Об утверждении Правил распределения и выплаты единовременной материальной помощи на ремонт жилья остронуждающимся одиноким участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил распределения и выплаты единовременной материальной помощи на ремонт жилья остронуждающимся одиноким участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1299
- Қабылданған күні
- 03.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2024 26027_716675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05VH002341
- ЭКБ идентификаторы
- 26027
- Редакция идентификаторы
- 26027_716675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:46
0 Бородулиха ауданының жалғыз басты өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережелерін бекіту туралы
Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 -тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысына қатысушыларын мен мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 карашадағы № 1173 қаулысын орындау үшін, Бородулиха аудандық мәслихатының 2004 жылғы 30 желтоксандағы № 10-2 «2005 жылға аудан бюджеті туралы» шешіміне сәйкес Бородулиха ауданының экімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бородулиха ауданының жалғыз басты өте мұктажды Ұлы Отан соғысының катысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Суйчиновқа жүктелсін.
3 ШҚО Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуді аса қажет ететін Ұлы Отан соғысының жалғыз басты ардагерлері мен мүгедектеріне бір жол берілетін материалдық жәрдемді бөлу және төлеу туралы
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2005 ж. 3 мамыр № 1299
«Бородулиха ауданының жалғыз басты
өте мұқтажды Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына және мүгедектеріне
тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы
материалдық көмек бөлу және
төлеу Ережелерін бекіту туралы»
қаулысына қосымша
ШҚО Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуді аса қажет ететін Ұлы Отан соғысының жалғыз басты ардагерлері мен мүгедектеріне бір жол берілетін материалдық жәрдемді бөлу және төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Бұл Ереже ШҚО Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуді аса қажет ететін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне бір жол берілетін атаулы материалдық көмек корсету мақсатында қабылданды.
I. Жалпы қағида
1 1. Бір рет берілетін материалдық көмек Бородулиха ауданында тұрғылықты тіркеуде тұратын жекеменшік тұрғын үйі бар және тұрғын үйін жөндеуді аса қажет ететін Ұлы Отан соғысыңың жалғызбасты ардагерлері мен мүгедектеріне беріледі.
2 2. Бір реткі материалдық көмек бір жеке тұлғаға бір рет қана беріледі.
3 3. Бірге тұратын ерлі-зайыпты. Ұлы Отан соғысының мүгедегі, немесе ардагерлерінің өз ықыласы бойынша белгіленген мөлшерде біреуіне төленеді.
4 ІІ. Тұрғын үйлерін жөндеуге бір рет берілетін материалдық көмекті бөлу реті
4. Біреуден артық жеке меншік тұрғын үйі бар, немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар бір рет берілетін атаулы материалдық көмек алу құқынан айрылады.
ІІ. Тұрғын үйлерін жөндеуге бір рет берілетін материалдық көмекті бөлу реті
Бір реткі берілетін арнаулы материалдық көмек Ұлы Отан соғысының жалғызбасты мүгедектері мен ардагерлерінің тұрмыс жағдайларын зерттеген актіге сәйкес белгілі сомада аудандық комиссияның бағалауы бойынша төменгі еңбекақы көрсеткішінің жиырма есе көлемінен артық емес мөлшерінде беріледі.
Біржолғы материалдық көмек мына құжаттар бойынша бөлінеді:
-Өтініш
-РНН көшірмесі
-Төлқұжат көшірмесі
-Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе ардагері куәлігінің көшірмесі
-Тұрғын үйді иемдену құқығын растайтын құжат
-Бағалау тізімдемесіндегі ақаулық актісі
Ұлы Отан соғысының мүгедегі және ардагерінің тұрғын үйін жөндеу немесе жөндемеу туралы шешімді жөндеу жұмыстарын бағалау және орындау бойынша құрылған аудандық комиссия шығарады.
Тұрғын үй жөндеуге бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаржысынан төленеді және ақшалай толем белгіленеді, «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мен екінші деңгейдегі банк арасындағы агенттік келісімге сәйкес екінші деңгейдегі банк арқылы төленеді.
iii III. Жергілікті бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау
Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғызбасты ардагерлер мен мүгедектерге жергілікті бюджет есебінен материалдық көмекке бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды тұрғын үйлерін жөндеуді аса қажет ететін Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне бір жол берілетін материалдық көмекті бөлу және төлеуді бағалау комиссиясы жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық жұмыстылық
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы:
Ф.Бектембаева