Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реорганизации учреждений первичной медико-санитарной помощи и развитии общей врачебной практики/семейной медицины в области

Өзге акт · № 833 · қабылданған 19.11.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2605/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реорганизации учреждений первичной медико-санитарной помощи и развитии общей врачебной практики/семейной медицины в области Қолданыста 19.11.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реорганизации учреждений первичной медико-санитарной помощи и развитии общей врачебной практики/семейной медицины в области

Қолданыста Өзге акт № 833 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации учреждений первичной медико-санитарной помощи и развитии общей врачебной практики/семейной медицины в области
Атауы (қаз.)
Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету мекемелерін қайта ұйымдастыру және облыста жалпы дәрігерлік практиканы/отбасылық медицинаны дамыту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
833
Қабылданған күні
19.11.1998
Көрсетілген редакция
19.11.1998 2605_246520.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98L000072_
ЭКБ идентификаторы
2605
Редакция идентификаторы
2605_246520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:28
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету мекемелерін қайта ұйымдастыру және облыста жалпы дәрігерлік практиканы/отбасылық медицинаны дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, денсаулық сақтау саласын реформалаудың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудің сапасын жақсарту және отбасылық медицинаны дамыту мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Исмаханбетов):

- 1998-1999 ж.ж. "Денсаулық сақтау" функциональды тобына облыс бойынша бюджетте қаралған қаржы көлемінде облыстағы қазіргі аймақтық амбулаториялық-емханалық мекемелер негізінде зандық және қаржылық дербестігі бар отбасылық дәрігерлік және кеңес беру-диагностикалық емханалар жүйесін құрсын;
- жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларға жан басына шаққандағы принцип бойынша ішінара жеке қор ұстау өкілеттіктерін берсін;
- жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларды медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етуге шаралар қолдансын;
- курстық негізде келісім-шарт арқылы қабылдауды енгізсін;
- отбасылық дәрігерлік емханалар үшін медициналық кадрларды қайта дайындауды үздіксіз қамтамасыз етсін.

2. Облыстық әділет басқармасы (Т.Нәбиев) жаңадан құрылатын отбасылық дәрігерлік жәнс кеңес беру-диагностикалық емханаларын заңды тіркеуден өткізсін.

3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) денсаулық сақтаудың саласының 1999 жылғы бюджетін жасақтаган кезде тиісті өзгерістер енгізсін.

4. Мемлекеттік мүлік және жекешелендірудің облыстық аймақтық комитеті (С.Қалиев) жаңадан ұйымдастырылған отбасылық дәрігерлік емханаларға ғимараттар берсін.

5. Аудан және қала әкімдері, облыстық қаржы, денсаулық сақтау басқармалары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін аудандарда дербес денсаулық сақтау бөлімдерін құру мәселесін шешсін.

6. Аудан жәнс Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А.Жұмабаев) ақпараттық-түсіндіру шаралары кешенін жүргізу және халықты отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға ерікті түрде тіркеу ңауқанын ұйымдастырсын.

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.