Об утверждении Правил благоустройства и санитарной очистки территорий населенных пунктов Егиндыкольского района Қолданыста
Басқа 0
Егіндікөл ауданының елді мекендерінің аумағын көркейту және санитарлық тазалау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 3-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасының негізінде, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Беріліп отырған Егіндікөл ауданының елді мекендерінің аумағын көркейту және санитарлық тазалау Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 3
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2005 жылғы 2 қарашадағы № С24-2
шешімімен бекітілді
Егіндікөл ауданының елді мекендерінің аумағын көркейту және санитарлық тазалау ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Су туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Құрылыс, қалалық құрылыс және сәулет қызметтері туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді. Осы Ережелермен Егіндікөл ауданының әкімшілік аумағында ауданды бірыңғай көркейту тәртібі, нормативтік санитарлық жағдайлар және жас көшеттерді қорғауды қамтамасыз ету белгіленеді, барлық заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктемелер, анықтамалар және қысқартулар
1. Негізгі түсініктемелер, анықтамалар және қысқартулар
Тармақ 1
1. Осы Ережелердегі қолданылған түсініктемелер, анықтаулар және қысқартулар төмендегіні білдіреді:
өкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде көркейтумен байланысты қатынасты реттеу саласында өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 2
2. Аумақтарды көркейту - ауылдың әкімшілік аумағында адамның ыңғайлы, жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін жұмыс және элементтер кешені.
Тармақ 3
3. Инженерлік жүйе және құрылыс - халықты және мекемелерді жылумен, сумен, электрлік жүйесімен, және де ауыл аумағының үстіндегі суларын бұрып жіберу және жинақтауды қамтамасыз етуге арналған инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
Тармақ 4
4. Жас көшеттер - санитарлық-гигиеналық жағдайды және көркейту деңгейі мен сәулетті-ландшафттық (көгалдар, гүлденген жерлер, ағаштар, көшеттер) рәсімдеуді жоғарылатуды қамтамасыз ететін жоспарлау шешімінің элементтері.
Тармақ 5
5. Санитарлық тазалау - жинақтау, жою және зиянсыздандыру, пайдаға асыру және қалдықтарды көму жүйесі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар - бұл көпшілік және тұрғын ғимараттарда пайда болатын тұрмыстық қоқыс, осының ішінде пәтерлердің ағымдық жөндеулерінен қалған қалдықтары, жергілікті жылытудағы жылу жүйесі құрылғыларының қалдықтары, күл, көмір жыныстары, үйлердің аумақтарынан және тротуарлардан жиналған сыпырынды, үй-іші тұрмысында ұсталынатын үлкен заттар;
Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияландырылмаған үйлердің қалдықтары;
Қалдықтарды (жою) шығару - қатты тұрмыстық қалдықтарды, қи-қоқыс қалдықтарды сақтайтын жерге көлікпен шығару (бұдан әрі- ТҚШ);
Қалдықтарды көму - әрі қарай пайдалануға жатпайтын қалдықтарды қоршаған табиғи ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында, белгіленген жерлерде (полигон) бөлек ұстау.
Тармақ 6
6. Полигон - қалдықтарды жинақтауға және көмуге арналған, жергілікті атқару органының жергілікті санитарлық қадағалау және ауданның мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау инспекциясының келісім бойынша қабылданған қаулысымен анықталған, жалпы пайдалануға арналған жер.
Тармақ 7
7. Жер жұмыстары - аумақтарды қазумен байланысты жұмыстар, су жинауға қазылған шұңқырларды өңдеу, қайтадан жабу, үйіндіні қайта салу жұмыстары.
Тармақ 8
8. Жерді пайдаланушы - ауданның әкімшілік аумағында меншіктің түріне және мақсаттарына қарамай (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалдаушылар және басқалары) жерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 9
9. Үй иесі - жеке меншігінде салынған үйі немесе оның бөлігі (бірге иемдену) бар заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 10
10. Бөліп берілген аумақ - нысандарын орналастыру үшін (ғимараттарды, құрылыстарды, көлік магистральдарын және басқаларды) ауылдық округ және ауыл әкімінің шешіміне сәйкес жер пайдаланушыға меншікке немесе пайдалануға берілген жер телімі.
Тармақ 11
11. Бекітілген аумақ - бөліп берілген аумаққа жататын, оған қызмет көрсетуге пайдаланылатын, заңды немесе жеке тұлғаға күтім және қызмет көрсетуге белгіленген жер телімі.
Аудан шектеуінде бекітілген аумақтарға келесі аумақтар жатады:
Тармақша 1
1) көшелердің аумақтары (жаяу жолдар, көгалдар және көркейтудің басқа элементтері);
Тармақша 2
2) кондоминиуммен және бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болғанда берілмеген аула ішіндегі аумақ. Бекітілген аумақ тең бөлінген аумақтың шеқарасына сай немесе екі жақтың келісімі бойынша анықталады;
Тармақша 3
3) берілген аумақтың периметрі бойынша 15 метр аралығында аумақ, ал көше жағынан - көшнің «қызыл сызығынан» алыс емес.
Тармақ 12
12. Көше - көлік жүретін жер, жаяу жолдар, жасыл көгалдар, аялдамалар, жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік жүйелері орналасқан аумақ.
Тармақ 13
13. Қоғамдық орындар - көпшілік пайдаланатын демалыс аумақтары (саябақтар, жаға жайлар, және алаңдар).
Тармақ 14
14. Құрылыс жасалмаған аумақтар - жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үстіндегі және астындағы құрылыс жоқ аумақ.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 15
15. Егіндікол ауданының аумағын көркейту және санитарлық тазалаудың осы Ережелері (әрі қарай - Ережелер) қоршаған ортаны толыққанды құру және қолдаудың кешенді іс-шараларының өткізілу тәртібін анықтайды, көркейту нысандары мен элементтері жағдайларына сәулеттік, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарын анықтайды.
Тармақ 16
16. Осы ережелер аудан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық меншік түріне қатысты жеке немесе заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.
Тармақ 17
17. Ережелер ауданды көркейту жұмысын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық меншік түріндегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін және осы ережелерді орындамағандары үшін жауапкершілік мәселелерін қамтитын нормативтік құжат болып табылады.
Тармақ 18
18. Меншік түріне қарамай ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар осы Ережелерді орындауға міндетті.
Тармақ 19
19. Көркейту нысандары мен элементтерінің, инженерлік инфрақұрылымының сақталуын қадағалау тиісті өкілетті органдармен жүзеге асыралады.
Тармақ 20
20. Заңды тұлғалар, тұрғын үй иелері, сонымен катар меншік иелері және тұрғын құрылыстардағы тұрғын емес жайлардың қосылып салынған жалдаушылары тұрғын үй қорының техникалық пайдалануын және күтіп ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.
Кәсіпорындар, мекемелер, үй құрылысының иелері және олардың жалдаушыларының міндеттері:
Тармақша 1
1) шаруашылық және тұрмыстық құрылыстар мен ғимараттарды, олардың сыртқы түрлерін тиісті жағдайларда ұстау және уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізу, техникалық түзу қалпында ұстауға тиісті. Ауданның елді мекендерінің жоспарлық құрылымы және сәулеттік бейнесін қалыптастыру мақсатында ғимараттардың алдын және қоршалауларын жөндеуді, қала құрылысы және құрылысы органдармен келісу;
Тармақша 2
2) ғимараттардың кірісінде көшелік фонарі, хабарлама қалқаны, және қоқыс жинайтын ыдыс болуға тиіс;
Тармақша 3
3) көп пәтерлік үй подъездерінің есіктерінде пәтерлер нөмірлері көрсетілген тақтайшалар болуға тиіс;
Тармақша 4
4) төбенің есіктеріне және жер қабаттарына құлып салып ұстау және жер қабаттарының терезелерінің жартысын желдету үшін жыл бойы ашып қою;
Тармақша 5
5) аулалардағы, подъездердегі және саты алаңдарындағы электр жарығының жөндеулі жағдайда болуы;
Тармақша 6
6) су құбырын, канализациялық, жылыту жүйелерін жөндеулі түрде ұстау және жер қабаттары жайларын су басуын болдырмау;
Тармақша 7
7) ғимараттарға кіретін есіктерді жөндеулі түрде ұстау;
Тармақша 8
8) құрылыс-кұрастыру жұмыстарының барлық түрлерін кұрылыс нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізу;
Тармақша 9
9) құрылыс жұмыстарын немесе үйлерді, шаруашылық құрылыстарын бұзу жұмыстарын жүргізгенде, қазылған жерлерді, құрылыс алаңдарының орындарын мерзімінде тәртіпке келтіру, шаруашылық жұмыстары, құрылыс және қызметтік ғимараттар мен тұрғын үйлердің жөндеуі процесінде пайда болған қоқыстарды жұмыс өндірушілердің, пәтер иелерінің, тұрғын үй иелерінің, жалдаушылардың күшімен және қаражатымен қалдықтарды сақтайтын жерге шығару;
Тармақша 10
10) өндірістік, қызметтік және тұрғын үй ғимараттарына кірме жолдарды жөндеулі түрде және бос ұстау;
Тармақша 11
11) канализация жүйесіне қосылмаған қызметтік ғимараттар мен тұрғын үй аулаларында айналасына асфальт немесе қатты зат төселген дәретханалар және жуынды тастайтын су өткізбейтін қазылған шұңқырлар мен ауа сорғыштар болуы тиіс, сұйық қоқыстарды шығару туралы келісім-шарт немесе басқа да растайтын құжаттар болуға тиіс;
Тармақша 12
12) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншіктік пәтерлік кооперавтивтері және үйдің ортақ иелері, жеке тұрғын иелері бекітілген аумақты және оған жататын учаскені уақытында көгалдандырып отыруға, уақытылы және әрдайым арам шөптерін жоюға тиіс;
Тармақша 13
13) уақытша орналастыруға және күрделі ғимараттар салуға негізгі рұқсат ететін құжат болып, ауылдық округ және ауыл әкімінің осы нысанды салуға (орналастыруға) жер телімін беру туралы шешімдері, немесе тапсырыс берушіге меншік немесе жерді пайдаланушы құқығында берілген жер телімін осы мақсатқа, пайдалануға берілген рұқсат танылады;
Тармақша 14
14) дүңгіршектердің, әкімшілік ғимараттардың, қоғамдық және мәдени орталықтардың, жанар-жағар май құю станцияларының түрлі-түсті безендірілуі, ғимараттардың алдыңғы жақтарындағы түрлі-түсті жарықтар талаптарға сай және қазіргі заманғы жарық техникасын пайдаланып орындалуға тиіс;
Тармақша 15
15) келісілген ауданның бас жоспарына сәйкес, жанар-жағар май құю станцияларында (әрі қарай-ЖЖС) (жол белгілері, таңбалар, жарнама қондырғылары, қоршаулар), ЖЖС алаңдары ағынды су жағындағы дренаждық ыдысқа немесе өндіріс-жауындық канализациясы жағына еңіске қарай орналасуға, топырақты қорғау және суатты жерлердің мұнай өнімдерінен ластануынан кешенді шаралар колдануға тиіс;
Тармақша 16
16) ЖЖС иелері өз аумақтарындағы қоқыстарды жинайды және шығарады, суғарларды тазалайды;
Тармақша 17
17) меншік түріне қарамай, кәсіпорындар мен ұйымдар, жеке үй иелері сәулеттік және санитарлық талаптарға сай, өз қаражаты есебінен бөлінген шеқарада 4 және бекітілген аумақта жүйелі түрде келесі жұмыстарды орындауға міндетті: аула аумағын жинау - күнделікті және кезең мен табиғи жағдайларға байланысты, жаяу жолдарға су шашу және құм төсеу, қажеттілігіне қарай қар мен қоқыс шығару, су жиналу орындары мен дренаждарды тазалау.
Тармақ 21
21. Ауданның елді мекендерінің көшелерінде келесі жағдайларда тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қоқысты осы мақсатқа белгіленбеген жерге шығаруға;
Тармақша 2
2) көшеттерді сындыру және бұзуға;
Тармақша 3
3) көшелерді, жолдар және жол құрылыстарын, белгілерді, жол қозғалысын ұйымдастыру және реттеу құралдарын, көшеттерді және басқа жолдың көркін, бұзуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік стандарттымен белгіленген, жалпы өлшемі, салмақтары және белағаштарына жүктелген жүктеме нормасынан артық көлік құралдарының көше және көлік жүретін жолдарда жүруіне;
Тармақша 5
5) көшелердің, жолдардың жүретін жағын ластауға;
Тармақша 6
6) көше және жолдарды, жол құрылыстарын қандайда бір құрылыс заттарымен, көліктермен және шаруашылық техникасымен қоршауға немесе жолды жабуға;
Тармақша 7
7) көшеге жүретін жағына және жолға ағынды және канализациялық суларды жіберуге;
Тармақша 8
8) қыс уақытында көшелерді мұздан тазарту үшін, айрықша жағдайлардан басқа уақытта жыланбауырлы көлікпен жүруге;
Тармақша 9
9) жанатын және жағатын материалдарды құйып беру, көлік құралдарын жөндеу және майлау, жүктерді арту, түсіру, алып салу және бекіту, машиналарды тазалау және жууға;
Тармақша 10
10) келісімсіз жол бетінің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізуге, жарнамаларды, плакаттарды, маңдайшадағы жазуларды және хабарландыруларды орнату жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 11
11) гүлбақтар, саябақтар, жағажайларда және көпшілік демалатын басқа да жерлерде итпен серуенге шығуға, мал бағуға;
Тармақша 12
12) жеке үй иелігіндегі аумақтан басқа аулаларда, су айдындарында, су құбыры колонкаларының жанында автомашиналарды, тракторларды, мотоциклдарды, велосипедтерді және басқа да көлік құралдарын, кілемдік бұйымдарды жууға;
Тармақша 13
13) сауда-саттық жасап болғаннан кейін көшеде, жаяу жолдарда, алаңдарда, сауда тақтайларын, ыдыстарды, жәшіктерді, бөшкелерді, козғалатын сауда жабдықтарын калдыруға;
Тармақша 14
14) жаз айларында әрқашан тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында, әр аптаның жұма күні бірыңғай санитарлық күн болып белгіленеді, меншіктің түріне қарамай ұйымдар мен мекемелердің ұжымдары және жеке үй иелері міндетті түрде қатысып, бөлінген және бекітілген аумақты жинауға тиісті;
Тармақша 15
15) меншіктің түріне қарамай ұйымдар мен мекемелер, жеке үй иелері сәулеттік және санитарлық талаптарға сай, өз қаражаты есебінен әрқашан өзіне бөлінген және бекітілген аумақта келесі жұмыстарды орындауға тиіс: аула аумағын жинау - күнделікті және ауа-райының жағдайларымен жыл мезгілдеріне қарай, жаяу жолдарды құммен себу және су кұю, қажеттілігіне қарай қар мен қоқыстарды шығару, су құйылатын жерлерді және дренаждарды тазалау.
Тарау 3. 3. Аудан аумағын жинау тәртібі
3. Аудан аумағын жинау тәртібі
Тармақ 22
22. Бөліп берілген және бекітілген жерлердегі көшелерді, алаңдарды, жаяу жолдарды тазалау кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдармен және жеке тұрғын үй құрылыстары иелерімен бөліп берілген және бекітілген аумақ шектеуінде: ұзындығы - ғимараттың немесе учаскенің ұзындығы бойымен (жалпы құрылыс болмаған жағдайларда 15 метр қосылады), ені - көшенің, ауланың ортасына дейін жүргізіледі. Көшенің қарама-қарсы жағында (алаңда) құрылыс болмаса, онда кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдарға бекітілген аумақ көшенің немесе ауланың енімен анықталады.
Тармақ 23
23. Трансформаторлық және таратушы станцияға, автоматты тәртіпте (қызмет көрсетуші персоналсыз) жұмыс істейтін басқа да инженерлік құрылыстарға, сондай-ақ электр жеткізуші желілер тірегіне жататын аумақты жинауды осы нысандардың иелері жүргізеді.
Тармақ 24
24. Ғимараттардың иелері немесе жалдаушы заңды немесе жеке тұлғалар белгіленген аумақты жинауды өз қаражаты есебінен, өз күшімен жүргізеді.
Тармақ 25
25. Бұзуға аралған барлық ғимараттар қоршалуға тиіс, оған жататын аумақ 15 метр көлемінде иелерімен жиналуға тиіс. Жұмыс аяқталған соң міндетті түрде тегістеу жүргізу қажет. Ғимаратты бұзу шартта белгіленген мерзімде жүргізілуі тиіс, құрылыстық қоқыстар ғимарат бұзылған соң, қоқыс жинайтын жерге шығарылады (қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны).
Тармақ 26
26. Автобус аялдамалары мен автокөлік тұрақтарының аумақтарын жинау осы аумақ бекітілген кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жүктеледі. Аумақты жинау және қалыпты жағдайда ұстау олардың аумағынан иелерімен 15 метр радиуста жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Автобус аялдамаларын радиусы 15 метр аумақта қоқыс пен қардан тазалау осы нысандар олардың мүліктік кешеніне қарайтын кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға жүктеледі.
Тармақ 28
28. ЖЖС аумағын жинауды, таза ұстауды, кіретін және шығатын жолдарды, оған жататын (жүретін жолдарды да) аумақты жинауды аталған нысандардың иелері жүргізеді.
Тармақ 29
29. Меншіктерінде сауда нүктелері және өзге де халыққа қызмет көрсету пункттері бар заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ осы ғимараттарды жалдаушылар күні бойы таза ұстауға және жұмыс күні аяқталған соң, оған жататын кұрылыстан көшенің жүретін бөлігіне дейінгі радиусы 15 метр аумақты қоқыстан және кірден өз күштеріне сәйкес тазартуға міндетті. Жақын маңайдағы көгалдарда, дүңгіршектердің төбелерінде және басқа сауда нысандарында ыдыстарды жинауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 30
30. Су беру колонкаларының радиусы 15 метр аумағын жинау меншік түріне қарамай, оларға қызмет көрсететін кәсіпорындармен жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Су беру колонкаларының маңында, көпшілік дем алатын орындарда, тұрғын үйлердің подъездерінде көлік құралдарын жууға, тазалауға және жөндеу жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Су айдынының жағалауына жататын аумақты жинау осы аумақ бекітілген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Барлық алаңдар мен көшелерде, саябақтарда, базарларда, аялдамаларда және басқа да коғамдық орындарда бір бірінен 100 метр аралықта жеткілікті мөлшерде қоқыс салатын ыдыстар қойылуы тиіс. Қоқыс салатын ыдыстар екеуден кем болмауы тиіс. Қоқыс салатын ыдыстар белгіленген және тазартуға ыңғайлы болуға тиіс.
Тармақ 34
34. Аумақтары оқшауланған нысандарда (базарларда, емдеу мекемелерінде) санитарлық қызметтің келісімінсіз санитарлық қондырғылар салуға және қайта жабдықтауға, қоқыстар жинауға, автокөлік жууға, ыдыстар мен ағаштарды осы мақсатқа арналмаған жерлерде сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 35
35. Жапырақтар түсетін уақытта түскен жапырақтарды көшенің жол жүретін бөлігіне, жаяу жолдар мен көгалдарға желмен ұшырып апаратын жерлерден жинау кажет. Тұрғын үй құрылысы аумағында, гүл бақтары мен саябақтарда жапырақтарды өртеуге тыйым салынады.
Тармақ 36
36. Төбені қардан тазалау және ернеудегі, төбедегі және су ағатын трубалардағы қалың қарларды тазалау ғимараттар мен құрылыстардың иелерінің күштері және құралдарымен, сақтық шаралары сақтала отырып, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Тармақ 37
37. Ғимарат төбесін қардан тазалау, мұзға айналған қардан тазалау, көше жақтағы қарларды жаяу жолдарға түсіруге тәуліктің жарық уақытында ғана рұқсат етіледі, ал қалған қарлар ауланың ішкі аумағына түсіріледі. Қарды жаяу жолдар мен көшенің жүретін жолдарына лақтыруға жол берілмейді.
Тармақ 38
38. Ауланың аумағынан жиналған қарларды ауланың автокөлік пен жүргіншілердің жүруіне кедергі келтірмейтін жеріне жинауға рұқсат етіледі.
Тармақ 39
39. Қоқыс жинайтын ыдыстар толуына қарай тазаланады және қысқы уакытта айына кемінде бір рет, жазғы уақытта аптасына бір рет зиянсыздандырады. Қоқыс салатын ыдыстарды бөлінген және бекітілген аумақта таза ұстауға жерді пайдаланушылар жауапты.
Тармақ 40
40. Базар аумағының (оның ішінде шаруашылық, базарлық алаңдар) жерінің беті қатты болуға, жаңбыр және еріген қар суы ағу үшін су құбыры жаққа қарай еңіс болуы тиіс.
Қоғамдық дәретханалар мен қоқыс жинайтын ыдыстар сауда орындарынан кемінде 25 метр аралықта орнатылады.
Тармақ 41
41. Гараждар, шаруашылық сарайларын, жертөлелер және өсімдіктері бар бекітілген аумақты жинау және күтіп ұстау меншік иелері немесе қоғамдык ұйымдармен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару тәртібі
4. Қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару тәртібі
Тармақ 42
42. Жинау және шығарудың жинақталған жүйесінің жоспарларын ұйымдастырған кезде, беті қатты кабатпен жабылған арнаулы алаңдарда 50-100 адамға арналған қоқыс жинайтын ыдыстар орнатылады. Алаңның мөлшері орнатылатын кажетті қоқыс жинайтын ыдыстар санына есептелуі тиіс, бірақ 5 данадан артық емес. Қоқыс жинайтын ыдыс пен алаң шетіне дейінгі аралық кемінде 1 метр болуы тиіс. Қоқыс жинайтын алаң мен оған жататын аумақты таза ұстауға ғимаратты немесе тұрғын үй қорын пайдаланатын кәсіпорын, ұйым жауап берді.
Тармақ 43
43. Шартта анықталған қатты тұрмыстык қалдықтарды жинау және шығару жүйесі, қатты тұрмыстық қалдықтарды аумақтан, жинақтайтын нысандардан үнемі шартта белгіленген кезеңдерде шығарып отыруды қарастыруға тиіс:
Тармақша 1
1) аз қабатты құрылыс үйлері үшін - қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде 1 рет;
Тармақша 2
2) коғамдық және мәдени мақсаттағы нысандар үшін - қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде 2 рет;
Тармақша 3
3) қатты тұрмыстық қалдық жинау нормасы бір адамға тәулігіне 0,7 келіден 1,2 келіге дейін.
Тармақ 44
44. Пәтер жалдаушылар және жеке меншік құқығында үйлері бар азаматтардың міндеттері:
Тармақша 1
1) тұрмыстық қоқыстарды жинауға арналған ыдысты таза күйінде және қақапағын тығыз жауып ұстау;
Тармақша 2
2) ауладағы дәретханалар мен қазылған орларға баратын жолдарды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) көп пәтерлі үйлерден және жеке үйлерден, жалға берілген ғимараттардан қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды, қатты және сұйық қоқыстарды азаматтардың өздері немесе осы мақсатқа арналған арнаулы техникасы мен механизмы бар жеке тұлғалармен немесе кәсіпорындармен келісім бойынша шығару.
Тармақ 45
45. Қоқыс жинайтын ыдыстардың және ауланың аумағының жағдайына үй иелері жауапты.
Тармақ 46
46. Жекелеген жағдайларда қоқысты және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қоқысты қолмен артуға кайта жабдықталған автоколікпен жүргізіледі.
Қоқыс салатын жәшіктерді, қоқыс жинайтын бақтарды, контейнерлерді, барлық меншік түріндегі кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, жеке үйлердегі қазылған шұңкырларды залалсыздандыру үй кұрылысы иелеріне жүктеледі.
Тармақ 47
47. Жол - жөндеу жұмыстары кезіндегі асфальт қалдықтарын шығару жұмысты жүргізген ұйыммен жүргізіледі, ауылдың негізгі көшелерінде - кешіктірмей, ал басқа көшелер мен аулаларда - бір тәуліктің ішінде шығарылады.
Тарау 5. 5. Аудан аумағында жол бетінің, жаяу жолдар, көгалдар және басқа нысандардың бұзылуымен банланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі
5. Аудан аумағында жол бетінің, жаяу жолдар, көгалдар және басқа нысандардың бұзылуымен банланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі
Тармақ 48
48. Заңды немесе жеке тұлғалар аудан аумағында жердің жұмыстарын, немесе басқа да жолдың бетін, жаяу жолдарды, көгалдарды және басқа да нысандарды, шаруашылық элементтерді бұзумен байланысты жұмыстарды тек қала құрылысы, кұрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген жазбаша рұқсатпен (ордер) жүргізе алады.
Тармақ 49
49. Қажетті сақтық шараларын қолдану және инженерлік жүйе мен құрылыстың зақымдалғанын ескерту үшін жұмысты орындаушы жұмыстың басталуына кемінде бір тәулік қалғанда жұмыс орнына мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруға, олармен бірлесіп колданыстағы жүйелер мен құрылыстың нақты орналасуын белгілеуге және олардың толық сақталуына шаралар колдануға міндетті.
Тармақ 50
50. Аумақты ескі және жарамсыз құрылыстардан тазарту жұмыстарына осы нысандар мен кұрылыстардың құжаттарын қолданыстағы заңдарға сәйкес заңды рәсімдеген соң кіріседі.
Тармақ 51
51. Құрылысты бұзу және тазалау жұмыстары аяқталған соң, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) ҚТҚ полигонына шығарылады, ал учаске тегістелуге тиіс.
Тарау 6. 6. Аумақты көркейту және тұрғын үй ғимараттарында орналасқан сауда кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету пункттерінің алдын безендіру
6. Аумақты көркейту және тұрғын үй ғимараттарында орналасқан сауда кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету пункттерінің алдын безендіру
Тармақ 52
52. Тұрғын үй, әкімшілік және басқа ғимараттар мен оларға жататын аумақтың сәулеттік келбетін сақтау және жақсарту үшін, оларда орналасқан сауда кәсіпорындары, халыққа қызмет көрсету пункттері, офистер мен басқа да нысандардың иелері - барлық меншік түріндегі заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, олардың әзірлеген, ауданның қала құрылысы және кұрылыс бөлімімен келісілген жобалары бойынша ғимараттың алдын безендіру және оған жататын аумақты көркейту жөніндегі іс-шаралар кешенін орындауға тиісті.
Тармақ 53
53. Іс-шаралар кешеніне жобада қарастырылған көлемдегі келесі жұмыстарды орындау жатады:
Тармақша 1
1) ғимараттың алдыңғы жағын өңдеу (сырлау, ғимараттың сәулеттік келбетін толық сақтауды қамтамасыз ете отырып, әр түрлі материалдар мен басқаларды желімдеу);
Тармақша 2
2) ғимараттың жалпы стиліне сәйкес келетін қалқанды ернеулер орнату;
Тармақша 3
3) аумақты көркейту жұмыстарын орындау, оған жаяу жолдар, кіру және автомашиналар қою алаңдарын салу, көгалдар, өсімдіктер егу жұмыстары кіреді;
Тармақша 4
4) көркейту элементтерін орнату - орындықтар, қоқыс төгетін ыдыстар, қоршаулар, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағында балалардың ойын алаңдарын орнату;
Тармақша 5
5) ғимарат аумағына жататын және көшенің автожолдар өтетін ортасына дейінгі жерді жарықтандыруға жететін сыртқы жарық (жарықтық жарнама) орнату;
Тармақша 6
6) әдемі орындалған, мейлінше кажетті аз ақпарты бар жалпы стильдегі маңдайша жазулар орнату.
Тармақ 54
54. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген бөлінген аумақтарды, құрылыс бұзылғаннан кейінгі аумақты жинау және күтіп ұстауды осы аумақ бекітілген жерді пайдаланушылар немесе тапсырыс берушілер жүргізеді.
Тармақ 55
55. Заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген және ғимараттарға құрылыстарға және басқа да нысандарға жатпайтын, пайдаланылмайтын және бөлінбеген аумақты жинау және күтіп ұстау бөлінген қаржыландыру шектеуінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Елді мекендер аумақтарын санитарлық күтіп ұстау үшін жауапкершілік
7. Елді мекендер аумақтарын санитарлық күтіп ұстау үшін жауапкершілік
Тармақ 56
56. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, денсаулық сақтау, елді мекендердегі көшелерді, аулаларды және өзге де аумақтарды күтіп ұстаудың санитарлық ережелерін сақтауды, сондай-ақ қоғамдық қолданыстағы орындарды қадағалау милиция органдарының санитарлық қадағалау және ауданның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекциясының бірлесуімен жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) ұйымдардың күшімен жиналуға жататын аумақтарды бекітеді;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны сақтау және оны ластанудан қорғау, табиғи байлықтарды сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірлейді;
Тармақша 3
3) халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және іс-шараларды орындау үшін ұйымдастырады;
Тарау 8. 8. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
8. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 58
58. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған санкциялар колданылады.
Тармақ 59
59. Осы Ережелердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республиксының қолданыстағы заңдарына сәйкес, өз құзыры шектеуінде бақылаушы және өкілетті органдар жүзеге асырады.