Құжат мәтініне өту

О практике применения законодательства о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью граждан, при ликвидации юридического лица вследствие банкротства

Қаулы · № 4 · қабылданған 28.10.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25858/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О практике применения законодательства о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью граждан, при ликвидации юридического лица вследствие банкротства Қолданыста Қаулы ·№ 4 ·28.10.2005
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О практике применения законодательства о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью граждан, при ликвидации юридического лица вследствие банкротства

Қолданыста Қаулы ·№ 4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О практике применения законодательства о возмещении вреда, причиненного жизни и здоровью граждан, при ликвидации юридического лица вследствие банкротства
Атауы (қаз.)
Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
28.10.2005
Көрсетілген редакция
28.11.2024 25858_739370.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P05000004S_
ЭКБ идентификаторы
25858
Редакция идентификаторы
25858_739370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:15

0 Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану практикасы туралы

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы соттардың біркелкі қолдануы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1

1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға банкроттық салдарынан таратылған жағдайда төлемдердің көлемі мен тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (бұдан әрі - АК) және «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) анықталатынына соттардың назары аударылсын.

1-1 1-1. Төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді төлеу жүзеге асырылады (АК-нің 945-бабының 4-тармағы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетілген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді алуға құқығы бар адамдар кәсіпорынды банкрот деп тану туралы, зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді жасау жөніндегі жауаптылықты мемлекетке жүктеу туралы сот шешімінің, сот бекіткен бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізілімін ұсынуы қажет. Жоғарыда көрсетілген адамдардың талап етуі бойынша санамаланған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін кәсіпорынды банкрот деп тану туралы істі қараған сот ұсынады. Капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауаптылықты мемлекетке жүктеу туралы соттың жаңа шешімін шығару олар жетпіс жасқа толғаннан кейін талап етілмейді.

2

2. АК-нің 944-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеттіріп алуға құқығы бар азаматтар банкрот деп жарияланған заңды тұлғадан тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен зиянды өтеу арқылы міндеттемелерін тоқтатуын немесе мерзімінен бұрын орындауын талап етуге құқылы.
Бұл ретте зиян келтіргені үшін жауапты заңды тұлғаның АК-нің 937-944-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен ай сайынғы және өзге де қосымша төлемдер жүргізу міндеттемесі жәбірленушіге капиталдандырылған соманы біржолғы төлеудің жаңа міндеттемесімен ауыстырылады. Мұндай төлемді жәбірленушінің талабы бойынша келтірілген зиянды өтеу деп түсіну керек.

3

3. Заңның 102-бабына сәйкес заңды тұлғаның банкроттық рәсімінің шеңберінде төленетін өтемақының мөлшерін айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл ішінде төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.
Мерзімдік төлемдер деп жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілгенге дейін болған немесе болуы мүмкін және оған жауапты тұлға ай сайын төлеп отырған жоғалған табысын (кірісін) немесе оның бөлігін өтеуді түсіну керек.
Зиянды өтеу бойынша заңнамада белгіленген өзге төлемдер (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға және басқаларға арналған шығыстар) капиталдандыру кезінде ескерілмейді.
Заңның 102-бабында көзделген тәртіппен айқындалған капиталдандырылған төлем (өтемақы) сомасы индексациялауға, сондай-ақ азаматқа белгіленген мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты көбейтуге немесе азайтуға қатысты қайта қаралуға жатпайды.

4 4. АК-нің 945-бабының 2-тармағында көзделген өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін жауапты заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдерді капиталдандыру міндетті болып табылады.

Осыған байланысты банкроттық басқарушы кредиторлардың талаптарының тізілімін қалыптастыру кезінде таратылатын заңды тұлға келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған және ол банкрот деп танылған кезде тиісті төлемдерді жүргізген барлық тұлғаларға ай сайынғы төлемдерді капиталдандыруға міндетті.
Егер тарату рәсімдерін өткізу кезінде таратылатын заңды тұлға сот шешімімен өзінің қызметкеріне келтірілген зиян (атап айтқанда, анықталған кәсіптік ауруы) үшін жауапты деп танылса, онда тарату рәсімдері аяқталғанға дейін азаматтың өтініші бойынша жоғалған табысты (кірісті) өтеу үшін ай сайынғы төлемдер сомасы анықталады және ол Заңның 102-бабында белгіленген тәртіппен капиталдандыруға жатады.

5 5. Банкроттық басқарушы капиталдандырылған төлемдерді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізіліміне енгізеді және борышкердің мүлкі есебінен бірінші кезектегі тәртіппен қанағаттандырылады.

Өткен кезеңдер үшін жоғалған табыстың (кірістің) ай сайынғы төлемдері бойынша берешек, егер мұндай берешек бар болса не сот шешімімен заңды тұлға банкрот деп танылған сәтте анықталса, кредиторлардың талаптарының тізіліміне бірінші кезекте енгізіледі.

6

6. Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауы немесе жеткіліксіз болуына байланысты банкроттық басқарушы капиталдандырылған төлемдерді төлей алмаған жағдайда, азаматтар АК-нің 945-бабына сәйкес капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді мемлекетке жүктеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Жоғарыда баяндалған тәртіппен капиталдандырылған төлемдерді азаматтың арызы бойынша бір уақытта төлеу өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін заңды тұлғаның міндеттемелерінің толық көлемде тоқтауына әкеп соғады.

7 7. Капиталдандырылған төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында соттар банкроттық рәсімдерді аяқтау туралы ұйғарымдарда төленбеген капиталдандыру мөлшерін көрсетуі қажет.

Егер бірінші кезектегі кредиторлардың атаулы тізімі көлемді болса, сот ұйғарымында кредиторлар талаптарының тізілімдеріне сілтеме жасай отырып, бірінші кезек бойынша есептелген және төленбеген капиталдандырудың жалпы сомасы ғана көрсетілуі мүмкін. Банкроттық басқарушы қол қойған заңды тұлғаны тарату аяқталған күнгі кредиторлар талаптарының тізілімдерінен үзінді көшірме не тізілімнің тиісті куәландырылған көшірмесі және банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы соттың ұйғарымы азаматтың мемлекетке капиталдандырылған төлемдерді төлеу туралы талаппен сотқа жүгіну құқығын растайтын құжаттар болып табылады.

8

8. Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауы не жеткіліксіз болуы салдарынан капиталдандырылған төлемдерді төлеу міндеттерін мемлекетке жүктеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында кепілдік берілген азаматтың науқастануына, мүгедектікке ұшырауына, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Осы міндетті өзіне қабылдай отырып, мемлекет таратылған заңды тұлғаның барлық өзге міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылмайды.
Алайда егер мерзімдік төлемдерді капиталдандыру банкроттық басқарушының кінәсінен жүргізілмесе және бұл қатені сот банкроттық рәсімдерді аяқтау туралы ұйғарым шығарған кезде түзетпесе не кәсіптік ауруға байланысты еңбек қабілеттілігін жоғалтқандығы заңды тұлға банкроттық салдарынан таратылғаннан кейін анықталған кезде азамат заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекетке зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

9

9. Капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемені мемлекетке жүктеу туралы арызды қанағаттандыру кезінде сот шешімінің қарар бөлігінде ақша республикалық бюджет қаражатынан өндірілетінін, ал тағайындалған соманы өтеу міндеті республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне жүктелетінін көрсетуге тиіс.
Капиталдандырылған төлемдерді өңдіру туралы істер бойынша мемлекеттік баж алынбайды.

10 10. Жәбірленушінің жоғалтқан табысын (кірісін) капиталдандыру және оның келісімімен ай сайынғы төлем туралы міндеттемені біржолғы өтемақы төлеуге ауыстыру кезінде міндеттеме ауыстырылады және азаматтың жеке басымен тығыз байланысты құқық өтемақы алу құқығымен ауыстырылады.

Осыған байланысты азаматқа аударылған және бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізіліміне енгізілген, бірақ олар тарату процесінде толық немесе ішінара алынбаса немесе өтемақы сомасы сот шешімі бойынша мемлекеттен өндірілмесе, онда олар мұра құрамына енгізіледі. Мұрагерлер оны төлеу туралы талапты мұрагерлік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мәлімдеуі мүмкін.

11 11. Банкроттық рәсімдер шеңберінде есептелген капиталдандырылған төлемдер азаматтың жоғалтқан табысының (кірісінің) өтеуі болып табылады, сондықтан салық заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынады.

12 12. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы