Ұлытау ауданының елді мекендері аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрлысы және құрлыс қызметі туралы» Занының 23 бабы 2 тармағы және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 3 бабаның 2 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ұлытау ауданының елді мекендері аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы от 22.10.2005 г. № 14-6 (Ұлытау ауданының елді мекендері аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған «Ұлытау ауданының елді мекендері аумағын көркейту Қағидасы» бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, экология, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Қ.Бекілдеков) жүктелсін.
Келісілді:
Ұлытау ауданының әкімі:
Б.Мұқаш
23. 10 2005 ж.
Ауылшаруашылығы және жер
қатынастары бөлімінің бастығы
Ш.Асансейтов
23. 10 2005 ж.
Аудандық салық
комитетін төрағасы
Ә.Жандарбеков
25.10.2005 ж.
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің меңгерушісі:
Т.Шайхин
25. 10 2005 ж.
Аудандық қазынашылық коммуналдық
шаруашылық кәсіпорын директоры:
Е.Ибадильдин
26. 10 2005 ж.
Ұлытау ауданы қала құрылысы,
құрылыс,тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары мемлекеттік
бөлімінің меңгерушісі:
А.Досанов
23. 10 2005 ж.
Ұлытау аудандық Ішкі Істер бөлімінің
бастығы подполковник:
С.Дүйсебаев
29. 10 2005 ж.
Ұлытау аудандық төтенше
жағдайлар жөніндегі бас маманы:
Е.Каренов
23. 10 2005 ж.
22 қазан 2005 жылғы
аудандық мәслихаттың
XIV – сессиясяның № 14-6
шешімімен бекітілген
№ 1 қосымша
Ұлытау ауданының аумағындағы елді -мекендері көркейту Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлім) «Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы» Кодексіне, «Халықтың санитарлық - әпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, «Жаңа объектілер салуға қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әзірленіп дайындалды.
1. Жалпы ережелер
1. Ұлытау ауданының көркейту қағидасы елді – мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенің өткізу тәртібін анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет,санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы қағида ауддан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз қажетті болып табылады.
2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған ауданды көркейтуді қамтамасыз ету жөніңдегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұймдастыру, сондай - ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, қажетті және құқығы енеді.
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға қажетті.
4. Ұлытау ауданы әкімдігі жанындағы қалашық, және ауылдық округтер әкімдері көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элеметтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметің жүзеге асыралы.
5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылады.
2. Қағида да қолданылатын негізгі түсініңтер
6. Өткілетті орган - Ұлытау ауданың көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган.
7. Қөркейту - адамның елді – мекендерде жақсы да жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту,сыртқы көркейту, санатарлық көркейту, көгаландыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.
8. Бекітілген аумақ – белгіленген аумаққа созылатын немесе оған қызмет ету үшін пайдаланатын немесе қорғау зонасы болып табылатын жер учаскесі.
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар – инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай –ақ ауданның қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға элеуметтік және мәдени – тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
10. Жер жұмыстары – аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушығы өзіне қарасты объектілерді (пайалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
12. Салынбаған аумақ – жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
13. Санитарлық тазалау – жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өндеу, залалсыздандыру.
14. Қаттытұрмыстық қалдықтар – бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстары, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы, қалдықтары, тротуар және аула маңындағы, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтары.
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар – кәріз жүйесіне қосылмаған үй – жай қалдықтары.
16. Қалдықтар жиынтағы – олардың пайда болу көзінен бекітілген шоғылдандырылған орындарға қалдықтарда қабылдау бойынша арнайы кәсіпорынның қызметі.
17. Қалдықтарды шығару (жою) – анықталған орындарға қалдықтарды автокөліктермен жеткізу (қалдықарту пункті, қалдық жинау орны полигон).
18. Қалдықтарды көму – арнайы орындарға (полигон) одан әрі пайдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зияңды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшаулау.
19. Полигон – жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және жинауға арналған, жалпы қолдану орындары.
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар – ауыл тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, елді мекендер аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған инженерлік көркейтудің манызды элементтері.
21. Қоғамдық орындар – ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар,коғамдық көліктердің аялдамалары.
22. Көше – даңғыл жолдар, тротуарлар,жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған аумақ.
3. Жалпы талаптар
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерліқ құрылғылардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды жол жергілікті әкімдіктерінен жөндеу мәселерімен органдарымен жазбаша рұқсат қағаз негізінде (ордер) ғана іске асырылады.
24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:
1) өкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
катты әсер ететін және радиоактивті, қопарғыш заттар таситын ірі аумақты және (немесе) ауырсалмақты көлік құралдары жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерліқ және коммуникация жүйелерімен қиылысумен;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе теміржолдарының төмендеуін және жоғарлауын;
теміржол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүнгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, траспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тіреген орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
бөгет болатын түрлі жұмыстарды өндіруге;
2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
Жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өндеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;
25. Шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстары, қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.
26. жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға қажетті.
1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;
2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған аумақтарды түңгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
3) нөсерлік кәріз жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау
4) механизімдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналама жолдарды дайндап, тиісті белгілер арқылы айналама жолдарды анық көрсету;
6) жұмыс өндіріс қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сонай ақ заң талаптарында көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі;
7) құрылыс матералардын сақтау жел ұшырмайтын және шаң -тозаңды болдырмайтын шараларды сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өніріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктарды және т.б. құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға жол берілмейді. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқанар және қоршаулар қолданылуы тиіс.
27. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, ауданды көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға жол берілмейді:
1) қоқыстар, тұрмыстық қалықтар, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сонай ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, несер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын кәріз жүйесіндегі құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтанарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктері тосатын аялдамаларға тастауға;
2) аулалар, гүлзалар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;
3) аудан әкімдігімен арнайы бөлмеген үйлердің, ғимараттардың, қондырғылардың қасбеттеріне, су ағар құбырларға, жарық беру бағаналарына, инженерлік желі және коммуникация қондырғыларына, көпшілік пайдаланатын орындарда және меншік иесінің келісімінсіз басқа да жерлерге хабарландырулар, жарнамалар, үгіт баспа өнімдерін (афиша, плакат, листовкалар) және басқа да көзбен шолу ақпараттарын орналастыруға және тастауға;
4) қоқыс төгетін қорыптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;
4. Көлік жүйесі
28. Көлік құралдарымен тасымалданатын сусымалы және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
29. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндіріс орнында заттар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нсанына қатыссыз заңды және жеке тұлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға қажетті.
30. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарауға қажетті.
31. Жұмыс өндіріс орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.
32. Мыналарға жол берілмейді:
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен көшелерде жүру;
2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығару;
3) көлік құралдарынан темекі қалдықтарын, қағаздарды және басқа да қоқыстары лақтыру;
4) белгіленбеген орындарда автомашиналарды жуу;
5) аула ішінде өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кеергіерді орнатуға.
5. Жер асты жер үсті инженерлік коммуникаиялардың жүйесі
33. Елді мекендерді көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады және олар төмендегілерге қажетті:
1) аумақтарды су басуына жол бермеу;
2) бөлінген және қорғай аймақтардың жағдайын бақылау, люктердің жақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыарының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;
3) қайтадан құм төгу және пайдалану, орнату тәртібін сақтамау салдарынан бұзыатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабыныарының жағдайына үнемі көңіл аудару.
34. Жоғары және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренажарды тазалау мен жинау, нөсерлік кәріз жүйелерінің коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазлау қажетіне қарай жаз мезгіінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.
6. Аумақты жарықтандыру
35. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төменегілер жатады.
1) электрмен жабықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;
2) электр желілерін орналастыру және қорғай қондырғысы;
3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.
36. Тар жолдар,тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей ілуге жол берілеі.
37. Сыртқа жарық кондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды камтиды:
1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдары тазалау,жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;
2) Шамдарды жөндеу кезінде неғұлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.
38. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға жол берілмейді.
39. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады. Шамдардың жану пайызы 95% - дан кем болмауы керек.
7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау.
40. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағажайлар,бақтар,емдеу – саықтыру мекемелері) санитарлық- эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға жол берілмейді.
41. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.
42. Жазғы маусымда аумақтарды тазалауға адамдар жүретін жерлерді және тротуарларды шаң- тозаңнан, кір- қоқыс жерге түскен жапыратқтардаң, көше күл- қоқыстарынан тазалау жатады. Жолдар, аландар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақыттарда жуылады.
43. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды көшелерден, тротуарлардан дер кезінде жинап алу керек немесе газондарды жауып тастау қажет. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген аумақтарға жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға жол берілмейді.
44. Қысқа жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.
45. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған кұм (немесе басқа хлоридалы кұмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендіру жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апаттықауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.
46. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға жол берілмейді.
47. Қошелердің өту жолдарын, алаңдарын қиылыстарын, қөпірлер, жоғары және ылдиларды механизмділік себу жұмыстарын конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер атқаруға құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері кооперативтер күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасау тәртібі арқылы іске асырылады.
48. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар бекітілген және белгіленген аумақтарда қар жіне мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға қажетті.
49. Шатырларды және карниздегі, төбедегі су құбырларындағы қардан тазалау маңайы қажетті қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің бүлінуінен және жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау қажеттімен ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және қүшімен, жүйелі түрде өткізіледі.
50. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.
8. Базарлар
51. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.
52. Базардың аумағында кәріз жүйесі және су құбыры болуы керек.
53. Шаруашылық алаңдарды санитарлық қағидадар мен нормалар 2003 жылдың 5 ақпаны № 131 «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру Қағидасы» есебімен сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтыққа орналасуы тиіс.
54. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.
55. Жылдың жылы маусымында базар аумағын қажетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.
9. Бақтар
56. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар және т.б.) 50 метрден жақын орналаспауы керек.
57. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір күл қоқыс салатын орындар орнатылуы керек. Басты аллеялардағы күл қоқыс салатын орындардың шара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.
10. Табиғи суаттар
58. Табиғи жағдайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтанар болса су ауыз суы Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының «Елдер мекендердегі ауыз суы және сумен жабдықтау» № 3.01.067-97 талаптарына сәйкес болуы керек.
59. Күл -қоқыс салатын орындар жасыл көшекттерден және су көзінен кем дегенде 10 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Күл- қоқыс салатын орындар қағажайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жағажайдың күл қоқыс салатын орындарының ара қашықтығын бір -бірінен 40 мертен аспауы тиіс.
60. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге жол берілмейді.
61. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.
11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
62. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдықтарды шығару жинауды жоспарлы тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
63. Қоқыстар мен қалдықтарды үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен, кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлы қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.
64. Қоқыс жинайтын аландар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетиқалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.
65. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
12. Құрылысты бұзу және шығару
66. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды тазарту жұмыстарына кірісуге болады.
67. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының NA.3.2.5-96 «Құрылыстағы еңбек және қауіпсіздің техникасын қорғай» құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек талаптарыне қамтамасыз ету керек.
13. Үй- маңайын күтіп -ұстау және тазалау
68. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт ету жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек.
69. Аулалық қоқыс жинағыштардың көлемі Қазақстан Республикасының «Қалақұрылысы. Қалалық және селолық қоныстарды жоспарлау және салу» 3.01.01-2002 талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
70. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.
14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
71. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санциялар қолданылады.
72. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыретті шегінде іске асырылады.
№ 1 қосымша
2005 жылғы 22 - қазандағы Ұлытау аудандық Маслихатының XIV – сессиясының № 14-6 шешімімен бекітілген Ұлытау ауданының аумағындағы елді мекендерді көркейту қағидасына байланысты Жезді кентін сәулеттендіру, көркейтуге іс–шара Ж О С П А Р Ы
Рет саны
Іс -шара
Орындалу мерзімі
Орындалуға жауптылар
1
Сәуір айының 15-нен қазан айының 15-не дейін, көшеері мекемелер мен кәсіпорынар, тұрғн үйлер аумақтарн тазалау,сыпыру.
Әр жетінің бейсенбісі
Мекеме, кәсіпорын басшылары, тұрғын үй иелері
2
Мекеме кәсіпорын ғимараттарынын, тұрғын үйлерін мен дүнгіршіктердің сыртын сәулеттеніру
Жылына екі рет көктемде, күзде
Мекеме, кәсіпорын басшылары, тұрғын үй иелері,саудда орындарының иелері.
3
Көше бойларындағы, мекемелер мен кәсіпорындарды,тұрғын үйлерді қоршаған қоршауларды /забор/ жөндеу,сырлау.
Жылына бір рет тамызда.
-//-
4
Тал көшеттерін, оның ішінде жеміс ағаштарын отырғызу.
Жылына екі рет сәуір, қазан айы
-//-
5
Талдарды күтү /арық қазу, түбін қопсыту,әктеу, бұтактарын кесу/ суару.
Сәуір айынан қазан айына дейін
-//-
6
Үгіт, насихат плакаттарын сырлпу, әктеу,жөндеу.
Жылына бір рет
Кент әкімдігі.
7
Кенттегі қоқыстарды,қираған ұйлер мен ғимараттардың құрылыс қалдықтарын сыртқа полигонға /бегіленген орын/ шығару.
Жаз, күз айлары
Кент әкімдігі меншік иелері.
8
Көп қабатты үйлерді тұратын тұрғындардың үйлерінен шыққан күл- қоқыстарын төгетін арнаулы орын белгілеу.
Кент әкімдігі, СЭС.
9
Жер үйлерде тұратындарға, кул қоқыстарын өз аулаларына төтіріп, өз есептерінен сыртқа полигонға шығаруын қадағалау.
Тұрақты
СЭС
10
Көшелерге,жол жиектеріне дүнгіршектер,павилондар қоюшылардан, жарнама плакаттарын орнатушылардан тиісті орындардан рұқсат алуларын қадағалау.
Жыл бойы
Кент әкімдігі
11
Ауыз су,кәріз,байланыс жүйелері кұдықтарынан шыққан қоқыстарды тазарту,құдықдардың /колодец/ қақбақтарвның дұрыс жабалыуын қадағалау.
Жыл бойы
«Марганец» ЖШС Телеком.
12
Автокөлек,жаяу адам жүретін жолдарды қардае тазалау.
Желтоқсан наурыз айлары.
Кент әкімдігі.
13
Су жүретін арықтарды, жол астындағы су ағарларды қардан мұздан,қоқыстан тазалау.
Көктем,жаз,күз айлары
Кент әкімдігі.
14
Көктайғақта /гололед/ автокөлік,жаяу адам жүретін жолдарға кұм себу.
Күз,кыс айлары
Кент әкімдігі.
15
Мектептердің, мекемелердің ғимараттарының төбелерін қардан тазарту.
Наурыз,сәір айы.
Мекеме басшылары мектеп директорлары.
16
Жер қазу жұмыстары жүргізілген кездерде жұмыс жүргізушілерден тиісті орындардан рұқсат /ордер/ алуларын қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі.
17
Жер қазу жұмыстары жүргізілген кездерде техникалық қауіпсіздіктерге байланысты іс -шаралар орындау.
Жұмыс толықтай біткенге дейін
Жұмыс атқарушылар.
18
Жер қазу жұмыстары кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру.
Жұмыс аяқталғаннан кейін.
-//-
19
Шынжыр табанды көліктердің асфальтты көше жолдарында жүруіне жол бермеу.
Үнемі
Кент полиция бөлімі.
20
Қоғамдық орындардың,парктін демалыс аоандарының ішкі, сыртқы, санитарлық нормаға сәйкес тазалықтарын қадағалау.
Үнемі
СЭС
21
Парктерде,демалыс аландарында, гүлзаларда малдың жайылып жүруін болдырмау, тұрғындардың малын қөшеге жібере салуларына тыйым салу.
Үнемі
Кент әкімдігі, МСО,КПБ,СЭС
22
Халықтың ауыз су алатын су колонкаларының маңында автокөлік жууға,мал суаруға тыйыс салу.
Үнемі
«Марганец» ЖШС КПБ,СЭС
23
Өзен жиенктеріне жақын тұратын тұрғындардың қоқыстарын, малдың қиын,басқада қалдықтарын өзен арнасына, жиегіне төгулеріне тиым салу.
Үнемі
КПБ,СЭС
24
Сауда орындарының ішкі,сыртқы тазалықтарын,сәулеттілігін қадағалау.
Үнемі
СЭС
25
Көше бойларында сауда жасап тұрғаедарға сол жердің тазалығына жпуапты екендігін ескерту, тазалатқызу
Үнемі
Кент әкімдігі,
26
Өрт қаупсіздігіне байланысты тұрғындардың рұқсаисыз қоршауларын үлкейтулеріне, өздеріне бекітіп берілген жерден басқа жерлерге қора- қопсы және басқада құрылыс жүргізуде тиым салу, қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі, №48 өрт сөндәру бөлімі, КПБ
27
Көше бойларына орнатылған түнгі жарықтандыру шамдарының дұрыс толықтай жануын қадағалау.
Үнемі
Кент әкімдігі, «Жанат-2000» ЖШС
28
Көшелерге орнатылған сыртқы жарық қондырғыларын дұрыс техникалық жағдайда ұстау, шамларды тазалау және қазіргі нормаларға сәйкес жарық лампаларды пайдалану.
Үнемі
«Жанат-2000» ЖШС
29
Жарықтандыру бағандарына, рұқсатсыз жарнамалр ілуге, байланыс сымдарын тартуға және басқада инженерлік жүйелерді орнатуға тиым салу.
Үнемі
«Жанат-2000» ЖШС
30
Парктер мен демалыс аландарына қоқыс пен қалдықтар салатың арнаулы жәшіктер кою,оның орнын белгілеу, жәшіктерді тазалап тұру.
Үнемі
Кент әкімдігі,
№2 қосымша
Кент әкімінің № 1
«14» 03 2006
шешімінен бекітілді
Кентті сәулеттендіру, көркейтуге іс- шара жасау жоспары орындаласын бақылаушы, қортындылаушы комиссия құрамы.
1. Нурбалаев Бахтияр Муханбетжагович - комиссия төрағасы,кент әкімі
аппаратының бас маманы.
2. Ецис Разия Нурлеуовна – комиссия төрағасының орынбасары Ұлытау ауданы бойынша санитарлық эпидемиялық департаментінің бас маманы келісім /бойынша/.
3. Әжібек Файзолла Жәнібекұлы - МКК «Жезбұлақ» директоры
/келісім бойынша/
4. Жалбыров Ідіріс Баркенович - Кент полиция бөлісінің бастығы,
полиция подполковнигі
/келісім бойынша/.
5. Бейсенбаев Айтбек Сапаұлы - МСО директоры,аудандық Мәслихат
депутаты /келісім бойынша/.
6. Конуршинов Ишанкұл Кудайбергенұлы - № 48 өрт сөндеру
бөлімінің бастағы,
подполковник
/келісім бойынша/.
7. Тембаев Сағынтай – зейнеткер,ардагерлер кенесінің төрағасы
/келісім бойынша/