Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил списания воздушного судна

Бұйрық · № 221 · қабылданған 18.10.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25854/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил списания воздушного судна Күшін жойған Бұйрық ·№ 221 ·18.10.2005
09.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил списания воздушного судна

Күшін жойған Бұйрық ·№ 221 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил списания воздушного судна
Атауы (қаз.)
Әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
221
Қабылданған күні
18.10.2005
Көрсетілген редакция
09.03.2011 AI25854_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003930_
ЭКБ идентификаторы
25854
Редакция идентификаторы
AI25854_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:18

0 Әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекіту туралы

"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ереженің 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін есептен шығару ережесі бекітілсін.

2 2. Ұшу жарамдылығы нормаларын қамтамасыз ету бөлімі (Д.М.Серікбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Әуе кемелерін есептен шығару ережесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2005 жылғы 18 қазандағы
N 221 бұйрығымен бекітілген
Әуе кемелерін есептен шығару ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Әуе кемелерін есептен шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже азаматтық әуе кемелерін және басқа да авиациялық техниканы есептен шығару тәртібін реттейді, авиациялық техниканы есептен шығару үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.

3

3. Есептен шығаруға тағайындалған ресурсы біткен немесе табиғи тозу, апат, авария, жөндеуге келмейтін конструкциялық-өндірістік кемшіліктер анықталу, жойылу, жоғалу (іздеу жұмыстары тоқтатылғанда), мәжбүрлікпен қонған жерден эвакуациялау мүмкіндігі болмау, жөндеу мен қалпына келтіру орынсыз болу салдарынан жарамсыз болған мынадай азаматтық авиациялық техника:

1 1) әуе кемелері;

2 2) авиациялық қозғалтқыштар;

3 3) планерлер (экипажды, жолаушыларды, жүк пен жабдықты орналастыруға арналған ұшақ корпусы, оған қанат, қозғалтқыштар бекітіледі);

4 4) ұшу-қону құрылғылары (ұшақтың ұшуын жақсартуға және қонғаннан кейінгі тежеуішті қамтамасыз етуге арналған жалғасқанатшалар, тежеуіш қалқаншалар);

5 5) жинақтаушы бұйымдар (орнатылған кез келген құралдар, жабдық, стандарттық бөлшектер және әуе кемесінің ұшуын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын басқа да жинақтаушы бұйымдар) және агрегаттар;

6 6) әуе кемелері тренажерлары есептен шығаруға жатады.

4 4. Авиациялық техниканы есептен шығару меншік нысанына қарамастан пайдаланушының басшысы бекітетін немесе әуе кемелері меншік иесінің авиациялық техниканы есептен шығару туралы актінің (Ережеге 1-қосымша ) негізінде жүргізіледі.

5 5. Әуе кемесінен, авиациялық қозғалтқыштан алынған және қалпына келтіру жөндеуінен кейін қалпына келтіруге жататын жинақтаушы бұйымдар, бөлшектер, агрегаттар консервацияланады және одан әрі пайдаланылады.

6 6. Қалпына келтіруге жарамайтын бөлшектер, агрегаттар және жинақтаушы бұйымдар бөлшектендіріледі және есептен шығарылады. Бұл ретте осы бұйымдардың пайдаланымдағы әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштарда пайдалануға рұқсат берілмейді.

2 2. Авиациялық техниканы есептен шығару және құжаттама ресімдеу тәртібі

7

7. Пайдаланушының басшысы немесе әуе кемесінің меншік иесі құратын авиациялық техниканы есептен шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жасаған Авиациялық техниканы есептен шығару актісі немесе авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия есебі авиациялық техниканы есептен шығаруға бастапқы құжат болып табылады.

8 8. Комиссия мынадай құрамда құрылады:

әуе кемесін пайдаланушының басшысы немесе бас инженері;
бөлімше бастығы (техникалық қызмет, техникалық қызмет көрсету жөніндегі цех);
өндірістік-диспетчерлік бөлімнің өкілі;
техникалық бақылау бөлімінің өкілі;
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің өкілі;
қаржы қызметінің өкілі.
Жөндеу зауытындағы авиациялық техниканы есептен шығару актісін ресімдеу кезінде комиссия құрамына авиациялық техника меншік иесінің өкілі немесе оның сенімді тұлғасы енгізіледі.

9 9. Комиссия:

1 1) есептен шығаруға жататын объектіге тексеру жүргізеді, пайдалану, техникалық құжаттаманы (формулярлар, паспорттар, этикеткалар) зерделейді, объектінің қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды;

2 2) осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген объектіні есептен шығару себептерін анықтайды;

3 3) есептен шығарылатын объектінің жинақтаушы бұйымдарын, құралдарын, бөлшектерін одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

10

10. Есептен шығарылған авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарын пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін Комиссия олардың техникалық жай-күйіне талдау және пайдалану құжаттамасына (формулярлар, паспорттар, этикеткалар) талдау жүргізеді. Қажет болғанда жинақтаушы бұйымдардың (әсіресе қымбат бағалыларын) техникалық жай-күйін бағалауды нақтылау үшін олардың бөлшектеніп зертханаға немесе жасаушы кәсіпорынға (уағдаластық бойынша) жіберілуі мүмкін.

11 11. Талдау негізінде әуе кемесінің, авиақозғалтқыштың жинақтаушы бұйымдардың техникалық жай-күйін бағалау ведомосі жасалады (Ережеге 2-қосымша ), ол авиациялық техниканы есептен шығару актісіне қоса беріледі.

12

12. Авиациялық техниканы есептен шығару актісінде авиациялық техниканы сипаттайтын деректер көрсетіледі: үлгісі, тану белгісі, зауыт нөмірі, шыққан күні, пайдалану күнінен бастап және соңғы жөндеуден кейінгі істеген жұмысы (ұшу сағаттарында, қонуда, ұшуға жіберілгенде немесе циклдарда), жөндеу жұмыстары саны, бастапқы құны (қайта бағаланғандар үшін - қалпына келтіру), бухгалтерлік есептің деректері бойынша амортизациялық аударымдар сомасы, авария, пайдалану шарттарын бұзу, табиғи апатқа байланысты есептен шығару кезіндегі шығынның мөлшері. Техникалық жай-күйді талдау есептен шығару объектісін тексерудің нәтижесін көрсету, оған толық сипаттама және қалпына келтіру орындылығының немесе мүмкіндігі жоқтығының негіздемесін беру тиіс.

13

13. Әуе кемесін немесе авиациялық қозғалтқышты есептен шығару кезінде авиациялық техниканы есептен шығару актісі мен жинақтаушы бұйымдардың техникалық жай-күйін бағалау ведомосі үш данада жасалады. Бірінші данасы пайдаланушыда немесе авиациялық техниканың меншік иесінде қалады, екінші және үшінші даналары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне жіберіледі.

14 14. Мерзімінен бұрын тозу, пайдалану шарттарының бұзылуы, зақымдану салдарынан авиациялық техниканы есептен шығару кезінде авиациялық техниканы есептен шығару актісіне комиссияның қарау материалдары қоса беріледі.

15 15. Комиссия қол қойған авиациялық техниканы есептен шығару актісі және әуе кемесінің, авиақозғалтқыштың жинақтаушы бұйымдарының техникалық жай-күйін бағалау ведомосі пайдаланушының басшысына немесе авиациялық техниканың меншік иесіне бекітуге беріледі.

16

16. Комиссия қол қойған және пайдаланушының басшысы немесе авиациялық техниканың меншік иесі бекіткен авиациялық техниканы есептен шығару актісі, әуе кемесі жинақтаушы бұйымдарының, агрегаттарының, бөлшектерінің техникалық жай-күйін бағалау ведомосі Әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәліктің түпнұсқаларымен бірге Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне жіберіледі.

17 17. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұсынылған құжаттардың негізінде авиациялық техниканы есептен шығаруға шешім қабылдайды, ол туралы пайдаланушыны немесе осы авиациялық техниканың меншік иесін хабардар етеді.

18

18. Әуе кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мемлекеттік тізілімінен шығарғаннан кейін пайдаланушы немесе авиациялық техниканың меншік иесі авиациялық техниканы есептен шығаруға арналған рұқсатты, Әуе кемесін тіркеу туралы куәлікті және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәлікті жою туралы құжаттарды алып, авиациялық техниканы бөлшектеу мен ұшуға жарамсыз жай-күйге келтіруге кіріседі, техникалық құжаттама жойылады.

1 Авиациялық техниканы (әуе кемесін) есептен шығару АКТІСІ

Азаматтық авиациялық техниканы
есептен шығару ережесіне
1-қосымша
"Бекітемін"
________________________
Пайдаланушының
(меншік иесінің) басшысы
20 ___ жылғы " ___ "__________
Авиациялық техниканы (әуе кемесін) есептен шығару АКТІСІ
Біз, 200 __ жылғы " __ " __________ N ___ бұйрықтың негізінде,
үлгісі _______, тану белгісі __________, зауыттық нөмірі __________,
зауыттан шығарылған күні ____ жыл " __ " __________, зауыттан шыққан
күнінен бастап _____ сағ., _____ мин., қону саны __________________,
қозғалтқышты қосу (циклдар) саны ____, жөндеу саны ________________,
соңғы жөндеуден кейін _____ сағ. ____ мин., қону саны _____________,
қозғалтқышты қосу (циклдар) саны ____, мынадай себептермен:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
жарамсыздық қалыпқа келген, есептен шығару туралы шешім қабылдау
үшін тағайындалған, төменде қол қойған мынадай құрамдағы комиссия
____________________________________________________________________
Төрағасы ___________________________________________________________
және мүшелері ______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Әуе кемесінің бастапқы құны (қайта бағаланғандар үшін - қалпына
келтіру құны) _______________________________________________ теңге.
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша амортизациялық аударымдар
сомасы ______________________________________________________ теңге.
Қалдық құны ________ теңге. Шығын мөлшері (авария салдарынан есептен
шығару, пайдалану шарттары бұзылу, зілзала жағдайында), қалдық
құнынан басқа _______________________________________________ теңге.
Техникалық жай-күйді талдау ________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
📌 Ескерту. ___________________________________________________________
техникалық жай-күйін талдау сырттай қараудың нәтижесін көрсету және
негізгі бөлшектерге толық сипаттама мен бағасын беру тиіс.
Жинақтаушы бұйымдардың техникалық жай-күйін сипаттау осы актіге
қосымша болып табылатын ведомоста берілген.
Комиссия қорытындысы _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:

2 ВЕДОМОСІ

Азаматтық авиациялық техниканы
есептен шығару ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
________________________
Пайдаланушының
(меншік иесінің) басшысы
20 ___ жылғы " ___ "__________
______________________________________ тиесілі әуе кемесі жинақтаушы
бұйымдарының, тану белгісі N _____________________ авиақозғалтқыштың
техникалық жай-күйін бағалау
ВЕДОМОСІ
200 __ жылғы " __ " __________ N ___ бұйрықпен тағайындалған
мынадай құрамдағы комиссия:
төрағасы ___________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
мүшелері ___________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
есептен шығарылатын әуе кемесі жинақтаушы бұйымдарының,
авиақозғалтқыштың техникалық жай-күйін бағалап мынаны анықтады:
р/с
N
Бұй­ым
ата­уы
Үл­гі-
сі,
сы­зу
нө­мі­рі
За­уыт
нө-
мі­рі
Ба­ға
Тех­ни-
ка­лық
жай-күйі
Әрі қа­рай
пай­да­ла­ну
ту­ра­лы
бел­гі
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
7
8

1 1. Қозғалтқыш жөндеуге, қалпына келтіруге жарамайды

2 2. Әуе винтін қалыпқа келтіру мүмкіндігі бар (лом НВ.РВ. Бұйымға жарату)

3 3. Ұшырудың борттық қондырғысы

4 4. Жанармай багы

5 5. Май багы

6 6. Жанармай сорғышы

7 7. Сорғыштық станция

8 8. Қозғалтқыш аспасының тіркеуіші (моторлы, редукторлы рамаларға)

9 9. Май және жанар-жағармай радиаторлары және т.б.

Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:

Қолданыстағы