Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Кодекс законов о труде Казахской ССР

Заң · № 362 · қабылданған 04.04.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2601/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в Кодекс законов о труде Казахской ССР Қолданыста 04.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в Кодекс законов о труде Казахской ССР

Қолданыста Заң № 362 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Кодекс законов о труде Казахской ССР
Атауы (қаз.)
Қазақ КСР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
362
Қабылданған күні
04.04.1999
Көрсетілген редакция
04.04.1999 AI2601_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000362_
ЭКБ идентификаторы
2601
Редакция идентификаторы
AI2601_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақ КСР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне өзгерістер енгізу туралы

1972 жылғы 21 шілдеде Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1972 ж., N 31 (917) қосымша; 1973 ж., N 51; 1974 ж., N 37; 1977 ж., N 11; 1980 ж., N 12, N 24, N 45, 141-құжат; 1982 ж., N 2, 25-құжат; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; N 28, 275-құжат; N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 18, 227-құжат; N 43, 518-құжат; 1988 ж., N 16, 160-құжат; N 27, 277-құжат; 1989 ж., N 49, 445-құжат; 1990 ж., N 43, 404-құжат; N 44, 410-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; N 13-14, 316-құжат; 1993 ж., N 3, N 41, 56-құжаттар; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат; 1995 ж., N 21, 126-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 66-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
159-бапта:
бірінші бөлігінде "сонымен қатар, олардың қалауына қарай, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оны күтіп-бағу жөніндегі ішінара ақы төленетін демалыс осы кезеңге еңбек стажының ұзақтығына қарамастан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақы төлей отырып беріледі" деген сөздер "ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен осы кезең үшін жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы төлей отырып беріледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігі алып тасталсын;
162-бапта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы, сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жәрдемақы жүктілігі және босануы бойынша бүкіл демалыс ішінде немесе бала асырап алған күннен бастап демалыс кезеңі ішінде және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін орташа айлық жалақы есебінен, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айлық есептік көрсеткіштің он еселенген шамасынан аспайтын мөлшерде төленеді.".
екінші бөлігі алып тасталсын;
17-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"17-тарау. Қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру";
232-бап алып тасталсын;
233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"233-бап. Қызметкерлерді жұмыс берушілердің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру
Қызметкерлерге, ал тиісті жағдайларда олардың отбасы мүшелеріне жұмыс беруші өз қаражаты есебінен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша (соның ішінде жұмыста мертігуі мен кәсіптік ауруы бойынша, жүктілігі мен босануы бойынша) әлеуметтік жәрдемақы беруге міндетті.
Әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Аталған жәрдемақыларды төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
234-баптың бірінші бөлігінде "он бес еселенген" деген сөздер "он
еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
235-баптағы "толық табысы мөлшерінде" деген сөздер "орташа айлық
жалақысының есебінен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің он еселенген
шамасынан артық емес мөлшерде Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.