Об утверждении Перечня документов, подтверждающих легальность происхождения вывозимой наличной иностранной валюты
Күшін жойған
Қаулы
·№ 133
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня документов, подтверждающих легальность происхождения вывозимой наличной иностранной валюты
- Атауы (қаз.)
- Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 29.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2012 AI25959_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003951_
- ЭКБ идентификаторы
- 25959
- Редакция идентификаторы
- AI25959_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:15
0 Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министрі
2005 жылғы 15 қараша
0 Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 29 қазандағы
N 133 қаулысымен бекітілген
Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі
1 1) Төмендегі кез келген нысан бойынша салық декларациясы (салық төлеушінің данасы):
жеке табыс салығы жөніндегі декларация (220.00 нысаны);
жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларация (230.00 нысаны);
жеке табыс салығы жөніндегі декларация (240.00 нысаны);