О наложении карантина по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории Аягозского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наложении карантина по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории Аягозского района
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданы аумағындағы ірі қара малының бруцеллезі бойынша карантин қою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 579
- Қабылданған күні
- 13.09.1998
- Көрсетілген редакция
- 13.09.1998 2588_259015.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000087
- ЭКБ идентификаторы
- 2588
- Редакция идентификаторы
- 2588_259015
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:33
0 Аягөз ауданы аумағындағы ірі қара
малының бруцеллезі бойынша карантин қою туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
1997 жылғы қазан-қараша айларында Аягөз ауданында мал дәрiгерлiк
профилактикалық шаралар өткiзу нәтижесiнде бруцеллез ауруына 697 iрi қара
малдың шалдыққаны анықталды. Алайда аудан басшылығы (Кәрiмов А.М.,
Орақбаев С.Қ.) содан кейiнгi алты ай мерзiмде малдәрiгерлiк қызметтi
қаржыландыру мәселесiн шешпеген, эпизоотияны жою жөнiнде шаралар
қолданбаған. Облыстық малдәрiгерлiк комитет (Тоқсейiтова Р.ә.), Аягөз
ауданының бас малдәрiгерлiк инспекторы (Дөкiртов С.О.) шаруашылықтарды
сауықтыру, ауру малды оқшаулау және сою, малдарды егу жөнiнде уақтылы
шаралар қолданбаған, мұның өзi қайтадан одан әрi жұғуына әкелiп соқты.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
22 шiлдедегi N 2376 заң күшi бар Жарлығын басшылыққа алып, облыс
малдәрiгерлiк комитетiнiң ұсынған материалдарын қарап
ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Аягөз ауданының барлық аумағында бруцеллез жөнiнен карантин
қойылсын.
2. Ауданның барлық елдi мекендерiн бруцеллезден сауықтыру жөнiндегi
облыстың малдәрiгерлiк комитетi ұсынған шаралардың кешендi жоспары
бекiтiлсiн (Қоса берiлуде).
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ветеринария туралы" Жарлығын
өрескел бұзғаны, ауылдық округтарда малдәрiгерлiк қызметтi ұйымдастыру
және қаржыландыру жөнiнде шаралар қолданбағандықтан малға бруцеллездi
жаппай қайтадан жұқтыруға әкелiп соқтырғаны үшiн Аягөз ауданының әкiмi
А.М.Кәрiмовқа, аудан әкiмiнiң орынбасары С.Қ.Орақбаевқа сөгiс жариялансын.
4. Облыстық малдәрiгерлiк комитет (Тоқсейiтова Р.ә.) ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң республикалық малдәрiгерлiк комитетiне Аягөз ауданындағы
бруцеллездi жоюдың кешендi жоспары көздеген малдәрiгерлiк-профилактикалық
шараларды орындауға арналған қажеттi биопрепараттарды iздестiру және
бруцеллездi жою үшiн республикалық бюджеттен ақшалай қаражаттар бөлу
туралы өтiнiш айтсын.
5. Облыстық малдәрiгерлiк комитет (Тоқсейiтова Р.ә.) малдардың
бруцеллез ауруының пайда болуына және тарауына кiнәлiлерге жаза қолдану
туралы мәселе қарасын.
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) Аягөз ауданының
аумағында карантин шараларын өткiзу кезiнде көмек көрсетсiн.
7. Облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасы (Якупов В.С.) Аягөз ауданының аумағында мал өнiмдерi мен
шикiзатын өткiзуге бақылауды күшейтсiн.
8. Аягөз ауданының әкiмi (Кәрiмов А.М.) әрбiр ауылдық округте
малдәрiгерлiк учаскелер құру үшiн шұғыл шаралар қолдансын және қаражат
iздестiрсiн, олардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн. 1998 жылғы 28
қыркүйекке дейiнгi мерзiмде ауылшаруашылық малдарды түгендеу жүргiзiлсiн,
малдәрiгерлiк учаскелердiң бруцеллезге жоспарлы зерттеу, ауру малды
оқшаулау және сою жөнiндегi үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ
зерттеу үшiн алынған қанның аудандық малдәрiгерлiк лабораторияға
жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
9. Облыс әкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиев облыстық малдәрiгерлiк
комитеттiң төрайымы Р.ә.Тоқсейiтоваға жаза қолдану туралы Республикалық
малдәрiгерлiк комитетке ұсыныс енгiзсiн.
10. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.
11 Аягөз ауданындағы ауылшаруашылық малдарының бруцеллезiне қарсы күрес жөнiндегi 1998 жылға арналған
кешендi жоспар
1Шығыс Қазақстан облысының
мемлекеттiк-малдәрiгерлiк бас
инспекторының орынбасары
В.Черепанов