Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил розничной продажи в стационарных помещениях периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера

Қаулы · № 308 · қабылданған 01.11.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25810/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил розничной продажи в стационарных помещениях периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера Күшін жойған Қаулы ·№ 308 ·01.11.2005
04.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил розничной продажи в стационарных помещениях периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера

Күшін жойған Қаулы ·№ 308 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил розничной продажи в стационарных помещениях периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера
Атауы (қаз.)
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
01.11.2005
Көрсетілген редакция
04.10.2011 25810_200667.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05T0002449
ЭКБ идентификаторы
25810
Редакция идентификаторы
25810_200667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:15

0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа алып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.

2 2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жайлар белгілесін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

4 Облыс әкімиятының

2005 жылғы 1»қарашадағы
N 308 қаулысымен бекітілген
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақтыүй-жайларда бөлшек саудада сату ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-І "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2 тармағы (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй жайларда бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.

2 2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.

3 3. Заңның 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.

2 2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату

4 4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.

5 5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"»Заңның 14-бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.

6 6. Тұрақты үй жайлар Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының  қаулыларымен белгіленеді.

7 7. Көрсетілген баспа басылымдарын:

1 1) он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға;

2 2) балалар мекемелерінде және оқу орындары мен оған 150 метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;

3 3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;

4 4) Қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.

3 3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік

8 8. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Қолданыстағы