Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг

Қаулы · № 1110 · қабылданған 09.11.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25752/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 1110 ·09.11.2005
26.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 1110 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1110
Қабылданған күні
09.11.2005
Көрсетілген редакция
26.04.2012 AI25752_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050001110_
ЭКБ идентификаторы
25752
Редакция идентификаторы
AI25752_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:14

0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереженi бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 9 қарашадағы
N 1110 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнің (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

2 2. Қызметтер көрсету тәртiбi

2 2. Қызметтер мынадай тәртiппен көрсетіледi:

1 1) дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн көрсету;

2 2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қызметтер көрсету (жарыстарды, арнайы кешендi спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу);

3 3) спорт мүкәммалын пайдалану жөнiнде қызметтер көрсету;

4 4) өзге дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейiннен iске асыра отырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау жөнiнде қызметтер көрсету.

3 3. Қызметтер мемлекеттiк бюджет шеңберінде қаржыландырылатын негізгі қызметтiң орнына көрсетілмейдi.

4 4. Қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен шарттық негiзде жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын түсiмдер мен шығыстарды пайдалану тәртiбi

5

5. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақша мемлекеттік мекемелер қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаны есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетінде ашатын шотқа аударылады және осы Ережеге сәйкес пайдаланылады.

6

6. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен олардың түрлерi бойынша қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаның түсiмдер мен шығыстар жоспарларын жасайды және оны бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісі бекiтедi.

7 7. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтерiн iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша:

1 1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбекақы төлеуге, осы топтарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды жабуға;

2 2) спорт құрылыстары мен ғимараттарын ұстауға, жөндеуге, мамандандырылған жабдықтар мен мүкәммал, спорт киiмдерiн сатып алуға, оқу-жаттығу жұмысын қамтамасыз етуге, жарыстарға қатысуға, спорттық iс-шаралар өткiзуге, әкiмшілiк-басқару және шаруашылық шығыстарына;

3 3) спорт мүкәммалы мен жабдықтарын жөндеуге;

4 4) автомобильдi және арнайы көлiктi ұстауға, арнайы техника мен жабдықтарды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;

5 5) спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, төрешiлер мен медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, мәдени-бұқаралық және сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөнiндегі шығыстарды жабуға;

6 6) қызметтік iссапарларға;

7 7) спортшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi жақсартуға, әкiмшiлiк, шаруашылық, жатын және көмекшi үй-жайлар үшiн жиһаз сатып алуға;

8 8) ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге, шаруашылық және өзге де ағымдағы шығыстарға;

9 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спортшыларымен оқу-жаттығу және жарыс процестерін ұйымдастыру үшiн үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға ақы төлеуге;

10 10) заттай мүлiк заттарын және басқа да нысанды әрi арнайы киiм-кешек сатып алуға, тiгуге және жөндеуге;

11 11) коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерiне ақы төлеуге;

12 12) көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге;

13 13) заңды және жеке тұлғалар шарт бойынша көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге;

14 14) банктiк қызметтерге ақы төлеуге;

15 15) оқу шығыстарына ақы төлеуге;

16 16) спорттық iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына берілетiн жүлделерге, естелiк сыйлықтарға, грамоталар мен ақшалай сыйақыларға;

17 17) спорттық iс-шараларға қатысу үшiн жарналарға;

18 18) спортшылар мен құрама командалардың оқу-жаттығу процесiн фармакологиялық қамтамасыз етуге;

19 19) заңдық қызметтерге жұмсалады.

8 8. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алу және олардың жұмсалуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы