Құжат мәтініне өту

О требованиях к иностранным юридическим лицам, а также участникам Международного финансового центра «Астана» для членства на фондовой бирже

Қаулы · № 360 · қабылданған 30.09.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25726/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О требованиях к иностранным юридическим лицам, а также участникам Международного финансового центра «Астана» для членства на фондовой бирже Қолданыста Қаулы ·№ 360 ·30.09.2005
12.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О требованиях к иностранным юридическим лицам, а также участникам Международного финансового центра «Астана» для членства на фондовой бирже

Қолданыста Қаулы ·№ 360 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О требованиях к иностранным юридическим лицам, а также участникам Международного финансового центра «Астана» для членства на фондовой бирже
Атауы (қаз.)
Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
360
Қабылданған күні
30.09.2005
Көрсетілген редакция
12.09.2022 25726_593839.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003916_
ЭКБ идентификаторы
25726
Редакция идентификаторы
25726_593839
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:20

0 Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар туралы

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қор биржасының мүшелері мына көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес келетін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;

1 1) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін қор биржаларының мүшелері болып табылатын;

2

2) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға резидент елдің уәкілетті органының сәйкес лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғалар бола алатындығы белгіленсін. Қор биржасындағы сауда-саттыққа көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардың брокерлік және (немесе) дилерлік қызметке қадағалау жасау саласындағы уәкілетті органдар арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімдер болған кезде ғана мүмкін болады;

3

3) бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойылған, клирингтік қызметті жүзеге асыруға резиденттік елінің уәкілетті органының тиісті лицензиялары бар шетелдік заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері бола алатындығы белгіленсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы