Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, определяющих порядок оказания государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимися в области спорта, услуг, соответствующих их уставным целям и не относящихся к их основной деятельности, и использования денег от реализации таких услуг
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1110
- Қабылданған күні
- 09.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2012 AI25752_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001110_
- ЭКБ идентификаторы
- 25752
- Редакция идентификаторы
- AI25752_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:14
0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереженi бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 9 қарашадағы
N 1110 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнің (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2 2. Қызметтер көрсету тәртiбi
2 2. Қызметтер мынадай тәртiппен көрсетіледi:
1 1) дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн көрсету;
2 2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қызметтер көрсету (жарыстарды, арнайы кешендi спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу);
3 3) спорт мүкәммалын пайдалану жөнiнде қызметтер көрсету;
4 4) өзге дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейiннен iске асыра отырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау жөнiнде қызметтер көрсету.
3 3. Қызметтер мемлекеттiк бюджет шеңберінде қаржыландырылатын негізгі қызметтiң орнына көрсетілмейдi.
4 4. Қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3 3. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын түсiмдер мен шығыстарды пайдалану тәртiбi
5
5. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақша мемлекеттік мекемелер қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаны есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетінде ашатын шотқа аударылады және осы Ережеге сәйкес пайдаланылады.
6
6. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен олардың түрлерi бойынша қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаның түсiмдер мен шығыстар жоспарларын жасайды және оны бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісі бекiтедi.