«Лебяжі ауданының жасыл екпелерін қорғау және көріктендіру Ережесі туралы»
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Лебяжі ауданының жасыл екпелерін қорғау және көріктендіру Ережесі туралы» от 27.10.2005 г. № 3/18 («Лебяжі ауданының жасыл екпелерін қорғау және көріктендіру Ережесі туралы»)
1. Лебяжі ауданының жасыл екпелерін қорғау және көріктендіру, Ережесі бекітілсін (қосымша тіркеледі)
2. Ережені қолдануды бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 21 қазандағы
қаулысымен «келісілген»
Лебяжі ауданының жасыл екпелерін қорғау және көріктендіру ЕРЕЖЕСІ
Ауданның елді-мекендерін көріктендіру және олардың аумақтарында жасыл екпелерді сақтау ережесі (Одан әрі - Ереже) елді – мекендерді толыққанды қоршаған ортаны туғызатындай кешенді шаралар тәртібін бекітеді.
Ереже меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалардың аудандағы елді-мекендерді көріктендіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізуді анықтайтын нормативтік құжат болып табылады.
Жалпы ережелері және анықтамалары
Адамның елді мекен аумағында қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтер. Бұл кешенді жұмыс көріктендіру элементтері және объектілерді қорғау, іске қосу, ұстау, ұйымдастыру бойынша мынадай негізгі бағыттардан: инженерлік желілер, сыртқы көріктендіру, көгалдандырудан тұрады.
Бекітілген аумақ – уәкілетті күту және қызмет көрсету үшін заңды немесе жеке тұлғаға бекітілген жер учаскесі.
Жұмыстың орындалуы жергілікті бюджет есебінен тендерді ұтып алған заңды немесе жеке тұлға арқылы іске асады.
Тиісті өкілетті мемлекеттік орган инженерлік қайта құрылым, қоршаған ортаны қорғау, объектілердің және көріктендіру элементтерін қорғауды бақылауды іске асырады.
Заңды және жеке тұлғалар осы құжатты бұзған жағдайда қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады.