Об утверждении Правил благоустройства и содержания объектов инфраструктуры на территории города Степногорска и поселков Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласы мен кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген Степногорск қаласы мен кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың сауда, тұрғын үй-коммуналдық қатынастары және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 9 қарашадағы № ЗС-23/2
шешімімен бекітілген
Степногорск қаласы және кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Степногорск қаласы және кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес дайындалған.
Ережелер Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттері және Қарабұлақ селолық округінің аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау тәртібін реттейді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережелерде келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақты көркейту - әкімшілік аумақта адамның қолайлы, ыңғайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтер кешені;
Тармақша 2
2) инженерлік тораптар мен имараттар - халық пен ұйымдардың қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсету, жер беті суын жинау мен суды әкетуге арналған аумақты инженерлік көркейтудің маңызды элементтері;
Тармақша 3
3) шағын сәулет нысандары - әшекейлі және утилитарлық сипатты көлемі бойынша өте үлкен емес объектілер (мүсіндер, су атқыштар, бедер тақталар, беседкалар, отырғыштар, сауыттар және т.б.);
Тармақша 4
4) берілген аумақ - жеке немесе заңды тұлғаға жеке меншікке немесе жер қойнауын пайдалануға берілген жер учаскесі;
Тармақша 5
5) көше - жол жүру бөлігі, аяқжолдар, жасыл жиектер, аялдамалар, жерасты және жербеті инженерлік тораптары орналасқан аумақ;
Тармақша 6
6) өкілетті орган - қалалық бюджеттен қаржыландыратын, көркейту және инфрақұрылым объектілерін сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға арналған уәкілетті атқарушы орган.
Ережелерде пайдаланылатын басқа да негізгі түсініктер жоғары тұрган деңгейлердің нормативтік құқықтық кесімдерімен белгіленген оларды мағыналарына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар - ғимараттар мен имараттардың меншік иелері немесе басқа да заттық құқықтардың иегерлері міндетті:
Тармақша 1
1) ғимараттар, шаруашылық және тұрмыстық имараттарды техникалық түзетілуде, уақытылы оларды жөндеуге және сыртқы келбетін лайықты түрде ұстауға;
Тармақша 2
2) көп пәтерлі тұрғын үйлері подъездерінің есіктерінде пәтерлер нөмірінің белгіленуімен маңдайшалар, көше фонары және қоқысты жинау үшін сауыт болу керек;
Тармақша 3
3) ғимараттардың кірер есіктерін түзетілуде ұстауға, шатыр мен подвалдарды кілтке жауып ұстауға;
Тармақша 4
4) аулаларда, подъездерде, подвалдарда және баспалдақ алаңдарында электр жарығы болуға және түзетуде ұстауға;
Тармақша 5
5) су құбыры жүйесін, канализация жүйесін, жылу беру жүйесін түзетуде ұстау және подвал бөлмелерінің су басуына жол бермеуге;
Тармақша 6
6) құрылыс алаңдарын қоршауға, жаяу жүрушілерге тиісті алдын алу белгілермен уақытша өту жолдарын жасауға;
Тармақша 7
7) қазу орындарын, құрылыс алаңдары орындарын уақытылы тәртіпке келтіруге, қызметтік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жасаған кезде пайда болатын қоқысты жұмыс өндірушілерінің күштері және құралдарымен шығаруға;
Тармақша 8
8) өндірістік, қызметтік және тұрғын-үй ғимараттарына келетін жолдарды түзету және бос ұстауға;
Тармақша 9
9) берілген аумақты тиісті ұстауға, берілген аумақтағы қоқыс өсімдіктерін уақытылы және жүйелі жоюға.
Тармақ 4
4. Қала мен оған жататын елді мекендердің көшелерінде тиым салынады:
Тармақша 1
1) әр түрлі плакаттарды, хабарландыруларды, жарнамаларды, үндеулерді, хабарламаларды және басқа да көрнекі ақпаратты осы мақсаттарға белгіленбеген орындарда жапсыру, сондай-ақ көшенің жол және жаяу жүретін бөлігін, құрылыстан бос аумақтар және басқа да жалпы пайдалануға арналған орындарды қоқыстың қандай болса да түрлерімен ластауға (қағаздармен, газеттермен және т.б.)
Тармақша 2
2) жасыл жиектерді бұзуға, талдарға тамақтарды ілуге, жуылған кірді кептіру үшін жіптерді байлауға, электр және телефон жүйелерін бекітуге, жапырақтарды, жемістерді үзуге, көгал мен гүлзар бойынша жүруге;
Тармақша 3
3) жол ғимараттары, белгілері, реттеу мен жол жүруді ұйымдастыру құралдары және басқа да жол құралдарын бүзуға;
Тармақша 4
4) көшелерге көлік құралдарының және басқа да техниканың кіруі мен шығуы, көше арқылы белгіленбеген, ол үшін тиісті құралдармен жабдықталмаған және жиектас арқылы жүріп өту, тротуар мен көгалдарға көліктің барлық түрлеріне өту;
Тармақша 5
5) көшелердің жүру жолдарын, жол желілерді, құрғатқыш жабдықтарын, ластау, сондай-ақ көшелерді ластайтын сәйкес орауы жоқ жүктерді тасу;
Тармақша 6
6) көшелерді, жол имараттарды көлікпен, құрылыс материалдарымен, жиһазбен немесе басқа да заттармен қоршау немесе үйіп тастау;
Тармақша 7
7) көшелердің жүретін жолдарына канализация, өнеркәсіптік және ағынды суларды ағызу;
Тармақша 8
8) жанармай құю, көлік құралдарын жөндеу мен майлау, жүкті тиеу, түсіру мен бекіту, асқынжүк, көлік құралдарын жуу мен тазалау;
Тармақша 9
9) көшелерде, тротуарларда, сауда науаларда сауда аяқталғанымен бөшкелерді, жәшіктерді, жылжымалы көлік құралдарды, қоқыстарды қалдыру.
Тармақ 5
5. Ұйымдардың ішкі аумақтарында және жеке үйлерінде қоқысты, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, далада от жағуға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жазғы мерзімде үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында әр аптаның бір санитарлық күні - бейсенбі күні белгіленеді. Осы күннің ішінде берілген аумақтардың тазалауына заңды және жеке тұлғалар қатысады.
Тарау 2. 2. Аумақтарды тазарту тәртібі
2. Аумақтарды тазарту тәртібі
Тармақ 7
7. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
Тармақша 1
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
Тармақша 2
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
Тармақша 3
3) сыпыру;
Тармақша 4
4) жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
Тармақша 5
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
Тармақ 8
8. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, қалалық көше желілерінің жолдарын, автокөлік тұрақтарын, жолөткелдерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік, резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
Тармақ 10
10. Жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, магистральдардың жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
Тармақ 16
16. Іргелес жатқан аумақтарды, қала көшелерінен оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген учаскелерінде орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайыландырылған ұйымдармен орындалады.
Тармақ 17
17. Жеке түрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылысынан радиусы бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші арнайыландырылған ұйымдар орындайды.
Тармақ 18
18. Сыртқы жарықтық бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 19
19. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге жәшіктерді үюге жол берілмейді.
Тармақ 20
20. Жанармай құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілердің өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
Тармақ 21
21. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
Тармақ 22
22. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттік жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен тәулік мерзімінде шығарылады.
Тармақ 23
23. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Қысқы кезеңде саябақтардағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
Тармақ 25
25. Қысқы кезеңде жолдар, бос орындықтар, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
Тармақ 26
26. Жаяужолдар мен жолдың жүру жанындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады.
Тармақ 27
27. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 28
28. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
Тармақша 1
1) бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан, ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
Тармақша 2
2) соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
Тармақ 29
29. Жаяужолдарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) жаяужолдар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар - мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
Тармақша 2
2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек.
Тармақ 30
30. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі. Аула ішінде қарды үйген кезде, ағынды сулардың ағып кету жағын қарастыру керек.
Тармақ 31
31. Қысқы кезеңде уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Жаяу жүргіншілер жанындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы жүргізілуі керек.
Тармақ 32
32. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.
Тармақ 33
33. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
Тармақ 34
34. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ қала аумағында және іргелес елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде шарт жасауы қажет.
Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) тасып-шығару ұйымдардың және жеке тұлғалардың өздері жүзеге асырады немесе мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт негізінде іске асырылады.
Тармақ 35
35. Құрылыс және (немесе) қозғалмайтын нысандарға жөндеу шығару келісім-шарттарына отыруы қажет, оны тасымалдау келісім-шарт негізінде немесе жеке түрде жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Иелікті үй аумақтарында көлікке арналған ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлер орналастыруға арналған тиісті бөлінген алаңдар болуы керек. Қатты тұрмыс қоқыстарды жинау үшін темір контейнерлер қолдану қажет.
Тармақ 37
37. Аумақтарында контейнер алаңдарды орналасқан ұйымдар, келесі талаптарды орындаулары тиіс:
Тармақша 1
1) контейнер алаңдағы жолдар қатты жабынды болуы тиіс;
Тармақша 2
2) жақын маңдағы аумақтарға қоқсық таралып кетпеуі үшін; контейнер алаңдар толық қоршаумен қоршалған болу керек;
Тармақша 3
3) контейнер алаңдарын және оның маңындағы аумақтардың тиісті санитарлық жағдайын қамсыздандыру;
Тармақша 4
4) контейнерлерде тұрмыс қоқыстарының өртеуін рүқсат етпеу;
Тармақша 5
5) қысқы уақытта - халықтың пайдалануына және мамандырылған автокөліктердің жұмысына қалыпты жағдай жасау мақсатында контейнерлік алаңдардағы кіріс жолдардың және подъездердің қарын тазалауды қамтамасыз ету.
Тармақ 38
38. Контейнерлерді құруға арналған алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, мекемелерден, спорттық алаңдардан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 10 метр қашық болуы тиіс. Алаң аумағының мөлшері қажетті контейнерлердің санына қарай есептелген болуы керек.
Тармақ 39
39. Сұйық тұрмыс қалдықтарын және ірі көлемдегі қоқыстарды қоқыс өткізгішіне тастауға тиым салынады. Қоқыс қабылдағыш қорап құлыпқа жабылуы тиіс, қоқыс қабылдағыш қорапқа бөгде тұлғалардың кіруіне тиым салынады.
Тармақ 40
40. Қоқыс өткізгішті эксплуатациялау тұрғын үй қарамағына қарайтын эксплуатациялық ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 41
41. Эксплуатациялық ұйымның қамтамасыздандыру міндетті:
Тармақша 1
1) қоқыс өткізгіш және қоқыс қабылдағыш қораптың дұрыстығын;
Тармақша 2
2) дыбыссыз жұмыс үшін әр қабаттағы қоқыс тиейтін өткізгіштердің клапандарының қақпақтары герметикалық, тығыз жабылып, резеңке төсемдермен жабдықталған болуы керек;
Тармақша 3
3) қоқыс қабылдағыш қораптардың және оқпандардың тазалық дезинфекциялық шараларының ай сайынғы өткізілуі (дезинфекция, дезинсекция және дератизация).
Тармақ 42
42. Көшелерде, қоғамдық автокөлік жолаушылар аялдамасында, адамдардың көп шоғырланған жерлерінде, сауда нысандарының кірер есік алдында қоқыс тастауға арналған арнайы жәшіктер болуы тиіс. Халық көп шоғырланған жерлерде қоқыс тастауға арналған жәшіктердің ара қашықтықтығы 50 метрден кем болмауы керек. Қалалық автокөлік жолаушылар аялдамаларында және сауда нысандарының кірер есік алдында екі қоқыс жәшігі орнатылады.
Тармақ 43
43. Қоқыс жәшіктерін жуу, ластану өлшеріне қарай аптасына бір реттен жәшіктерін тазарту және дезинфициялық шаралар ғимараттың, мекеменің орналасқан аумағына байланысты меншік немесе басқа да құқыққа ие заңды және жеке тұлғалармен жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Инфрақұрылым нысандарын орналастыру және қамтамасыз ету
3. Инфрақұрылым нысандарын орналастыру және қамтамасыз ету
Тармақ 44
44. Тұрғын үй аумағында, қоғамдық аймақтар, шағынгүлбақ, көшелер, бақтар, демалысқа арналған алаңдар балалардың ойындарына, егде кісілердің демалысына арналған құрылғылармен, шағын сәулет мүсіндерімен - күркелермен, көлеңке қалқалармен, гүлкестелермен, орындықтармен, қоқыс жәшіктерімен, фонтандармен, газет стендтерімен, шарбақтармен жабдықталады.
Шағын сәулет мүсіндері стационарлық және мобильді болуы мүмкін.
Тармақ 45
45. Шағын сәулет мүсіндері құрылыс телімі аумағында жаңадан салуда жобалау, даярлау және орнықтыру тапсырыс берушінің құжатнамасымен бекітілген жобалы - сметаға сәйкес жүзеге асады.
Тармақ 46
46. Шағын сәулеттік мүсіндердің құрылымдық шешімдері олардың тұрақтылығы, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыздандыруы керек.
Тармақ 47
47. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет мүсіндерінің меншік иелері өз есептерінен олардың ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 48
48. Офис ғимараттары, сауда және қоғамдық тамақтану нысандары, бос уақыт өткізетін және халықтың көп шоғырланатын жерлер келушілерге арналған тегін машина қоятын жермен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 49
49. Жеке автокөлік құралдары иелерінің гараждарын, орналастыру, күзетпен қамтамасыз етілген ашық автотұрақтарды, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және тегіндердің) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қалақұрылыс мөлшерлеріне, ережелеріне, белгіленген тәртіптегі келісілген және өңделген жобалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Ашық ақылы жеңіл автокөлік тұрақтарын қоғамдық құрылыс пен тұрғын үй арасындағы санитарлық арақатынасты қамтамасыз ету қажет. Автотұрақтардың қатты жабыны, қоршауы, күзетке арналған ғимараты және сыртқы жарықтандыруы болуы тиіс. Автокөліктерді сақтау орындарының үстінде жеңіл контрукциялардан жасалған қалқалар құрылғысы рұқсат етіледі.
Тармақ 51
51. Құрылыс алаңдарындағы нысандық жұмыстардың өндірісі басталғанға дейін (жаңа кұрылыс, қалпына келтіру, жөндеу, салынған нысандарды бұзу) салушыға (жөндеудегі, қайта қалпына келтірудегі меншік иесіне) анықталған жұмыс түрлерін жүргізуге және келісім алу үшін уәкілетті органға құжаттарын тапсыруы керек.
Тармақ 52
52. Рүқсат алғаннан кейін құрылыс жүргізуші - тапсырыс беруші (нысанды жөндеу, қайта қалпына келтіру кезіндегі меншік иесі) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңдарын орнықтыруда келесі міндетті талаптардың сақталуын орындау керек:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңы периметр бойынша жаппай қоршалады, бөтен кісілердің кіруіне және жақын маңдағы аумақтардың ластануына жол бермейді; халық көп жүретін өту орындарында қоршау жаппай қорғау күнқағармен жабдықтау қажет;
Тармақша 2
2) қоршалу қоршалуларға арналған метал кескінделген жапырақтардан немесе темірбетонды панельдерден даярлануы керек;
Тармақша 3
3) қоршау құрылымдары көлденең және тікте бағыттарда қатты бекітілген және тегістілген, сырланған және таза болуы керек;
Тармақша 4
4) құрылыс алаңдарымен бірге шағын мөлшерде екінші дәрежедегі көшелерге шығатын қақпа орнатылған жолдар немесе шлагбаум ескерілуі керек;
Тармақша 5
5) шығыс жолдарда ақпараттық қалқандар орналастырады;
Тармақша 6
6) жарықтандыру барлық периметр бойынша екі жақты болуы керек;
Тармақша 7
7) алаңның ішкі жолдары және құрылыс алаңына баратын жолдар қатты жабын болуы тиіс, олардан аққан суды қаланың асфальтталған жолдарына ағуды қамсыздандыру;
Тармақша 8
8) шығар жолдарда транспорттық құралдардың доңғалақтарын жуу орны (тазалау) орнықтырылады;
Тармақша 9
9) құрылыс алаңдарының аумақтары тазалықта және тәртіпте болуы тиіс, құрылыс және тұрмыс қоқыстарын жинауына арнайы орнатылған контейнерлер, бункер - жинақтағыштар болуы тиіс және қоқыстың дер кезінде тасып шығаруы ұйымдастырылуы керек;
Тармақша 10
10) ғимараттардың, мекемелердің қасбеттерінде жұмыстар жүргізгенде, арнайы торлардан тоқылған, осы мақсат үшін қарастырылған, қасбетке немесе орнатылған сатылы құрылымдарға бекітілетін торлы қоршау қарастырылуы керек.
Тармақ 53
53. Барлық құрылыс материалдары және топырақтар тек қоршалған аумақ шектерінде ғана орналасуы керек, шығып кеткен алынған топырақ (табиғидан басқа) жедел түрде уәкілетті орган келісумен анықталған учаскелерге жеткізіледі.
Тармақ 54
54. Құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші міндетті түрде құрылыс аумағына қарасты бұзылған аумақты, сонымен қатар көліктерге, жаяу жүргіншілерге арналған уақытша аумақтарды, ғимараттарды, материалдар қоймасын, инженерлік жүйе желімдерін жәнеде басқа да уақытша мұқтаж болған аумақтарды көркейтуі керек.
Тармақ 55
55. Ықшамаудандардың және кварталдардың тұрғылықты аймақтары қоқыс қораптарына, киім кептіруге, демалысқа, балалардың ойындарына, спортпен айналысуға, үй жануарларын серуендететін, автотұрақтарға, машина қоятын жерлерге, жасыл аймақтарға арналған алаңдармен жабдықталады.
Тармақ 56
56. Ықшамаудандардың және кварталдардың тұрғылықты аумақтарында, сонымен қатар үй алдындағыларды аумақтарда келесі тәртіптерді қадағалау қажет:
Тармақша 1
1) іргетас жабуларын, тротуарларды, жаяу жүргіншілердің жолдарын, кварталдың ішкі жолдарын және соқпақтарын қалыпты жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) аулаларда әртүрлі дәрежедегі шаруашылық немесе қосалқы құрулардың құрылысын өз беттерінше жүргізуге рұқсат етпеу (гараждар және басқа);
Тармақша 3
3) үй алдындағы аумақтарға құрылыс материалдармен үйіп тастауды рұқсат етпеу;
Тармақша 4
4) шағын сәулет мүсіндерін, спорттық, ойындық, балалар және шаруашылық алаңдарындағы жабдықтарды, аулалар мен қоршалуларды дұрыс қалыпта ұстау, олардың сырт пішінін таза ұстау.
Тармақ 57
57. Үй алдындағы аумақтарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) ауланы жинау жұмыстары мен апаттық жағдайларды жою жұмыстарынан басқа сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін тыныштық бұзатын өндіріс әрекеттеріне байланысты жұмыстарға;
Тармақша 2
2) балалар алаңдарында, жаяу жүргіншілер жолында, кварталдың ішкі аумағында және аула маңындағы жасыл аймақтарға қызметтік және жеке автокөлікпен кіруге және көлік тұрағына;
Тармақша 3
3) арнайы бөлінген және белгіленген басқа жерлерде автотранспорттық құралдарына және көлік тұрақтарына.
Тармақ 58
58. Заңды және жеке тұлғалар өз меншіктеріндегі немесе басқа да құқықтағы аумақтарында орналасқан ғимараттарға уақытылы жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын және көрсетілген нысан қасбеттерінің және олардың жеке элементтерін сырлау (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырдың және басқа), сонымен қатар аулада орналасқан ақпараттық, ескертпе тақта қасбеттерінің тазалығын және бастапқы қалпын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақ 59
59. Ғимараттардың және мекемелердің қасбеттерін және құрылымдық элементтерді өз беттерімен қайта жабдықтауға тыйым салынады.
Тармақ 60
60. Ғимараттарды және мекемелерді жалдаушылар ғимараттардың қасбеттердің жөндеу, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстар міндеттемелерін жалдау келісім-шартына сәйкес өз міндеттеріне алады.
Тармақ 61
61. Тарихи және мәдени сәулет ескерткіштері болып табылатын ғимараттарды және мекемелерді жөндеу, қалпына келтіру және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен мекемелердің қасбеттерінің сәулетшілік бөлшектерін алдын ала бұрынғы қалпына келтірусіз сырлауға;
Тармақша 2
2) сәндік түрлі түсті терразитовоймен сылақталған және тастүсті сылақпен жүргізілген табиғи немесе жасанды тасты қаптама қасбеттерге бояу жұмыстарын жүргізуге,
Тармақ 63
63. Көшелерді, жолдарды, алаңдарды және басқа да жарық түсірілетін нысандарды жарықтандыру табиғи жарықтың деңгейі төмендегенде, кешкілік ымырт 20 люкске дейін түскенде қосылып, ал сөндіру таңертеңгі ымырттың жоғарылауы 10 люкске жеткенде жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Аудандарда, магистральдерде және көшелерде, аула маңындағы аумақтарда шамдардың жанбауы 5 пайыз шамадан аспауы тиіс. Металл тіректер, тіреуіштер және сыртқы жарықтандыру құрылғыларының басқа элементтері тазалықта болуы тиіс, коррозия ошақтары және артық боялмауы керек.
Тармақ 65
65. Қолданыс санатынан шыққан құрамында сынап бар, - ДРЛ, ДРИ, ДНАТ, люминесценттіктер - газразрядтары бар шамдар, осы мақсатқа арналған жеке орындарда сақталуы тиіс және оларды жою арнайы тасмалдауды кәсіпорындары жүргізеді. Қалалық полигонға шамдардың көрсетілген үлгілері көлікпен шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 66
66. Негізгі магистральдерде жарықтандырудың соғылған тіректерін және электрлендірілген автокөліктің байланыс жүйесін шығару тірек иелерімен, шүғыл түрде жүзеге асады, сонымен қатар қалған аумақтарда бұзылған тіректерді - тәуліктер ішінде.
Тарау 4. 4. Қорытынды қағида
4. Қорытынды қағида
Тармақ 67
67. Ережелердің талаптарын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз құзыры аясында мемлекеттік органдармен жүзеге асады.
Тармақ 68
68. Қала көркейуі жалпы бақылау, тексеріс жүргізу және комиссиялық тексеріс жүргізу жағдайында үйлестіруді функионалдық міндеттеріне сәйкес уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 69
69. Осы Ережені бұзған айыпты заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
Әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылған айыпты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес материалдық шығынды өтемейінше және жіберілген қателіктерді қалпына келтірмейінше жауапкершіліктен босатылмайды.