Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест для трудоустройства инвалидов в районе Шал акына Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III Заңы 31 бабы 3 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың қоса беріліп отырған Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Латанов Талғат Уәпұлы) Ережені іске асыру жөнінде ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.В.Ткаченкоға жүктелсін.
Басқа 4. Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесі
Аудан әкімдігінің № 298 12 қыркүйек 2005 жыл каулысымен бекітілді Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесі
Тармақ 4
Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмыска орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың осы ережесі (ілгеріде - Ереже) мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын және ұсынатын жұмыс берушілермен есеп - айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) мүгедек - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден агза функциялары тұрақты бүлініп, денсаулығы бұзылған адам;
Тармақша 2
2) жұмыс беруші - жұмыскермен еңбек қатынасында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналаскан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын жергілікті бюджет есебінен ішінара төлеген жағдайда әлеуметтік жұмыс орындары ашылады және ұсынылады.
Тармақ 4
4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тілек білдірген жұмыс берушілермен белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша) аудан әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды ұсынған жұмыс берушілердің тізбесі аудандық әкімдіктің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жұмыссыз мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жұмыссыз мүгедектерді олардың келісімімен әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
Тармақша 3
3) жұмыс берушімен жұмыссыз мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасасады;
Тармақша 4
4) есеп беруден кейінгі айдың бесіне дейін жіберілген мүгедектер саны, жұмыс берушілер тізбесі және жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің жалақысын төлеуге жергілікті бюджет қаражатынан аударылған өтемақы мөлшері туралы мәліметтерді Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ай сайын ұсыңады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері жұмыс берушілердің және жергілікті бюджет қаражаттары болып табылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаржысынан каржыландыру 451002 «Жұмыспен қамту» бағдарламасы, 102 «Азаматтарды халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламашасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан мүгедектің еңбекақысын төлеуге жұмсайтын шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақыдан елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен алты айдан аспайтын мерзімде толтырылады.
Тармақ 10
10. Уәкіл орган мүгедекті жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жазбашасының расталған көшірмесін және уақытты есепке алу табелін алғаннан кейін бюджеттік қаражатты жұмыс берушінің есеп шотына аударады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған мүгедектің еңбек ақының төлеуі жеке еңбек шартына және ұжымдық шарттарға сәйкес жұмыс берушімен айсайын жасалады.
Тармақ 12
12. Алты ай өткеннен кейін қабылданған мүгедектің жұмыс орны бір жылдан кем емес сақталады, соның өзіңде жұмысшының төлемақысы жұмыс берушінің өз қаражатынан жасалады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын жасауға және қаржыландыруға бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын жасауға және қаржыландыруға бақылау
Тармақ 13
13. Мүгедектердің санынан жұмыссыздыларды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын жасауға және қаржыландыруға бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесіне қосымша Аудан әкіміне _________________________________________ мүгедектер ішіндегі (жұмыс берушінің атауы) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға және ұсынуға келіседі. Әлеуметтік жұмыс орындары мына мамандықтар бойынша: 1. 2. ___________________________________________ ай мерзіміне ашылатын болады. Жоғарыда баяндалғандар негізінде Сізден мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға дайын тұлға ретінде ____________________________ бекітуіңізді сұраймыз. (жұмыс берушінің атауы) Бірінші басшының қолы Датасы Мөр