Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления мониторинга валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 122 · қабылданған 14.10.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25900/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления мониторинга валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 122 ·14.10.2005
25.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления мониторинга валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 122 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления мониторинга валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
122
Қабылданған күні
14.10.2005
Көрсетілген редакция
25.06.2016 AI25900_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003940_
ЭКБ идентификаторы
25900
Редакция идентификаторы
AI25900_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:18

0 Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.

3 3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігі
Төраға
18 қазан 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сауда және индустрия
министрлігі
Бірінші Вице-Министр
4 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр
12 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Министр
2 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурcтар министрлігі
Бірінші Вице-Министр
27 қазан 2005 жыл

0 Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 14 қазандағы
N 122 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің валюта операцияларының мониторингін (бұдан әрі - валюта мониторингі) жүзеге асыру және валюта мониторингі объектілерінің валюта операциялары бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру тәртібін белгілейді.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереженің мақсаты үшін "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бас компания - Қазақстан Республикасының аумағында филиалы (өкілдігі) бар резидент емес заңды тұлға;

2 2) шарт - келісім, келісім-шарт, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ негізінде және (немесе) орындау үшін валюта операциялары жүзеге асырылатын өзге құжаттар;

3 3) тапсырыс беруші:

тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыстар) сатып алуға шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компания жасаған шарттар бойынша тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыс) сатып алған филиалы (өкілдігі);
қосалқы мердігермен жасалған шарт бойынша мердігер;
құзыретті орган;

4 4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды (бұдан әрі - КҰЖЖ коды) - статистика жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісіне сәйкес заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне берген бірегейлендіру коды;

4-1 4-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

4-2 4-2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

5 5) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және келісім-шарттарды жасауға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган;

6 6) оператор - құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмысты орындау үшін мердігер тартқан немесе құрған заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);

7 7) мердігер:

осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындау үшін тапсырыс берушімен шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компания мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);
оператор;

8 8) жеткізуші:

мердігер;
қосалқы мердігер;
тұлғаның филиалы (өкілдігі);
өз атынан немесе бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);

9 9) жоба - бас компания мен тапсырыс беруші, тапсырыс беруші мен мердігер, тапсырыс беруші мен жеткізуші, мердігер мен жеткізуші, қосалқы мердігер мен жеткізуші арасында жасалған шартқа сәйкес орындауға тиісті қызмет көрсетулердің (жұмыстың) көлемі;

10 10) валюта мониторингінің респонденті - валюта мониторингінің жүйелі негізде осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген мәліметтер мен есептілікті білдіретін объектісі;

11 11) қосалқы мердігер:

мердігермен мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындау туралы шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
мердігердің бас компаниямен жасаған шарты бойынша мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындайтын заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі).

2 2. Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін Ұлттық Банк осы Ереженің 4, 5-тармақтарында көзделген тәртіппен қалыптастырады.

Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесіне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) кіреді:
шикі мұнай, табиғи газ және ілеспе газ өндіру;
құрылыс қызметтері;
пайдалы кен қазбаларын өндіруге байланысты қызмет көрсетулер;
архитектуралық, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер;
ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлеулер.

3 3. Валюта мониторингі бойынша ақпараттық база валюта мониторингінің объектілері осы Ереженің 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынатын мәліметтер мен есептілік (осы Ереженің 1- 6-қосымшалары) негізінде қалыптастырылады.

2 2-тарау. Валюта мониторингін жүзеге асыру тәртібі

4 4. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктен сұрату алған күннен бастап он күннен кешіктірмей осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мәліметтер ұсынады.

Ұлттық Банк ұсынылған ақпарат негізінде валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін қалыптастырады.

5 5. Ұлттық Банк осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат ұсынылған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей резидент емес заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) мәліметтердің тиісті оның осы тізбеге енгізілгені және мәліметтер мен есептіліктің тиісті нысандарын ұсыну қажеттілігін хабардар етеді.

6 6. Осы Ереженің 1-қосымшасының А бөлігінде көзделген деректемелер мен көрсеткіштер өзгерген жағдайда валюта мониторингінің респонденттері бұл туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке хабарлайды.

7 7. Осы Ереженің 2-6-тармақтарында белгіленген нысандар бойынша мәліметтер мен есептілікті валюта мониторингінің респонденттері мынадай мерзімдерде ұсынады:

1 1) 2-қосымша бойынша - жыл сайын, ағымдағы жылдың 5-сәуіріне дейін;

2 2) 3 және 4-қосымшалар бойынша - тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін;

3 3) 5-қосымша бойынша - жылына 2 рет, ағымдағы жылдың 1 наурызына және 1 қыркүйегіне дейін;

4 4) 6-қосымша бойынша - тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін.

8 8. Осы Ереженің 4, 6, 7-тармақтарына сәйкес мәліметтер мен есептілік Ұлттық Банктің филиалына (бөлімшесіне) валюта мониторингі объектісінің орналасқан жері бойынша ұсынылады.

9

9. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтер мен есептіліктің шынайылығын тексеру үшін қажетті құжаттарды (филиал (өкілдік) туралы ереженің, шарттардың, шот-фактуралардың, қабылдау-өткізу актілерінің, төлем тапсырмаларының, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің, кірістер мен шегерімдер туралы есептің, амортизациялық аударымдар, жөндеу шығыстары және белгіленген активтер бойынша басқа шегерімдер туралы есептің көшірмелерін) ұсынады.

10

10. Ұлттық Банк ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 шілдесіне дейін статистика жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдарының (өкілдіктерінің) валюта мониторингі бойынша ақпараттық базадан ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша деректерді (осы Ереженің 1-қосымшасының А бөлігі) ұсынады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

11 11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басталады.

12 12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

1 Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы мәліметтер ____________________________________________________ филиалдың (өкілдіктің) атауы

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша
Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы мәліметтер ____________________________________________________ филиалдың (өкілдіктің) атауы
А бөлігі. Жалпы мәліметтер
1. КҰЖЖ коды ______________________________________________________
1-1. БСН (бар болса)_______________________________________________
2. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (бұдан
әрі - СТН)
___________________________________________________________________
3. Басшы __________________________________________________________
(аты-жөні)
4. Нақты мекен-жайы _______________________________________________
телефоны факсы ________________ e-mail ____________________________
5. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсететін банкі (банктері)
___________________________________________________________________
6. Бас компанияның атауы және тіркелген елі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Бас компания құрылтайшыларының және/немесе акционерлерінің
атауы, тіркелген елі және жарғылық капиталдағы үлесі (пайызбен)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Бас компания филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасында
есепке алынып тіркелген күні ______________________________________
9. Қызмет түрі ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Филиал (өкілдік) туралы ережеге сәйкес көрсетіледі)
10. Жұмыс істейтіндер саны (адам)__ оның ішінде: резидент еместер__
Б бөлігі. Өндірістік-қаржылық қызметтің жекелеген көрсеткіштері
миллион теңгемен
N
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Со­ма­сы
1.
1. Та­у­ар­лар
2.
1.1. Өн­ді­рі­л­ген та­у­ар кө­ле­мі
3.
1.2. Өт­кі­зі­л­ген та­у­ар кө­ле­мі
4.
1.3. Са­тып алын­ған та­у­ар кө­ле­мі
5.
2. Қыз­мет көр­се­ту­лер
6.
2.1. Өн­ді­рі­л­ген қыз­мет көр­се­ту (жұ­мыс) кө­ле­мі
7.
2.2. Өт­кі­зі­л­ген қыз­мет көр­се­ту (жұ­мыс) кө­ле­мі
8.
2.3. Са­тып алын­ған қыз­мет көр­се­ту (жұ­мыс) кө­ле­мі
9.
3. Сырт­қы ак­тив­тер
10.
3.1. Ре­зи­дент еме­стер­дің та­у­ар­лар (қыз­мет көр­се­ту­лер, жұ­мыс) жет­кізу­ге бай­ла­ны­сты де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі
11.
3.2. Қол­ма-қол ны­сан­да­ғы және ше­тел банк­те­рін­де­гі шот­тар­да­ғы ше­тел ва­лю­та­сы
12.
3.3. Ре­зи­дент еме­стер­ге бас­қа да та­лап­тар
13.
4. Сырт­қы мін­дет­те­ме­лер
14.
4.1. Ре­зи­дент еме­стер­ден қар­жы­лық за­ем­дар
15.
4.2. Ре­зи­дент еме­стер ал­дын­да­ғы та­у­ар­лар (қыз­мет көр­се­ту­лер, жұ­мыс) жет­кізу­ге бай­ла­ны­сты кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
16.
4.3. Ре­зи­дент еме­стер ал­дын­да­ғы бас­қа да мін­дет­те­ме­лер
Басшы _____________________________ ________________
(қолы)
20 ____ жылғы "____"_____________
1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
А бөлігінің 7-тармағында дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар дауыстарының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылар және/немесе акционерлер көрсетіледі.
Б бөлігінде филиалдың (өкілдіктің) есептік жылдағы операцияларының нәтижелері көрсетіледі. Бұл ретте 1 және 2-тараулардың көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша көрсетіледі, 3 және 4-тараулардың көрсеткіштері жыл соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. 1.3-көрсеткішке шикізат пен материалдар шығындары, сатып алынған жиынтықтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, отын және энергия кіреді. 2.3-көрсеткішке өндірістік және өндірістік емес сипаттағы, тысқары ұйымдар орындаған қызмет көрсетулер (жұмыс) кіреді.

2 Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
_______________________________________________________________
КҰЖЖ коды
_______________________________________________________________
БСН (бар болса)

1 1-бөлік. Объектілер құрылысы


Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ект ор­на­лас­қан жер
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
Жо­ба қол­да­ны­ла­тын мер­зім
Ата­уы
СТН
БСН/ЖСН (бар бол­са)
ба­стал­ған кү­ні
аяқ­тал­ған кү­ні
А
1
2
3
4
5
6
7

2 2-бөлік. Қызмет көрсетулердің (жұмыстардың) орындалуы


Жұ­мыстың (қыз­мет көр­се­ту­дің) ата­уы
Жо­ба жү­зе­ге асы­ры­ла­тын орын
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
Жо­ба қол­да­ны­ла­тын мер­зім
Ата­уы
СТН
БСН/ЖСН (бар бол­са)
ба­стал­ған кү­ні
аяқ­тал­ған кү­ні
А
1
2
3
4
5
6
7

3 3-бөлік. Мердігерлер және қосалқы мердігерлер


Мер­ді­гер (қо­сал­қы мер­ді­гер)
Мер­ді­гер (қо­сал­қы мер­ді­гер) тір­кел­ген ел
Мер­ді­гер (қо­сал­қы мер­ді­гер) орын­дай­тын қыз­мет көр­се­ту­дің (жұ­мыстың) ата­уы
Ата­уы
СТН
БСН/ЖСН (бар бол­са)
А
1
2
3
4
5
Басшы ___________________________________________________
(қолы)
Орындаушы _______________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
20__ жылғы «___» _____________

3 20 ____ жылғы ____ тоқсандағы жобаларды жүзеге асыру туралы есеп

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша
20 ____ жылғы ____ тоқсандағы жобаларды жүзеге асыру туралы есеп
___________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
___________________________________________________________________
КҰЖЖ коды
___________________________________________________________________
БСН (бар болса)

1 1-бөлік. Тауарларды сатып алу және сату

мың АҚШ долларымен
N
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Жол­дың ко­ды
Құ­ны
1.
Ше­тел­де­гі ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан алын­ған жаб­дық
10
2.
Ше­тел­де­гі ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан алын­ған бас­қа та­у­ар­лар
11
3.
Жаб­дық­ты ше­тел­де­гі ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­ға қай­та­ру
20
4.
Бас­қа та­у­ар­лар­ды ше­тел­де­гі ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­ға қай­та­ру
21
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі­нен та­у­ар­лар са­тып алу
30
6.
Үшін­ші ел­дер­дің ре­зи­дент­те­рі­нен та­у­ар­лар са­тып алу (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын және бас ком­па­ни­я­ның ре­зи­дент­ті­гі елін қо­с­па­ған­да)
40
7.
Та­у­ар­лар­ды экс­порт­қа өт­кі­зу
41

2 2-бөлік. Қызмет көрсетулерді орындау

мың АҚШ долларымен

Опе­ра­ци­я­ны си­паттау
Қыз­мет көр­се­ту тү­рі­нің ко­ды
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
Со­ма­сы
ата­уы
ел
СТН
БСН/ЖСН (бар бол­са)
А
1
2
3
4
5
6
7
Жиын­тығы:

3 3-бөлік. Қызмет көрсетулерді сатып алу

мың АҚШ долларымен

Опе­ра­ци­я­ны си­паттау
Қыз­мет көр­се­ту тү­рі­нің ко­ды
Жет­кі­зу­ші
Со­ма­сы
ата­уы
ел
СТН
БСН/ЖСН (бар бол­са)
А
1
2
3
4
5
6
7
Жиын­тығы:

4 4-бөлік. Еңбекке ақы төлеу

мың АҚШ долларымен
N
Жол­дың ко­ды
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Со­ма­сы
1.
50
Ре­зи­дент қыз­мет­ші­лер­ге және жұ­мыс­шы­лар­ға тө­лен­ген жа­ла­қы
2.
60
Ре­зи­дент емес қыз­мет­ші­лер­ге және жұ­мыс­шы­лар­ға тө­лен­ген жа­ла­қы, бар­лы­ғы
3.
оның ішін­де ел­дер бой­ын­ша:

5 5-бөлік. Жекелеген қаржылық көрсеткіштер

мың АҚШ долларымен
N
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Жол­дың ко­ды
Со­ма­сы
1.
Ке­зең со­ңын­да­ғы та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық қор­лар
70
2.
Жаб­дық­тың ке­зең­де­гі амор­ти­за­ци­я­сы
80
3.
Ке­зең ішін­де өн­ді­рі­л­ген өнім­нің (орын­дал­ған жұ­мыстың) жиын­тық құ­ны
90
4.
Фи­ли­ал (өкіл­дік) қыз­ме­ті­нен алын­ған та­за кі­ріс (шы­ғын)
100
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бюд­же­тіне ұстал­ған са­лық
110
6.
Фи­ли­ал (өкіл­дік) қыз­ме­ті­нен бас ком­па­ни­я­ның шо­ты­на ауда­ры­л­ған кі­ріс:
7.
ре­зи­дент тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер
120
8.
ре­зи­дент емес тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер
130
Бас бухгалтер __________________________ ___________________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы __________________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
200 ____ жылғы "____"_____________
3-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Осы қосымшада жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру туралы есептік деректер көрсетіледі.
Осы қосымшаны толтыру мақсатында тікелей инвесторларға мыналар жатады:
бас компания;
бас компанияның шетелдегі құрылымдық бөлімшесі;
бас компанияның дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар даусының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылары және/немесе акционерлері.
Тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша операциялар нақты ақы төлеу уақыты бойынша емес, олардың жүзеге асырылу мерзімі (тауарды нақты жеткізу, қызметті нақты көрсету) бойынша көрсетіледі. Бұл ретте тауарларды Қазақстан Республикасында ресімдеу күні, ал тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы орын ауыстыруы көзделмейтін және Қазақстан Республикасында тиісті кедендік ресімдеу талап етілмейтін шарттар бойынша тауарды шарттың талаптарына сәйкес өткізу күні тауар экспортының/импортының күні саналады. Орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісіне қол қойылған күн нақты қызмет көрсету (жұмысты орындау) күні болып табылады. Егер шартта орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актісін көзделмесе, қызмет көрсетілген күн ретінде шот-фактураны ұсынған күнді санаған дұрыс.
Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Шетел валютасындағы және теңгедегі өзге операциялар операция жасалған күнгі бухгалтерлік есепке алу мақсатында қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріле отырып АҚШ долларына аударылады.
1-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарларды сатып алу туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-бөлікте жобаларды жүзеге асыру шеңберінде қызмет көрсетудің (жұмыстың) орындалуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
3-бөлікте жобаларды жүзеге асыру үшін сатып алынған қызмет көрсетулер (жұмыс) туралы мәліметтер көрсетіледі.
2 және 3-бөліктерде:
2-бағанда орындалған қызмет көрсетулерді (жұмысты) қабылдау актілеріне немесе шот-фактураларындағы төлем мақсатына сәйкес қызмет көрсетулер (жұмыс) бойынша жасалған операциялардың сипаты көрсетіледі.
3-бағанда көрсетілген қызмет көрсетулер (жұмыс) түрінің коды қызмет көрсетулердің жіктеуіне сәйкес қойылады (1-кесте).
4-бөлікте резиденттер мен резидент еместер қызметкерлерінің бір тоқсан үшін есептелген жалақысы көрсетіледі. Бұл ретте резидент қызметкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары, вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлерді қоспағанда, бір жыл және одан көп мерзімге жұмысқа жалданған шетелдік қызметкерлер жатады. Резидент емес қызметкерлерге бір жылдан аз мерзімге жұмысқа қабылданған шетелдік қызметкерлер және вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлер жатады.
5-бөліктің 120 және 130 жолдары бойынша филиалдың (өкілдіктің) жүзеге асырылатын жобалар бойынша, жобаның тапсырыс берушілері филиалдың (өкілдіктің) шетелдік және Қазақстан банктеріндегі шоттарын қоспағанда, бас компанияның шотына тікелей аударылған кірістері көрсетіледі.
1-кесте
Қызмет көрсетулерді жіктеу
N
Қыз­мет көр­се­ту­лер түр­ле­рі
Қыз­мет көр­се­ту­лер тү­рі­нің ко­ды
1.
Құ­ры­лыс қыз­мет көр­се­ту­ле­рі құ­ры­лыс ке­лі­сім-шар­тта­ры­ның ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­тын, құ­ры­лыс учас­ке­сін дай­ын­дау, объ­ек­ті­лер са­лу, құ­ра­с­ты­рыл­ма­лы құ­ры­л­ғы­лар мен жаб­дық­тар­ды құ­ра­с­ты­ру кі­ре­тін бар­лық та­у­ар­лар мен қыз­мет көр­се­ту­лер­ді қам­ти­ды. Су ұң­ғы­ла­рын бұр­ғы­лау және са­лу және құ­ры­лыс және бұ­зу жабды­ғын опе­ра­тор­дың жал­да­уы, құ­ры­лыс жөн­деу жұ­мыста­ры си­яқ­ты бас­қа құ­ры­лыс қыз­мет көр­се­ту­ле­рі кі­ре­ді.
200
2.
Қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­лер­ге қар­жы­лық мәмі­ле­лер жө­нін­де­гі дел­дал­дар­дың ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­ла­ры (кре­дит­тер мен неси­е­лер бой­ын­ша ко­мис­си­я­лық сый­а­қы, банк­тер­дің қыз­мет­те­рі және бас­қа­ла­ры) және қар­жы­лық кон­суль­та­ци­я­лар си­яқ­ты бас­қа қо­сал­қы қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді. Де­по­зит­тер, кре­дит­тер, неси­е­лер және за­ем­дар бой­ын­ша пай­ы­здар қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­лер­ге кір­мей­ді.
201
3.
Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­ла­ры­ның әр­түр­лі сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін көр­се­ту түр­ле­рі­мен қам­та­ма­сыз ету­ді, сон­дай-ақ сақ­тан­ды­ру агент­те­рі­нің ко­мис­си­я­ла­ры, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі кон­суль­та­ци­я­лар си­яқ­ты сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі қо­сым­ша қыз­мет көр­се­ту­ді қам­ти­ды.
202
4.
Ком­пью­тер­лік қыз­мет көр­се­ту­ге ком­пью­тер жабды­ғы­на және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­лер және де­ректер­ді өң­деу жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді. Ком­пью­тер жабды­ғы және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер, олар­ды ор­на­ту жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­лер; ком­пью­тер­лер­ді және сырт­қы қон­дыр­ғы­лар­ды ұстау мен жөн­деу; жүй­е­лер­ді тал­дау, ди­зай­ны және бағ­дар­ла­ма­лау; де­ректер ба­за­сын әзір­леу және сақ­тау; же­ке­ле­ген пай­да­ла­ну­шы­лар­дың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша жа­сал­ған опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер­ді қо­са ал­ған­да тап­сы­рыс бе­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді әзір­леу; маз­мұ­ны және оқы­ту си­яқ­ты бас­қа іле­с­пе қыз­мет көр­се­ту­лер; де­ректер­ді өң­деу жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­лер; ком­пью­тер жабды­ғын бас­қа­ру кі­ре­ді. Тап­сы­ры­спен бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді әзір­леу әзір­лен­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету элек­трон­дық бай­ла­ныс ар­на­ла­ры­мен (элек­трон­дық по­шта­мен) жет­кі­зі­л­ген жағ­дай­да ға­на ком­пью­тер­лік қыз­мет көр­се­ту­лер­де көр­се­ті­ле­ді.
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге элек­трон­дық та­сы­мал­да­уы­штар­мен (дис­ке­та­лар­мен неме­се дис­кі­лер­мен) жет­кі­зі­л­ген неме­се ком­пью­тер­лік жаб­дық­тың бө­лі­гі және ма­ман­дан­ды­рыл­ма­ған ком­пью­тер­лік оқы­ту кур­ста­ры ре­т­ін­де­гі орал­ған (тап­сы­рыс бой­ын­ша емес) және тап­сы­рыс бе­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету (же­ке тұ­лға­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­лер) ұсы­ныл­май­ды.
203
5.
Ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту­лер­ге бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры ар­қы­лы жа­ңа­лық­тар, фо­то­гра­фи­я­лар және ма­қа­ла­лар бе­ру, де­ректер ба­за­сы­ның қыз­мет­те­рі, мер­зім­дік ба­сы­лым­дар­ға ті­ке­лей жа­зы­лу кі­ре­ді.
204
6.
Ро­я­л­ти және ли­цен­зи­я­лық тө­лем­дер - са­уда мар­ка­ла­рын, фир­ма­лық ата­уын, па­тент­тер­ді, ав­тор­лық құқық­ты, тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер­ді және бас­қа ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді және мен­шік құқы­ғын заң­ды пай­да­лан­ға­ны, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­дер негі­зін­де шы­ға­ры­л­ған түп­нұс­қа­лар мен про­то­тип­тер­ді ком­пью­тер­лік бағ­дар­ла­ма­лар, ки­не­ма­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар және ды­быс жа­зу си­яқ­ты) пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем­дер. Егер бағ­дар­ла­ма­лық өнім элек­трон­дық бай­ла­ныс ар­на­ла­ры ар­қы­лы жет­кі­зіл­се, ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­дер ар­қы­лы са­тып алын­ған ком­пью­тер­лік бағ­дар­ла­ма­ны пай­да­ла­ну құқы­ғы ро­я­л­ти­де және ли­цен­зи­я­лық тө­лем­дер­де көр­се­ті­ле­ді.
205
7.
Опе­ра­ци­я­лық ли­зинг - жаб­дық­ты қыз­мет­кер­лер­сіз жал­дау, кө­лік құ­рал­да­рын эки­паж­сыз жал­дау. Қар­жы ли­зин­гі, те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­лер­ді неме­се қу­ат көз­де­рін (те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер), кө­лік құ­рал­да­рын эки­па­жы­мен жал­дау (жүк неме­се жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дау) ен­гі­зіл­мей­ді.
206
8.
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті жал­дау - жер учас­ке­ле­рін, үй­лер­ді, ғи­ма­рат­тар­ды неме­се бас­қа жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті жал­дау.
207
9.
Та­у­ар­лар­ды күр­де­лі және ағым­да­ғы жөн­деу - құ­ры­лыс жөн­де­уді, ком­пью­тер жөн­де­уді және мұ­най мен газ ұң­ғы­ла­рын жөн­де­уді қо­с­па­ған­да кез кел­ген та­у­ар­ды жөн­деу. Та­у­ар­лар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту сәу­лет, ин­же­нер­лік және бас­қа да тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­лер­де көр­се­ті­ле­ді. Кө­лік кә­сі­по­рын­да­ры­ның кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­туі (мы­са­лы, әу­е­жай­лар­да­ғы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту) қо­сал­қы кө­лік қыз­мет көр­се­ту­ле­ріне жа­та­ды.
208
10.
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту - заң ке­ңе­сі мен кон­суль­та­ци­я­ла­ры; заң, сот және заң шы­ға­ру про­це­стер­де қыз­мет көр­се­ту; фир­ма­лар­ға же­дел кө­мек көр­се­ту; заң құ­жат­та­ма­ла­рын дай­ын­дау; ар­бит­раж қыз­ме­тін көр­се­ту және т.с.
209
11.
Бух­гал­тер­лік, ауди­тор­лық қыз­мет көр­се­ту - бух­гал­тер­лік есеп, есеп­ші­лік, аудит және са­лық са­лу қар­жы­лық есеп­ті­лік жа­сау бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту.
210
12.
Биз­нес және бас­қа­ру кон­суль­та­ци­я­сы бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту - бас­қа­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет көр­се­ту­лер; жал­пы бас­қа­ру кон­суль­та­ци­я­ла­ры, қар­жы ме­не­дже­мен­ті, кадр ме­не­дже­мен­ті, өн­ді­ріс ме­не­дже­мен­ті және бас­қа бас­қа­ру кон­суль­та­ци­я­ла­ры; са­я­сат және стра­те­гия биз­не­сі мә­се­ле­ле­рін­де­гі кон­суль­та­ци­я­лар, бас­шы­лық және же­дел кө­мек; жұрт­шы­лық­пен бай­ла­ныс жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­лер. Құ­ры­лыс жо­ба­сын бас­қа­ру (сәу­лет, ин­же­нер­лік және бас­қа да тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­лер) қо­сыл­май­ды.
211
13.
Жар­на­ма және на­рық ко­ньюнк­тур­сын зерт­теу са­ла­сын­да­ғы қыз­мет көр­се­ту­лер - жар­на­ма агент­ті­гі ар­қы­лы жар­на­ма жо­ба­лау, жар­на­ма жа­сау және мар­ке­тин­гі; жар­на­ма уа­қы­тын са­тып алу мен са­ту­ды қо­са ал­ған­да бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на жар­на­ма ор­на­ла­сты­ру; көр­ме және са­уда жәр­мең­ке­ле­рін ұй­ым­да­сты­ру; та­у­ар­ды ше­тел­де жар­на­ма­лау; мар­ке­тинг­тік зерт­те­улер; әр­түр­лі мә­се­ле­лер бой­ын­ша қо­ғам­дық пі­кір сұ­рау.
212
14.
Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры және тә­жі­ри­бе-кон­струк­тор­лық әзір­ле­улер - тү­бе­гей­лі зерт­те­улер, қол­дан­ба­лы зерт­теу, бұй­ым­дар мен тех­но­ло­ги­я­лар­дың жа­ңа түр­ле­рін тә­жі­ри­бе­лік әзір­ле­улер; тех­ни­ка­лық жа­ңа ен­гі­зіл­ме­лер­ді біл­ді­ре­тін опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер­ді әзір­леу.
213
15.
Сәу­лет, ин­же­нер­лік және бас­қа да тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­лер - сәу­лет және құ­ры­лыс жо­ба­ла­рын әзір­леу, құ­ры­лыс жо­ба­ла­рын бас­қа­ру; гео­ло­ги­я­лық бар­лау және зерт­теу, кар­то­гра­фия; ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер; са­па­ны тек­се­ру және сер­ти­фи­кат­тау, тех­ни­ка­лық сы­нау және тал­дау, тех­ни­ка­лық ба­қы­лау; ин­же­нер­лік кон­суль­та­ци­я­лар және қор­ша­ған ор­та бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лар. Кен өн­ді­ру ин­же­не­ри­я­сы мұн­да ен­гі­зіл­мей­ді, ал пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ге бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­лер­де көр­се­ті­ле­ді.
214
16.
Қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және та­за­лау - ра­дио­ак­тив­ті және бас­қа қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу; ла­стан­ған то­пы­рақ­ты және ағын­ды су­ды та­за­лау; мұ­най қал­дық­та­рын қо­са ал­ған­да ла­ста­ну­ды та­за­лау; кен өн­ді­ру орын­да­рын қал­пы­на кел­ті­ру; та­за­лау және са­ни­тар­лық қыз­мет көр­се­ту­лер. Сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны та­за­ла­у­ға және қай­та жаң­ғыр­ту­ға бай­ла­ны­сты бар­лық қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді.
215
17.
Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ге бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­лер - бұр­ғы­ла­уды, бұр­ғы­лау мұ­на­ра­лар­ды са­лу­ды, жөн­де­уді және бұ­зу­ды, мұ­най және газ ұң­ғы­ла­рын це­мент­те­уді қо­са ал­ған­да мұ­най, газ және бас­қа пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ге бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­лер; кен өн­ді­ру ин­же­не­ри­я­сы.
216
18.
Кадр­лар­ды оқы­ту және да­яр­лау - қыз­мет­кер­лер­ді кә­сі­би оқы­ту және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру. Шет тіл­де­рін оқы­ту, мек­теп­те, ЖОО-да және бас­қа жер­де оқы­ту үшін ақы тө­леу (же­ке тұ­лға­лар­ға қыз­мет көр­се­ту) қо­сыл­май­ды.
217
19.
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту - қыз­мет­кер­лер­ге олар­дың кә­сі­би қыз­мет­те­рін жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту. Ем­де­лу және са­на­то­рия қыз­ме­ті үшін ақы тө­леу (же­ке тұ­лға­лар­ға қыз­мет көр­се­ту) қо­сыл­май­ды.
218
20.
Сырт­қы са­уда қыз­мет­те­рі - қар­жы дел­дал­да­ры­ның (қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­лер­ді) және кө­лік­те­гі агент­тер­дің (қо­сым­ша кө­лік қыз­мет көр­се­ту­ле­рі) ко­мис­си­я­ла­рын қо­с­па­ған­да та­у­ар­лар­мен және қыз­мет көр­се­ту­лер­мен сырт­қы са­уда мәмі­ле­ле­рі жө­нін­де­гі агент­тер­дің ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­сы.
219
21.
Бас­қа да қыз­мет көр­се­ту­лер - кадр­лар ірік­теу, кү­зет, ауыз­ша және жа­з­ба­ша аудар­ма, фо­то­гра­фи­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер, үй-жай­лар­ды жи­нау, та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру, ри­эл­тер­лік қыз­мет көр­се­ту­лер және жо­ға­ры­да атал­ған қыз­мет көр­се­ту­лер­ге ен­гі­зіл­ме­ген бас­қа іс­кер­лік қыз­мет көр­се­ту­лер.
220
22.
Жүк та­сы­мал­дау - кө­лік кә­сі­по­рын­да­ры­ның экс­порт­тық және им­порт­тық жүк­тер та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­ле­рі.
221
23.
Жо­ла­у­шы та­сы­мал­дау - кө­лік кә­сі­по­рын­да­ры­ның жо­ла­у­шы­лар­ды чар­тер­лік рей­стер­мен (би­лет са­тып ал­май) та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­ле­рі.
222
24.
Қо­сал­қы кө­лік қыз­мет көр­се­ту­ле­рі - ти­еу-тү­сі­ру жұ­мыста­ры, сақ­тау және қой­ма­ға са­лу, орау, кө­лік құ­рал­да­ры­на қо­сал­қы қыз­мет көр­се­ту, сон­дай-ақ агент­тер­дің жүк және жо­ла­у­шы та­сы­мал­да­у­ға бай­ла­ны­сты ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­ла­ры кі­ре­ді. Қо­сал­қы кө­лік қыз­мет көр­се­ту­ле­ріне та­сы­мал­дау (жүк неме­се жо­ла­у­шы та­сы­мал­дау) құ­ны кір­мей­ді.
223
25.
Бай­ла­ныс қыз­ме­ті - по­шта қыз­ме­ті, ку­рьер­лік қыз­мет көр­се­ту және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді. Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­лер ды­бысты, бей­не­ні неме­се бас­қа ақ­па­рат­ты те­ле­фон, те­ле­тайп, те­ле­граф, ра­дио та­ра­ту, спут­ник­тік бай­ла­ныс, элек­трон­дық по­шта, факс кө­ме­гі­мен өт­кі­зу­ді қам­ти­ды. Іс­кер­лік же­лі­лік қыз­мет көр­се­ту, те­ле­кон­фе­рен­ци­я­лар және іле­с­пе қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді. Олар­ға өт­кі­зі­ле­тін ақ­па­рат­тың құ­ны кір­мей­ді. Сон­дай-ақ ин­тер­нет және же­лі­ге кі­ру кі­ре­ді. Те­ле­фон же­лі­сін (құ­ры­лыс қыз­мет­те­рі), де­ректер ба­за­сы­ның және ком­пью­тер­лік қыз­мет көр­се­ту­ле­рі­мен бай­ла­ны­сты кі­ру және де­ректер ба­за­сы­ның ақ­па­ра­тын пай­да­ла­ну қыз­мет­те­рі кі­ре­ді.
224
26.
Же­ке тұ­лға­лар­ға қыз­мет көр­се­ту және мә­де­ни­ет және де­ма­лыс са­ла­сын­да қыз­мет көр­се­ту - бі­лім бе­ру және са­уық­ты­ру қыз­мет көр­се­ту­ле­рі, мә­де­ни және спорт­тық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет көр­се­ту­лер, ак­тер­лер мен ре­жис­сер­лер­дің қа­ла­ма­қы­ла­ры және мә­де­ни­ет және де­ма­лыс са­ла­сын­да­ғы бас­қа қыз­мет көр­се­ту­лер кі­ре­ді.
225

4 20 ____ жылғы ____ тоқсандағы Банктердегі шоттардағы қаражат қозғалысы туралы есеп

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 4-қосымша
20 ____ жылғы ____ тоқсандағы Банктердегі шоттардағы қаражат қозғалысы туралы есеп
___________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
___________________________________________________________________
КҰЖЖ коды
___________________________________________________________________
БСН (бар болса)
шоттың мың валюта бірлігімен
N
п/п
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Жол-
дың
ко­ды
Ше­тел­де­гі банк­тер­де­гі шот­тар
USD
EUR
RUR
бас­қа-
ла­ры
А
Б
В
1
2
3
4
1.
Ке­зең ба­сын­да­ғы қал­дық
200
2.
Ке­зең­де түс­кен қа­ра­жат
210
3.
оның ішін­де:
4.
Ре­зи­дент еме­стер­ден
211
5.
оның ішін­де
6.
ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан  қар­жы­лық за­ем­дар
212
7.
та­у­ар­лар­ды (жұ­мысты, қыз­мет көр­се­ту­ді)
213
8.
Бас­қа­ла­ры
214
9.
Ре­зи­дент­тер­ден түс­ке­ні
215
10.
оның ішін­де
11.
ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан қар­жы­лық за­ем­дар
216
12.
Қа­зақ­стан банк­те­рі­нен қар­жы­лық за­ем­дар
217
13.
та­у­ар­лар­ды (жұ­мысты, қыз­мет көр­се­ту­ді) тө­ле­у­ге
218
14.
Бас­қа­ла­ры
219
15.
Фи­ли­ал­дың (өкіл­дік­тің)
шот­та­ры­нан ауда­ры­л­ға­ны
220
16.
оның ішін­де
17.
Қа­зақ­стан банк­те­рін­де­гі
шот­тар­дан
221
18.
ше­тел­де­гі банк­тер­де­гі
шот­тар­дан
222
19.
Ва­лю­та­лар­ды ай­ыр­ба­ста­удан ауда­ры­л­ға­ны
223
20.
оның ішін­де
21.
тең­ге­мен ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу­дан (са­ту­дан)
224
22.
бас­қа ше­тел ва­лю­та­сы­на ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу­дан
225
23.
Ке­зең­де жұм­сал­ған қа­ра­жат
250
24.
оның ішін­де:
25.
Ре­зи­дент еме­стер­ге жұм­сал­ға­ны
251
26.
оның ішін­де
27.
ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан қар­жы­лық за­ем­дар­ды өте­у­ге
252
28.
та­у­ар­лар­ды (жұ­мысты,  қыз­мет көр­се­ту­ді) тө­ле­у­ге
253
29.
Бас­қа­сы
254
30.
Ре­зи­дент­тер­ге жұм­сал­ға­ны
255
31.
оның ішін­де
32.
ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан қар­жы­лық за­ем­дар­ды өте­у­ге
256
33.
Қа­зақ­стан банк­те­рі­нен  қар­жы­лық за­ем­дар­ды өте­у­ге
257
34.
та­у­ар­лар­ды (жұ­мысты, қыз­мет көр­се­ту­ді) тө­ле­у­ге
258
35.
Бас­қа­сы
259
36.
Фи­ли­ал­дың (өкіл­дік­тің) шо­ты­на ауда­ры­л­ға­ны
260
37.
оның ішін­де
38.
Қа­зақ­стан банк­те­рі­нің шот­та­ры­на
261
39.
ше­тел­де­гі банк­те­рі­нің шот­та­ры­на
262
40.
Ва­лю­та­лар­ды ай­ыр­ба­ста­у­ға ауда­ры­л­ға­ны
263
41.
оның ішін­де
42.
тең­ге­мен ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу­ға (са­ту­ға)
264
43.
бас­қа ше­тел ва­лю­та­сы­на ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу­ға
265
44.
Ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық
290
кестенің жалғасы:
N
п/п
Қа­зақ­стан банк­те­рін­де­гі шот­тар
KZT
USD
EUR
RUR
бас­қа­ла­ры
А
5
6
7
8
9
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
Х
Х
Х
Х
Х
18.
19.
20.
21.
Х
22.
Х
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.
35.
36.
37.
38.
Х
Х
Х
Х
Х
39.
40.
41.
42.
Х
Х
Х
Х
43.
Х
44.
Бас бухгалтер __________________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы __________________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
200 ____ жылғы "____"_____________
4-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Шоттар деп филиалдың (өкілдіктің) Қазақстан банктерінде және шетелдегі банктерде ашылған ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ филиалдар (өкілдіктер) жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыру үшін мердігер компаниялар ашқан бірлескен шоттар түсіндіріледі.
Қаржылық заемдарға ақша беру туралы сұратулар ("Cash Call Loan") - егер филиалдың (өкілдіктің) қажеттілігі олардың түсімінен асып кеткен жағдайға ақша бөлу туралы сұратуларға заемдар кіреді. (Бас компания жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын осындай сұратуларды және оның құрылымдық бөлімшесінің ағымдағы қызметіне (өндіріс қуат көздерін және инфрақұрылым объектілерін салу) ақы төлеу үшін белгіленген (анықталған) мөлшердегі соманы резервтейді.
1-3, 5-8-бағандары тиісінше АҚШ долларымен, Еуромен, Ресей рублімен және теңгемен ашылған шоттар бойынша шот валютасының мың бірлігімен толтырылады.
4, 9-бағандары өзге валюталармен (АҚШ долларынан, Еуродан, Ресей рублінен және теңгеден басқа) ашылған шоттар бойынша мың АҚШ долларымен толтырылады. Бұл ретте операциялар операция жасау күнгі бухгалтерлік есепке алу үшін қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріліп АҚШ долларына аударылады. Кезең соңындағы қалдық кезең соңындағы бухгалтерлік есепке алу үшін қабылданған валюта айырбастау бағамы ескеріліп АҚШ долларына аударылады.
Есепті жасау кезінде мынадай талаптарды орындауды қамтамасыз ету қажет:
1-3, 5-8-бағандар бойынша 200 жол + 210 жол - 250 жол = 290 жол 1-9-бағандар бойынша:
кезең басындағы қалдықтар өткен кезеңнің соңындағы қалдықтармен сәйкес келуі тиіс;
210 жол = 211 жол + 215 жол + 220 жол + 223 жол;
211 жол = 212 жол + 213 жол + 214 жол;
215 жол = 216 жол + 217 жол + 218 жол + 219 жол;
220 жол = 221 жол + 222 жол;
223 жол = 224 жол + 225 жол;
250 жол = 251 жол + 255 жол + 260 жол + 263 жол;
251 жол = 252 жол + 253 жол + 254 жол;
255 жол = 256 жол + 257 жол + 258 жол + 259 жол;
260 жол = 261 жол + 262 жол;
263 жол = 264 жол + 265 жол.

5 Өнім өндіру, тікелей инвесторлардың заемдарын тарту және қызмет көрсету туралы болжамдық көрсеткіштер

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 5-қосымша
Өнім өндіру, тікелей инвесторлардың заемдарын тарту және қызмет көрсету туралы болжамдық көрсеткіштер
________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
________________________________________________________________
КҰЖЖ коды
________________________________________________________________
БСН (бар болса)
мың АҚШ долларымен
Р/с
N
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Жол-
дың
ко­ды
Ағым-
да­ғы
жыл
20 __ жыл
20__ жыл
20__ жыл
1.
Өнім өн­ді­ру (ши­кі мұ­най, газ өн­ді­ру және қыз­мет көр­се­ту­ді (жұ­мысты) орын­дау
410
2.
Фи­ли­ал­дың (өкіл­дік­тің) бо­лжа­на­тын та­за кі­рі­сі
411
3.
Фи­ли­ал (өкіл­дік) және ше­тел­дік ті­ке­лей ин­ве­стор­лар ара­сын­да­ғы қа­ра­жат­тар ағы­ны
4.
Ше­тел­дік ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан тү­сім
420
5.
оның ішін­де қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша
421
6.
Ше­тел­дік ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­ға ақ­ша ауда­ру
422
7.
оның ішін­де қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша
423
8.
Ше­тел­дік ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша сый­а­қы
424
9.
Фи­ли­ал (өкіл­дік) және Қа­зақ­стан­дық ті­ке­лей ин­ве­стор­лар ара­сын­да­ғы қа­ра­жат­тар ағы­ны
10.
Қа­зақ­стан­дық ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан тү­сім
430
11.
оның ішін­де қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша
431
12.
Қа­зақ­стан­дық ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­ға ақ­ша ауда­ру
432
13.
оның ішін­де қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша
433
14.
Қа­зақ­стан­дық ті­ке­лей ин­ве­стор­лар­дан қар­жы за­ем­да­ры бой­ын­ша сый­а­қы
434
Басшы __________________________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы __________________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
200 ____ жылғы "____"_____________
5-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Тікелей инвесторлардан түсімге ақша, жабдық және филиалдың (өкілдіктің) шығындарын тікелей инвесторлардың өзге қаржыландыруы (тікелей инвесторлардың тауарлар (жұмыс, қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуі) кіреді.
Тікелей инвесторлардың ақша аударуына сыйақыны қоса алғанда заемдарды өтеу, сондай-ақ жабдықты тікелей инвесторларға қайтару кіреді.
Тікелей инвесторлар - 3-қосымшада келтірілген анықтауларға сәйкес келеді.
Қаржы заемдары - 4-қосымшада келтірілген анықтауларға сәйкес келеді.

6 Өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі - ӨБК) бойынша шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының
мониторингін жүзеге асыру
ережесіне 6-қосымша
200___ жылғы ____ тоқсандағы
___________________________ жобасы бойынша
жобаның атауы
Өнімді бөлу туралы келісім (бұдан әрі - ӨБК) бойынша
шығындарды өтеу және пайданы бөлу туралы мәліметтер
___________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
___________________________________________________
КҰЖЖ коды
___________________________________________________
БСН (бар болса)
мың АҚШ долларымен
Р/сN
Мер­ді­гер
ком­па­ни­я­ның
ата­уы
ӨБК бой­ын­ша
шы­ғын­дар
ӨБК бой­ын­ша
кі­рі­стер
Өнім­ді бө­лу
- мер­ді­гер
ком­па­ни­я­ның
үле­сі
Өте-
ле­тін
шы­ғын-
дар
Өтел-
мей­тін
шы­ғын-
дар
Есеп-
тел­ген
Ап­лифт
Тө­лен-
ген
Ап­лифт
Кост-
ойл
Про­фит-
ойл
1. Ре­зи­дент мер­ді­гер ком­па­ни­я­лар
1. Ре­зи­дент емес мер­ді­гер ком­па­ни­я­лар
Бас бухгалтер __________________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы __________________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
200 ____ жылғы "____"_____________
6-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Осы қосымшаны операторлар ұсынады
Көрсеткіштердің анықтаулары:

1 1. Мердігер компания - мердігер құрамына кіретін ӨБК қатысушысы

2 2. Аплифт - шығынның өтелмеген бөлігіне есептелген/төленген пайыз

3 3. Кост-ойл - өтемдік мұнай-газ шикізаты

4 4. Профит-ойл - пайда келтіретін мұнай-газ шикізаты

Қолданыстағы