Сәтбаев қаласының және оның маңынағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін абаттаныру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы от 26.10.2005 г. № 234 (Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасы бекітілсін .
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғай мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Борисов П.Е.).
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2005 жылғы 26 қазандағы
XXII сессиясының
№ 234 шешімімен бекітілген
Сәтбаев қаласының және оның маңынағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау
1. Жалпы ережелер
1. Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасы (бұдан әрі -Қағида) елді мекендерде қолайлы қоршаған орта құру және қолаудың іс –шаралар кешенін жүргізу тәртібін анықтау мақсатында әзірленген, объектілер мен абаттандыру элементтерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Қағида қала және оның маңындағы елді мекенердің аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан міндетті болып табылаы.
2. Қағида қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізуді, сондай -ақ барлық меншік нысандағы заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін, міндеті мен құқығын қамтитын нормативтік құжат болып табылады.
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықтын санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілері өзгертуге рұқсат беретін рәсімерді өткізу ережесін бекіту туралы » Ережесіне сәйкес әзірленді.
4. Қаланы абаттандыруды қажетті жағдайда жүзеге асыру үшін қалада абаттандыру қызметін үйлестіру, объектілер мен жалпы пайдаланыстағы аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, абаттандыру, элементтерін, инженерлік инфрақұрылымды күтіп ұстау, ағымдағы және күрделі жөндеу және объектілерді қорғай жөнінде кәсіпорындармен келісім шарттар жасауда тапсырыс берушінің міндеттерін атқаратын «Сәтбаев қаласының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және «Сәтбаев қаласының қызметтік ғимараттарды басқару» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қызмет етеді.
5. Абаттандыру элементтері мен объектілерінің, инженерлік инфрақұрылымның сақталуын бақылауды тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар жүзеге асырады.
2. Негізгі терминдер мен анықтамалар
6. Уәкілетті орган- қаланың және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыруды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
7. Абаттандыру –адамның жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен ұмыстар кешені. Бұл жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша абаттандыру объектілері мен элементтерін ұйымастыру, жөндеу, пайдалану, күтіп ұстау және қорғауды қарастыру, жөндеу, пайдалану, күтіп ұстау және қорғауды қарастырады, яғни инженерлік абаттандыру, сыртқы абаттандыру, санитарлық абаттандыру, көгалдандыру, жарықтаныру, үй маңы аумақтарын абаттандыру.
8. Бекітілген аумақ - бегіленген аумаққа жататын, немесе оған қызмет ету үшін пайдаланылатын, немесе қорғау аймағы болып табылатын жер участкесі.
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым- инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылғылары, сондай –ақ қаланың қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, халыққа әлеуметтік және мәдени -тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
10. Жер жұмыстары- аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
11. Бөлінген аумақ - жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілердің құрылысын салу (пайдалану) үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер участкесі.
12. Салынбаған аумақ – жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
13. Санитарлық тазалау қалдықтарды жинау, жою, заласыздандыру және қайта өңдеу жүйесі
14. Қатты тұрмыстық қалддықтар пәтерлерді ағымдағы жөндеуден қалған қалдықтарды, жергілікті жылыту қондырғыларының қалдықтарын, аулалар аумақтарынан және тротуарлардан жиналған қоқысты және үй тұрмысындағы ірі зат қалдықтарын қоса алғандағы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар.
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар -канализацияланбаған үй- жай қалдықтары.
16. Қалдық жинау -қалдықтарды пайда болу көздерінен, оларды жинақтауға арналған орындардан қабылдау бойынша арнайы кәсіпорын қызметі.
17. Қалдықтарды шығару (жою)- қалдықтарды белгіленген орынға көлікпен шығару (қалдық арту бекеті, қалдық өндеу зауыты, полигон)
18. Қалдықтарды көму – одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғи ортаға зиянды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында арнайы орындарға (полигон) оқшаулау.
19. Полигон – жергілікті атқару органының қаулысымен белгіленген қалдықтарды жинауға және көмегу арналған арнайы жалпы пайдалану орындары.
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар – қала тұрғындары мен кәсіпорындардың қажетіне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан жер беті суларын жинап, бұруға арналған қаланы инженерлік абаттандырудың маңызды элементтері.
21. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланыстағы демалу аймақтары (саябақтар, жағажайлар, саяжолдар), қоғамдық көлік аялдамалары.
22. Көше – даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналастырылған қала аумағы.
22.1. Тұрғын үй қоры
- Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер.
22.2. Түрғын ұй –
тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленшен техникалық,
санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй
(жеке-дара тұрғын үй, пәтер).
22.3. Тұрғын үй
(тұрғын жай) – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес
үй-жайлардан және жалпы мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын
құрылыс.
22.4. Үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын
жағдайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің
(қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңдарда немесе меншік иелері
арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып
табылады.
22.5. Тұрғын үй-жай
(пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдің
алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай.
22.6 Тұрғын емес
үй-жай – тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болвп табылатын бөлігін қоспағанда,
тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе,
шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар).
22.7. Ортақ мүлік –
тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік
құқығы заңдарда көзделген жер телімдеріне құқықты да қамтиды.
22.8. Шектеулі
пайдаланылатын ортақ мүлік – ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік
иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жекелеген
бөліктері.
22.9 Жер учаскесі –
тұрғын үйге заңдарда белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы.
22.10. Кондоминиум –
үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға
ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен
ретіндегі (бұдан әрі кондоминиум объектісі) жыржымайтын мүлікке меншіктің ереше
нысаны.
22.11. Бөлек (өзіндік) меншік – қозғалмайтын
мүлікке меншіктің ерекше нысаны – кондоминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй)
құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің
меншігі.
3. Жалпы талаптар
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жабындыларының, тротуарлардың, гүлзалар мен басқа объектілердің, абаттандыру әлементтерінің және инженерлік құрылғылардың бүлінуіне байланысты ұмыстарды уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен (ордермен) ғана жүргізе алады.
24. Автокөлік жолдарын пайдаланушылар мыналарға келісілу жүргізеді:
1) уәкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен мыналлардды:
Қопарғыш заттарды, радиоактивті және қатты әсер ететін улы заттарды тасымалдауға, ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көліктерддің жүруіне;
Автокөлік жолдарының арналармен, байланыс және әлектр жүйелерімен, газ, су құбырларымен, темір жолдармен, басқа инженерлік жүйелермен және коммуникациялармен киылысуына;
Автокөлік жолдарымен бір деңгейде қиылысқан жағдайда темір жолдарды көтеруге және түсіруге немесе қосымша жолдар төсеуге;
Темір жол өткелдерін салуға, жөндеуге, қайта салуға және жоюға;
Автокөлік жолдарының бақылау аймағында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуға;
Автокөлік жолдарының бойына жол ақпаратына қатысы жоқ безендірмелер, жарнамалар, плакаттар орнатуға;
Автокөлік жолдарының бақылау аймағына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуға;
Жолдарда көпшілік және спорт шараларын өткізуге;
Көпшілік пайдаланатын жолаушылар автокөлігі маршруттарын ашуға және аялдама бекеттерін орнатуға;
Жол бойынан шығу және жүктерді тиеу мен түсіру алаңдарын салуға;
Автокөлік жолдарында көлік құралдары мен жаяу жүрушілердің қозғалысына бөгет жасайтын кез келген жұмыстарды жүргізуге;
2) уәкілетті органдармен:
Жолдардың бақылау аймақтарында және бөлінген жол жиегінде ғимараттар салуға, ескерткіштер орнатуға, сәндік көшеттер отырғызуға, карьерлерді өңдеуге;
Автокөлік жолддарының жиегінде көшеттерді отырғызуға жіне кесуге.
25. Жобалау құжаттары болған жағдайда ғана жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат (ордер) беріледі:
1) жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестесі;
2) жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндеттеме.
Жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру (ордер) 2 күндік мерзімде орындалады.
26. Шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстары осы жолдарды басқаратын уәкілетті орган өкілінің қатычуымен, осы Қағиданың тармағында бекітілген тәртіпте рұқсат алуды рәсімдеу арқылы орындалуы керек.
27. Жер жұмыстарын жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:
1) нұсқау бойынша ескертулерді жою мерзімі өткеннен кейін уәкілетті орган Қағиданы бұзған кінәлі лауазымды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 387 – бабына сәйкес айыппұл және қала шарушылығына келтірілген материалдық зиянды өндіріп алу үшін талап арыздарын сотқа жібереді.
2) уәкілетті органмен келісілген және жоба бойынша бекітілген құрылыс жұмыстарының мерзімі бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салу үшін құжаттар сотқа беріледі. Сот шешімі заң күшіне енгеннен кейін жұмыс жүргізуге берілген ордер (рұқсат) уәкілетті органның нұсқауы бойынша жойылуы мүмкін.
3) аппаты жұмыстарды орындаушы ұйым үш тәуліктің ішінде ордерді (рұқсатты) рәсімдемесе, одан әрі орындалған жұмыстар рұқсатсыз жүргізілген деп есептеледі.
28.Жұмыс жүргізушіге жұмыс басталғанға дейін мыналары орындау қажет:
1) жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына қажетті коршауды және белгіленген үлгідегі ескерту белгілерін орнату;
2) жүргіншілер жүретін жерлерге өткелдер орнату және қазылған участкелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
3) нөсер қабылдау канализацияларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қолдану;
4) механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
5) жол өткелдерін немесе жаяу жүрушілерддің қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналып өту жолдарын дайындап, оларды тиісті белгілер арқылы анықтап көрсету;
6) жол жұмыстары қолданыстағы нормалар мен ежерелерге, сондай – ақ ордерде көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі;
7) құрылыс материалдарын сақтау олардың шашылмау, желмен ұшпау, шаң – тозаңды болдырмау шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар жұмыс барысында шығарылып тасталады. Жасыл көшеттерді, жер асты құрылғылары құдықтарының қақпақтарын, су ағар торларын, лотоктарды, құрылыс материалдарымен және топырақпен жауып тастауға жол берілмейді. Аталған элементтер мен құрылғыларды қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай қалқандар және қоршаулар қолданылады.
29. Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мақсатында барлық меншік нысанындағы ұйымдарға және жеке тұлғаларға мыналарға жол берілмейді:
1) құрылыс қалдықтарын және басқа қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, сондай - ақ лайды, қарды және мұзды арнайы орындардан басқа, нөсер қабылдағыштардың қақпақтары мен торларына, су және жылу жүйелері құбырларының бақылау құдықтарына, фонтандарға, суаттарға, гүлзарлар мен жасыл кқшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктердің аялдамаларына тастауға;
2) шағын сәулеттік үлгі объектілерін, аулалар, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдалану орындарының жабдықтарын сындыруға;
3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз немесе меншік иелерінің келісімісіз үйлердің қасбеттеріне, су ағар құбырларға, жарық беру тіректеріне, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар құрылғыларына және басқа да орындарға хабарландырулар, жарнамалар; плакаттар, үнқағаздар және көрнекі ақпараттың басқа да түрлерін ілуге және жапсыруға;
4) қоқыс өткізгіштерде, қоқыс жинау орындарына құрылыс материалдарын және металл қалдықтарын тастауға;
5) қала аумағында және оның маңындағы елді мекендерде ауыл шаруашылық және үй жануарларын жаюға;
6) осы нормаларды бұзған жағдайда айыпты тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 -бабына сәйкес жауапқа тартылады.
4. Көлік жүйесі
30. Көлік құралдарымен тасымалданатын, көшелерді ластайтын, төгілетін және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
31. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар, зілзала құбылыстар) апатты жұмыстар жүргізіліп жатқан жерлерде жинақталған материалдары және басқа да мүліктері сақталған заңды және жеке тұлғалар меншік нысанына қарамастан уәкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуы қажет.
32. Қазу жұмыстары кезінде жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялары анықталған жағдайда жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге тез арада хабарлауы қажет.
33. Жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорын, ұйымның атауы) орнатылуы тиіс.
34. Мыналарға жол берілмейді:
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табанды көліктермен қала көшелерінде жүруге;
2) белгілденбеген орындарға қоқыс шығаруға;
3) белгіленбеген орындарда автокөлік құралдарын жууға;
4) арнайы автокөліктердің аула ішінде жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.
5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі
35. Иеігінде инженерік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғаллар қаланы абаттандыруды бұзуға әкіліп соғуы мүмкін инженерлік жүйелер мен қондырғылардың техникалық жағдайын қадағалауы қажет, атап айтқанда:
1) аумақты су басуына жол бермеуін;
2) бөлінген және қорғау аймақтарының санитарлық жағдайын бақылау, люктар мен құдықтардың қақпақтары жердің қатты жабындысы деңгейінде жабылып, талапқа сай жағдайда күтіп ұсталуын бақылау;
3) монтаждау, қайта көму және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты желілерінің қатты қабатының немесе жер қабатының жағдайын бақылау.
36. Құбырларды, құдықтарды, жер беті және жер асты суларын бұру құбырлары, нөсер канализацияларының коллекторлары, жаңбыр суларын қабылдау құдықтары қажеттіліге қарай, бірақ жаз мезгіліндде кемінде төрт рет, ал қысқы уақытта кемінде бір рет жиналады және тазартылады.
6. Аумақты жарықтандыру
37. Аумақтарды жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртұы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, электр бөлуші жүйелер;
2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;
3) кронштейнер, тросты іліншек тіректері.
38. Тар жолдар, тротуарлар және аландарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.
39. Сыртқы жарықтандыру қонддырғылларына қызмет көрсету және күтіп ұстау төменегі шараларды қамтиды:
1) сыртқы жарықтандыру қондырғыларын техникалық дұрыс жағдайда ұстап отыру: ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрлерге сай болуға тиіс, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеп отыру;
2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазірі заманғы жіне тиімді жарық лампалары пайдаланылады.
40. Жарықтандыру тіректеріне және басқа инженерлік жүйелерге жарнама қалқандарын, плакаттарды, безендірмелерді және үнқағаздарды баланста ұстаушының келісімінсіз және жергіліңті атқару органының рұқсатынсыз орналастыруға жол берілмейді.
41. Сыртқы жарықтандыру кондырғыларының жағдайын және жарық шамдарының жану пайызын анықтау үшін екі аптада бір рет бақылау тексерістері жүргізіледі және сыртқы жарықтандыру жағдайы бойынша кесім жасалады. Шамдардың жану пайызы 95 пайызддан кем болмауы керек.
7. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарды тазалау
42. Ерешеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағайжайлар, саябақтар, емдеу- сауықтыру мекемелері) санитарлық қызметтің келсімінсіз санитарлық қондырғылар салуға, қайта жабдықтауға, қоқыстарды жинауға, автокөлік жууға, бұл мақсаттарға арналмаған орындарда босаған ыдыстарды және ағаштарды сақтауға жол берілмейді.
43. Қоғамдық орындар аумақтарын жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындар) адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі уақытта, таңертең ерте) жүзгізіледі.
44. Жазғы маусымдағы жинастыруға көшелердің жүру алаңдарын, тротуарлардды сыпыру, су себу, жуу жатады. Жолдар, алаңдар, көшелер және инженерлік құрылғылар түнгі уақытта жуылады.
45. Жапырақтар түскен мезгілде олар уақытылы жиналып отыру керек. Жиналған жапырақтарды тұрғын үй аудандарында, саябақтарда және саяжайларда жағуға жол берілмейді.
46. Қысқы жинау жұмыстары жүйелі (қар жауу кезңі аралығында) және мезгілікдік (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып бөлінеді
47. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған кұм (немесе басқа хлоридалы құмдар) пайдаланылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде, ең алдымен апатты қауіпті жерлерден басталады, яғни ылдиларда, өрлерде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер аялдамаларында, қауіпті бұрылыстарда және басқа инженерлік нысандарда.
48. Мұз үйінділерін, қардың лас қалдықтарын жасыл өсімдіктер егілген жерлерге тастауға және жинауға жол берілмейді.
49. Көшелердің өту жолдарына, алаңдарға, қиылыстарға, көпірлерге, өрлер мен ылдиларға кұм себуді осы жұмыстарды жүргізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер механиқалық әдіспен жүргізеді. Аула ішіндегі адам жүретін жолдарға кұм себу пәтер иелері кооперативтерінің күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
50. Жер участкелері иелері және жер пайдаланушылар өз бетімен немесе кәсіпорындармен шарт жасау арқылы санитарлық аумақтарда қар және мұзды ойып жинауы, тайғақ жерлерге инертті жадығаттар себуі қажет.
51. Шатырлардағы және карниздердегі, төбедегі және су құбырларындағы қар ғимарат және мекеме иелерінің күшімен адамдарың қауіпсіздігі шаралары міндетті түрде сақтала отырып жүйелі түрде тазаланып отыруы қажет.
52.Өту жолдарын бөгеуге, жасыл көшет отырғызылған жерлерге қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.
8. Базарлар
53. Базарлар аумағындда (оның ішінде шаруашылық алаңдары, кірме жолдар және өткелдер) жауын және көктемгі сі ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қатты қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0, 2 гектарға дейінгі алаңы бар базарларда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты қалындығы кем дегенде 3 сантиметр құммен тағы нығырлауға жол беріледі
54. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
55. Шаруашылық алаңдары Қазақстан Республикасының санитарлық нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
56. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы қажет. Күндіз ағымдағы тазалау жұмыстары жүргізіліп, жиналған қалдықтар алынып кетуі керек.
57. Жылдың жылы маусымында қатты төсенділі базар аумағын сыпырумен қатар күн сайын жуып отыру керек.
9. Саябақтар
58. Саябақтардың шаруашылық аумағының ауыспалы қоқыс жинағыштарға бөлінген участкесі демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар орналасқан жерлер, фонтандар, басты аллеялар) кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасуы керек.
59. Урналар саны мынадай есеппен шығарылады: саябақ алаңының 100 шаршы метріне бір урна орнатылады. Басты аллеяларда урналардың арасы 10 метрден кем болмауы керек.
10. Табиғи суаттар
60. Табиғи жағажайларда медициналық пункттер, құтқару стансалары, тамақтану орындары, киініп шешіннетін кабиналар, дәретханалар, қоқыс жинағыштар орналасаы.
61. Урналар әрбір 50 шаршы метрге бір -бірден қойылып, көғалды жермен арасы м 3-5 метр, ал су жағасынан 10 метр болып, бір- бірінен қашықтығы 30 метрден алыс болмауы керек.
62. Жағажай аумағында 75 адамға бір орыннан деген есеппен, шомылу орындарынан кем дегенде 50 метр, әрі дегенде 200 метр арақашықтықта қоғамдық дәретханалар болу керек.
63. Ашық және жабық шешінетін орындар, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар күн сайын зарарсыздадырғыш дәрілердің ерітінділерімен жуылуы керек. Жағажайлар аумағында күнделікті жинастыруды жүргізу қажет.
64. Суға шомылуға арналған орындарда автокөліктерді және кір жууға, жануарларды суға шомылдыруға және оларды серуендетуге жол берілмейді.
65. Қыс маусымы аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бейберекет үйінділерден тазартылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау шаралары жүргізілуі қажет.
11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
66. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет мекемелерінен, қоғамдық және басқа да ұйымдардан қатты қалдықтарды жинау жоспарлы тұрақты жүйе бойынша кәсіпорындармен келісім шарт жасау арқылы жүргізіледі.
67. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орналастыру кәсіпорындардың үй нелерімен шарт жасауы арқылы жүзеге асырылады. Кәсірпорын, мекеме және ұйым басшылары (иелері) контейнерлерді санитарлық және өртке қарсы қызметтермен келісу бойынша орнатады.
68. Қоқыс жинайтын контейнерлер тұрғын үй мекендерінің арасында адамдарға қолайлы жағдайда, ауаның және топырақтың ластануына жол бермейтін жерлерде, тиісті эстетиқалық талаптарды қамтамасыз ете отырып орналастырылады. Контейнер қойылған алаңдарда үй не кіре беріс жақтан арнаулы көліктің кіріп шығуына ыңғайлы, асфальтпен жабылған жол болуы тиіс.
69. Қалдықтардың сыртқа шығарылуына уәкілетті органдар бақылау жасайды.
12. Құрылысты бұзу және шығару
70. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралардың орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтарды ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстардан тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
71. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
72. Бөлшектеу жұмыстарынан соң немесе құрылыс бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкетіледі, ал учаске қайта өнделедді.
13. Үй мыңын күтіп ұстау және тазалау
73. Үй маңындағы аумаққа контейнер орнатуға көліктің келуіне ыңғайлы жолы бар арнайы алаң бөлінеуі қажет. Алаң су өткізбейтін қабатпен жабылып, жасыл көшеттермен қоршалған, ашық болуы тиіс.
74. Аулалық қоқыс жинағыштардың саны мен көлемін Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
75. Камераларды, қалдықтарды өткізу, қалдықтарды жинау және қалдықтарды арту орнына жақын орналасқан аумақты, соңымен қатар қалдық (контейнер) және тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдарға меншік иелері, кондоминимум объектілерін басқару органы, үй немесе ғимарат меншігіне жататын ұйымдар жауапты. Контейнер алаңы белгіленген аумақ сыртында болса, контейнер алаңын күтіп ұстауға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын ұйымдар жауапты.
76. Кондоминиум объектісін басқару органдарына, жеке үй иелеріне аула маңайын және үйге кіре беріс жолдарды жинау жүктеледі.
13-1. Тұрғын үй
қорын ұстау
76-1. Тұрғын үйді
пайдалану оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соқпауға, басқа тұрғындардың
тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге тиіс.
76.2. Тұрғын үйдегі
тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй жайларды қайта жабдықтау мен қайта
жоспарлауды үй-жай иесінің келісімімен және жобаның құрылыс нормалары мен
ережелеріне сәйкес келуіне жауап беретін зады немесе жеке тұлға орындаған жоба
болған жағдайда жүзеге асыруға болады. жобаның міндетті талаптарға сәйкестігін
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы уәкілетті
орган растайды.
76-3. Үй-жайларды
қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнінде нақты атқарылатын жұмыстардың
жобаға сәйкестігі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен меншік иесі мен жұмысты орындаушы
жауап береді.
76.4. Үй-жайларды
қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғаған
жағдайда, олардың алдын ала жазбаша келісімі, сонымен қатар басқарушы
мекемелердің – тұрғын үй-коммуналдық цехтарының, пәтер иелері кооперативтерінің
келісімі қажет.
76.5. Меншік иесімен
ортақ мүліктің оның бұзылуына немесе бүлінуіне әкеліп соғуына алып келетін
үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жұмыстарын жұргізуге жол
берілмейді. Тұрғын үйдегі жалпы пайдаланыстағы конструкцияларға телевизиялық
немесе спутниктік жабдықтарды орнату үй-жай иесінің келісімімен жүзеге
асырылады және шатыр жабындылары мен үйдің конструкцияларына залал келтірмеуі
тиіс.
76-6. Меншік иесі
ортақ мүліктің кез-келген бөлігіне немесе басқа үй-жайға залал келтірсе, ол
залал меншік иесінің есебінен жойылады, не оны жою жөніндегі шығындар меншік
меншік иесінің есебінен өтеледі.
76-7. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды
пайдаланушы адамдар тікелей залал келтірушілер болса, олар осындай міндетті
меншік иесімен бірлесіп көтереді.
14. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
77. Осы Қағиданы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде қарастырылған санкциялар қолданылады.
78.Осы Қағида талаптарының орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақылаушы және уәкілетті органдар өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.