiне (В.С. Якупов):
Тармақша 1
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының материалдық-техникалық базасын дамыту, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын;
Тармақша 2
2) "2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласының дамуы және қайта құрылуы мемлекеттiк бағдарламасының iс-шаралар жоспарының"»сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылық министрлiгi Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығына (Ж.К. Құндызбаев келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) облыстағы мал өнiмдерi шикiзатын өндiретiн барлық кәсiпорындарды тұрақты ветеринарлық бақылаумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 2
2) "Республикалық ветеринарлық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен (келiсiм бойынша) және "Фитосанитария" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бiрге (келiсiм бойынша) облыстың барлық өңiрлерiнде зертханалық қызмет желiсiн кеңейту жөнiндегi шараларды қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттiк мекемесінің бастығына (Б.К. Кунафиянов келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) облыстың барлық өңірлерін мемлекеттiк инспекторлармен қамтамасыз ету мақсатымен штатты кеңейту туралы Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлiгiне ұсыныс жасау;
Тармақша 2
2) қалалар мен аудандар әкiмдерiмен бiрлесе отырып, облыс аумағында сынақ орталықтары мен сертификаттау орталықтарының жүйесін кеңейту жөнiнде шаралар қабылдап, сатылатын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылау ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсiн.