Об утверждении Правил размещения и эксплуатации объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Кокшетау Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарына, «Салық пен бюджеттік басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Құлышевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 16 қарашадағы № А-11/1280 қаулысымен бекітілген Көкшетау қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану, рәсімдеу Ережесі Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарына, «Салық пен бюджеттік басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске сәйкес әзірленген. Ереже жарнама саласындағы қызмет көрсетудің кәсіпкерлік қызметтерін дамытуға жағдай жасау, қондырғыларды ретімен орналастыру (сыртқы жарнама нысандары және оны рәсімдеу), сыртқы жарнама құралдарының тұтастық жүйесін құрастыру және сәулет пен қала құрылысының жаңаша талаптарына сәйкес, техникалық пайдалану нормаларын сақтау есебімен жаңаша түрдегі материалдарды қолданып, қаланы сәулетті-көркемді параметрлермен рәсімдеу мақсатында әзірленген.
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер
Тармақ 1
1. Жарнамалық қондырғыны демонтаждау - бөлшектеу, және оларды орнатылған орнынан алып тастау.
Тармақ 2
2. Көрік - жарнамалық ақпараты, бейнелеу (мәтіні) түрінде орындалған жарнамалау тауардың (сауда белгісі), жұмысы, қызмет көрсетулері, немесе қалыптасу беталысы немесе жеке не заңды тұлғалардың мүдделерін қостау-қоштау.
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) жарнама-сыртқы жарнама құралының көмегімен кез келген түрде таратылған және орналастырылған, тұлғалардың белгісіз ортасына арналған және қалалық кеңістіктен қабылдауға есептелген, жеке не заңды тұлғалардың тауар, сауда белгілеріне, жұмысы мен қызмет көрсетуіне қызығушылығын қолдауға немесе олардың өткізіліміне ықпал жасайтын ақпарат.
Тармақ 4
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына-стендтер, қалқандар, плакаттар, панно, экрандар, тумбалар, ілінбе жарнамалар, көрсеткіштер, транспаранттар, тартымдар, билбордтар, стационарлық пен уақытша, жалпақ және кеңістіктік-көлемді, сәулелі, газды сәулелі, жол сыртында, көшелерде, алаңдарда, жиектерде, бақтар, саябақтар мен скверлерде, павильондар мен дүңгіршектерде, қабырғалар, шатырлар, қондырғылар және үйлердің витриналары мен терезелерінде, көпірлер, эстакадалар, жол желістерінде, уақытша құрылыс қондырғыларында орналастырылғандары жатады.
Тармақ 5
5. Жарнаманы тұтынушы - жарнама мәліметтері жеткізілген немесе жеткізілетін заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 6
6. Жарнаманы беруші - жарнаманы одан әрі тарату, өндіру, орналастыру үшін жарнама ақпараттарын ұсынған заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 7
7. Жарнаманы өндіруші - жарнаманы тарату үшін, жарнама ақпараттарын дайын формаға келтіруді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 8
8. Жарнаманы таратушылар - жарнамашыларды ұсына және қолдана отырып, жарнама ақпараттарын орналастыру мен таратуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган – «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Көркем-қолданбалы шешімі - сыртқы рәсімдеуде жаңаша технологияларды қолдана отырып, нысанның сыртқы келбетіне пішін беру.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 11
11. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру дегеніміз тұтынушылардың назарына жарнамалық ақпаратты жарнаманы стационарлық орналастыру нысаналарының көмегімен жеткізу, ол кеңістік қозғалысының жоқтығымен сипатталады.
Тармақ 12
12. Жарнама мен басқа да көрнекі ақпараттар қазақ (мемлекеттік) және орыс тілдерінде міндетті түрде орындалуы керек, ал егер де көрсетілген кәсіпорын белгіленген тәртіп бойынша тіркелген логотипі, сауда маркасы, тауар белгісі және шетел тілінде жазылған атауы бар болса, олар тиісті құжатты көрсеткен жағдайда ғана түпнұсқа түрінде қолдануға болады.
Тармақ 13
13. Егер де мекеменің немесе ұжымның тіркелген белгісі немесе логотипі болған жағдайда, белгі немесе логотип аударылмай, түпнұсқа күйіндегі форма бойынша қолданылады. Егер аббревиатура тіркелген белгі немесе мекеменің логотипі болмаса, ілме жарнамаларында қысқартылған және аббревиатуралы мәтіндер қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Жарнама мен рәсімделу элементтері азаматтарды озбырлыққа, агрессияға, үрей туғызуға сонымен қатар азаматтардың денсаулығы мен олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті әрекеттерді туғызуға шақырмауы тиіс.
Тармақ 15
15. Жарнама мен рәсімделу элементтері Қазақстан Республикасы азаматтарының ары мен абыройына қысым мен қорлау, ұлтаралық араздық тудыру, мәдени-тарихи, ұлттық салт-дәстүрлерге қайшылық тудырмауы тиіс.
Тармақ 16
16. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының орналасуы мен пайдалануының жағдайын «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтайды.
Тармақ 17
17. «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің осы ережемен белгілеген өкілеттік аясында қабылдаған шешімдері, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұжымдар, сонымен бірге Көкшетау қаласының азаматтарына бірдей міндетті.
Тармақ 18
18. Сыртқы жарнама нысандары және оның рәсімделуі: шатыр қондырғылары - үй немесе шатырға карниздің бойымен түгелдей немесе жартылай жоғары орналастырылған алуан түрлі көлемді және жалпақты қондырғылар; бөлек тұратын қалқанды қондырғылар - газондар, грунттар, асфальттарда орнықтырылатын екі жақты және сыңар жақты, жалпақты немесе көлемді конструкциялар; брандмауэрлы панно - үй және ғимараттардың қабырғаларында орналастырылатын конструкциялар; үйлер мен құрылыстардың бет жақтарында орналастырылатын конструкциялар; уақытша не болмаса үнемі тұратын қоршауларда орналастырылатын қалқанды қондырғылар; кеңістік-көлемді түрдегі конструкциялы қондырғылар; қала жарығы мачталары (бағаналар), тіреуіштері мен бөлек тұрған тұрақтарындағы «лайтбокс» тәрізді сәуле қораптары; транспаранттар - жұмсақ негізде жасалған көшенің жүргіншілер, жаяулылар өтетін бөлігіндегі тартпалар; ақпаратты құлқы бар, үйлер мен құрылыстардың шатырлары мен қабырғаларында орналастырылатын ілмелі жарнамалар, жазулар, көрсеткіштер, яғни осы үйлер, құрылыстарындағы кәсіпорындардың немесе азаматтардың аттарына байланыстылар; логотип, фирма атауы, сауда маркасын қолдана отырып, жарнама үшін алуан түрмен рәсімделген витриналар мен терезелер; логотип, фирма атауы, сауда маркасын қолдана отырып, соның ішінде жарнама стендтары мен басқа да элементтерге өзі желімделетін пленкаларды қондыру арқылы фирмалық стильде рәсімделген сауда павильондары мен дүңгіршектері; осындай жарнамалар мен ақпараттарға жататын тікелей қатысты кәсіпорындар немесе азаматтардың бөлме есіктері мен терезелерінің үстіңгі жағында орналастырылатын жалаушалар мен басқа да жұмсақ маталардағы, соның ішінде күннің көзінен қорғайтын зонттар, сонымен қатар қондырғылардағы жарнамалар мен ақпараттар; осындай ақпаратқа жататын кәсіпорындар немесе азаматтарға тікелей қатысты ақпаратты құлқы бар уақытша қойылатын ауыспалы қалқандар, стендтер (штендер); саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық немесе басқа да ұжымдар өткізетін сайлау алдындағы немесе басқа да акцияларға байланысты әлеуметтік және саяси жарнамалар. Саяси жарнамалардың орналастырылуы мен таратылуы заңнама іс әрекетімен қаралған жағдайда ғана рұқсат етіледі; орналастырылу уақытының шектелуімен, қаланың белгіленген учаскелерінде орналастырылған жарнама және ақпаратты хабарлаулары бар уақытша сыртқы жарнама құралдары; шығарылмалы қалқанды конструкциялар (штендер) - өз жұмыс уақыттары көрсетіліп қалаға орналастырылған кәсіпорындардың уақытша сыртқы жарнама құралдары. Штендерлер екі жақты болуы керек және жеке сәулелеуі болмауы керек. Жаяулар жүретін жерде кедергі жасайтын штендерлерді және де жүргізушілер қабылдауына бағдарланған штендерлерді орнатуға рұқсат берілмейді.
Тармақ 19
19. Сыртқы жарнама нысандарының сәулетті-кеңістіктегі шешімі және рәсімделуі айналадағы салынып жатқан құрылыстың көркемді-эстетикалық сапасына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 20
20. Сыртқы жарнама құралдары жаяу жүрушілер өтетін өткелдер және көшелер мен тротуарлардың механикалық тазартылуына кедергі жасамауы тиіс.
Тармақ 21
21. Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды тарихи және мәдени ескерткіштер, тарихи нысандар аумағында орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 22
22. Құрылыс-жинақтау жұмыстары бекітілген жобалау құжаттары мен сәйкестілік уәкілеттігі бар, мемлекеттік сараптау органдары берген сараптау қорытындысымен қатаң сәйкестікте орындалуға тиіс.
Тармақ 23
23. Сыртқы жарнама нысандарының инженерлік техникалық шешімі мен рәсімделуі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-2 Заңына сәйкес, берілген ықпал түріне қарай орнатылған заңмен нормативті және берілген деңгейге сәйкес пайдаланудың барлық мерзімінде мықтылығын, қаттылығын, төзімділігін және конструкцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 24
24. Сыртқы жарнаманы жарнамалау және рәсімделу нысандарының материалдары аумақтың табиғи-климаттық жағдайына байланысты, экологиялық және санитарлы-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына сәйкес қауіпсіздік пен экология сапасының жаңаша түріне жауапты болуы тиіс.
Тармақ 25
25. Сыртқы жарнама нысандары мен рәсімделудегі жарнама өндірісінің технологиясы барлық пайдалану мерзімінде қажетті сапалы параметрлер деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 26
26. Жарнама тарату нысанының нұсқау нөмірімен таңбалануы керек. Нысанның нөмірі, берілген нысанның төлқұжаты тізілімінде тіркелгендей, тіркеу нөміріне сәйкес беріледі.
Тармақ 27
27. Жарнама тасушы орнатылғанда жолдың жабылған беті мен газондар, ұқсас материалдар мен технологияларды пайдалана отырып жарнама таратушыны орналастырғанға дейін қандай күйде болса, сол қалпына келтірілуі керек.
Тармақ 28
28. Жарнама тасушының инженерлік-техникалық шешімдері жарнама тасушыға бекітілетін ғимараттар мен құрылыстардың алып жүру мүмкіншіліктерін ескеруі және олардың пайдалану сапасының шығындануына жол бермеу керек.
Тармақ 29
29. Көлік құралдарында таратылатын жарнамалар жол қозғалысы қауіпсіздігінің талабын қамтамасыз ету есебімен және нақты көлік құралының динамикалық өзгешелігіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 30
30. Көлік құралдарындағы жарнаманың таратылу эскизінің рәсімделуі «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісіліп, көлік иелерімен жүргізілген шарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 31
31. Ұжымның заңды тұлғалы атауы жазылған ақпараттар мен оның ведомстволық құрамдылығы көрсетілген мекемелік тақтайшалар ұжымдағы кіре берістерге орналастырылады: - оның көлемі 0,3-тен 1,5 ш.м. сәйкес келуі керек. - республикалық және облыстық бағыныштағы мекемелердің мекеме тақтайшалары тіркеуге жатпайды.
Тарау 3. 3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату және рәсімдеу саласында мемлекеттік реттеуші
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату және рәсімдеу саласында мемлекеттік реттеуші
Тармақ 32
32. Көкшетау қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру саласын рәсімдеуді реттеу келесі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) тіл дамыту органы;
Тармақ 33
33. Уәкілетті органның құзырына жатады: жарнама беруші дайындаған жарнаманың нобайы және т.б. ақпараттармен келісу; дайын жарнамалық қондырғыларды қабылдау; рұқсат қағаздарды беру және кері қайтарып алу; рұқсат қағаздарды беру тізілімін қалыптастыру және жүргізу; жарнама жеткізушілердің есебін жүргізу; бекітілген жоба құжатнамасының және рұқсат беру талаптарынан ауытқу және/немесе бұзушылыққа жол бермеу және анықтау шараларын қолдану; сыртқы (көрнекі) жарнама және рәсімдеу құралы бойынша дайындалған жобалық - орындаушы құжаттарын танысу үшін алу;
Тармақ 34
34. Тілдерді дамыту органының құзырына жатады: орнатылған жарнаманың бейнелеу дұрыстығын, олардың мөлшер сәйкестігін, сонымен қатар жарнама жеткізуші орнатқан жарнаманың бейнелеу транскрипциясының дұрыстығын бақылау; жарнаманың нобайына және басқа да ақпараттарға келісім беру, жарнама беруші жазып, дайындаған ақпараттың заттық сәйкестігін, транскрипциясын бақылау; тіл туралы заңнаманы бұзған заңды және жеке тұлғаларға шара қолдану.
Тармақ 35
35. Осы тармақта көрсетілген субъектілер сыртқы (көрнекі) жарнама саласында және қазақстан Республикасы заңнама негізінде рәсімдеу кезінде басқа да функцияларды жүзеге асыра алады.
Тарау 4. 4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнату мен ресімдеуге рұқсат алу тәртібі
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнату мен ресімдеуге рұқсат алу тәртібі
Тармақ 36
36. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орнату, белгіленген талапқа, орнатылған тәртіпке сәйкес және Көкшетау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату жағдайы рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Көкшетау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнатуға рұқсат алу үшін тапсырыс беруші уәкілетті органға келесі құжаттар тізбесін береді:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен белгіленген түрдегі өтініш;
Тармақша 2
2) жарнама жеткізушінің эскиздік жобасында габарит мөлшері көрсетілген (жалпы өңі фотоколлаж техникасымен орындалуы керек) және қысқа техникалық сипаттамасы болу керек;
Тармақша 3
3) жер учаскесін бөліп берудің сұлбасы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасындағы салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгенін растайтыны туралы куәлік;
Тармақша 5
5)заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) Мемлекеттік тіркеу нөмірі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 6
6)тапсырыс берушінің жеке куәлігінің (жеке тұлға үшін) көшірмесі; өтініштің қаралатын ұзақ мерзімі - он жұмыс күні. Сыртқы жарнама нысанының эскиздік жобасы және габарит мөлшері рәсімделуі көрсетіліп (жалпы өңі фотоколлаж техникамен орындалуы керек) қысқа техникалық мінездемесі жайлы қосымшасы бар өтініштерін жарнама беруші немесе жарнама таратушы қаланың бас сәулетшінің атына жолдайды, эскизі түрлі-түсті болып, қазақ және орыс тілдерінде компьютерде орындалуы керек (қазақ тіліндегі мәтіндері Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасында бекітілуі тиіс).
Тармақ 38
38. Жарнама таратушы мен жарнама өндірушінің төмендегідей құжаттар жиынтығының болуы сыртқы жарнама нысандарының орнығуы мен пайдалануының шарты болып есептеледі: алып жүретін конструкцияларды дайындау және жинақтау лицензиясы; шатырлы қондырғылар мен бөлек тұрған конструкцияларға арналған сыртқы жарнама нысандарын сараптаудан өткізудің есебі.
Тармақ 39
39. Дұрыс тұжырым болған жағдайда «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық қызметтермен келісу үшін нысанды орналастырудың жоспарлау сұлбасымен (қала топожоспарынан алынған) жер жұмыстарын жүргізу ордерін береді.
Тармақ 40
40. Жоғарыда көрсетілген процедуралар орындалған жағдайда жарнама таратушы мен жарнама өндіруші Көкшетау қаласында сыртқы жарнаманы орналастыруға төлемақы мөлшерінің бекітімі негізінде Ақмола облысының Салық комитетіне сыртқы жарнаманы орналастыру үшін ақы енгізеді.
Тармақ 41
41. Дұрыс шешім болған жағдайда «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген құжаттар негізінде (жарнама орнының төлқұжаты) жарамды мерзімі көрсетілген сыртқы жарнаманы (көрнекі) орналастырудың рұқсатын рәсімдейді. Рұқсат беру мерзімі - 1 күн.
Тармақ 42
42. Сыртқы жарнама нысандарының монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін жарнама өндіруші нысанды пайдалануға беру үшін сыртқы жарнама нысандарының эскиздік жобасын салыстыруға қаланың бас суретшісін шақырады.
Тармақ 43
43. Сыртқы жарнама нысанын пайдаланудың мерзімі 1 жылға дейінгі мерзімге қойылады және пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берушінің өтініші негізінде пайдалану мерзімін ұзартуға болады.
Тарау 5. 5. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына және ресімделуіне қойылатын арнаулы талаптар
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына және ресімделуіне қойылатын арнаулы талаптар
Тармақ 44
44. Сыртқы жарнама құралынсыз және ақпаратсыз не болмаса сыртқы жарнама нысанының берілген тәртіптен ауытқуы бар, сонымен қатар жарнама тасушы мен сыртқы жарнама құралдарының берілген көркем-декоративті шешімінен (параметрден) ауытқуы бар жарнама тасушыны пайдалануға 1 айдан артық рұқсат етілмейді.
Тармақ 45
45. Қолданылып жүрген заңнама талабына қайшы және де берілген инженерлі-техникалық параметрлерден ауытқуы бар сыртқы жарнама нысандарын пайдалануға және рәсімдеуге рұқсат етілмейді. Ақаудың түріне қарай 10 күннің ішінде ақаулар жойылуы тиіс. Ақау жойылғанға дейін жарнама нысаны тасушының иемденуші өкілетті уәкілдің қадағалауында болуы тиіс. Берілген мерзімде ақауды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды ары қарай демонтаждауымен нысанды не болмаса сыртқы жарнама құралдарын пайдалану мерзімі тоқтатылады.
Тармақ 46
46. Демонтаж жарнама тасушының сыртқы жарнама нысандарының орналастыру мерзімі мен рұқсатының қызметі аяқталғанын білдіреді.
Тармақ 47
47. Жарнама беруші және жарнама таратушы жарнама нысанымен пайдалануды бақылау бойынша «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шешімін көрсетілген мерзімде орындауы тиіс.
Тармақ 48
48. Ротация (ауыстыру) өткізу үшін жарнама беруші не болмаса жарнама таратушы «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде келісілген экспозиция эскизі қосылған өтінішті қаланың бас сәулетшісінің атына жолдайды.
Тармақ 49
49. Жарнама - ақпарат кеңістігін қолданудың ережелері мен тәртібін орындаған кезде жарнама беруші немесе жарнама таратушы төлқұжат іс әрекетінің мерзімін ұзартуға құқылы.
Тармақ 50
50. Төлқұжат іс әрекетінің мерзімін ұзарту үшін жарнама беруші немесе жарнама таратушының төлқұжат іс әрекеті мерзімінің аяқталуына 1 ай қалған уақытта өтінішін Көкшетау қаласының бас сәулетшісі атына жолдайды.
Тармақ 51
51. Сыртқы жарнама нысаны мен рәсімделуде, осы ережеде берілгендей бұзушылықтар, сонымен қатар оларды орнықтыруға рұқсат беру мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты тіркеуден өтпесе, көрсетілген нысандар осы ережеде нұсқалған тәртіп бойынша демонтажға жатады.
Тарау 6. 6. Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын жобалау, монтаждау мен пайдаланудағы техникалық талаптар
6. Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын жобалау, монтаждау мен пайдаланудағы техникалық талаптар
Тармақ 52
52. Сыртқы жарнама нысандарының міндетті түрдегі техникалық сараптауына келесі конструкциялар жатады: 3,0*6,0 шаршы метр форматты бөлек тұрған қалқанды конструкциялар; шатыр қондырғылар; Сыртқы жарнама нысандарының жобалау, өндіру және монтаждау лицензиясы бар жауапты мекемелермен жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Жарнама-ақпарат хабарларының дұрыстығына, Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілгендей, жарнама беруші не болмаса жарнама таратушы (жарнама берушімен ұсынылған ақпараттар бұрмаланбаса) сыртқы жарнама құралдарын орнатқан кезде сапа параметрлерін сақтауға жарнама өндіруші жауапты.
Тармақ 54
54. Сыртқы жарнама нысандарын әрі қарай пайдалану осы ережеде көрсетілгендей кемшіліктер мен заңнама ережелері белгіленген мерзімнің сақталмауы және дұрыс рәсімделмеуі «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына ұсынылады. «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы нысанды пайдалануды тоқтатып, демонтажға беру және орнықтыру орнын басқа жарнама беруші немесе жарнама таратушыға беру туралы шешім шығара алады.
Тармақ 55
55. Өз еркімен орналастырылған сыртқы жарнама нысандары «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыруымен мердігерлер шығынының орнын толтыру арқылы жарнама берушінің, жарнама таратушы немесе мердігерлердің өз күшімен демонтажға жатады. Осы Ереженің орындалуын бақылауды «Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Жоба құжаттарын бекітудің келісімі мен инженерлік-техникалық параметрлерінің сақталуына жарнама өндіруші немесе жарнама жеткізушінің иегері жауапты.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 56
56. Ведомстволық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалардың сыртқы (көрнекі) жарнаманы рәсімдеу, орнату, пайдалануы үшін осы Ереже таратылады.
Тармақ 57
57. Ережемен қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларымен реттеледі.