Об утверждении Перечней селитебных территорий и особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечней селитебных территорий и особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1251
- Қабылданған күні
- 15.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2014 AI26128_14.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001251_
- ЭКБ идентификаторы
- 26128
- Редакция идентификаторы
- AI26128_14
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:06
0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі;
2 2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Аса маңызды объектілерді өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі оны ұстауға көзделіп бекітілген штат санының лимиті мен қаражаты шегінде қорғайды деп белгіленсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі
Осы Тізбемен елді мекеннің мыналарды орналастыруға бөлінген қоныстану аумағының бөлігі айқындалады:
1 1. Тұрғын-үй қоры
Тұрғын үй ғимараттары.
2 2. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар
1 1. Білім беру, тәрбиелеу және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:
жалпы үлгідегі, мамандандырылған, сауықтыру және бастауыш мектеппен біріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемелері;
жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндіріс комбинаттары;
жұмысшы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған кәсіптік-техникалық училищелер мен оқу орындары;
орта арнайы оқу орындары;
жоғары оқу орындары;
мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу орындары;
мектептен тыс мекемелер.
2 2. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқармаларға арналған ғимараттар:
ғылыми-зерттеу институттарына арналған ғимараттар (ірі арнайы құрылыстарды қоспағанда);
жобалау және конструкторлық ұйымдардың ғимараттары;
ақпарат орталықтарының ғимараттары;
басқару органдарына арналған ғимараттар;
қоғамдық ұйымдарға арналған ғимараттар;
кредит беру, сақтандыру және коммерциялық мақсаттарға арналған ғимараттар;
мұрағаттарға арналған ғимараттар.
3 3. Денсаулық сақтау және дем алуға арналған ғимараттар мен құрылыстар:
стационары бар емдеу, перзентханалар, амбулаториялық-
емханалық, дәріханалар, сүт тағамдары ас үйі, бальнео және балшықпен емдеу орындары;
санаторийлар, санаторийлар-профилакторийлар;
демалыс және туризм мекемелері.
4 4. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мен
құрылыстары:
ашық спорт-дене шынықтыру құрылыстары;
ғимараттар мен жабық құрылыстар;
дене шынықтыру-спорт және сауықтыру кешендері.
5 5. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерінің ғимараттары:
кітапханалар;
мұражайлар мен көрмелер;
клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, бос уақыт өткізуге арналған орталықтар және т.б.);
ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерттік залдар, кинотеатрлар, цирктер және т.б.).
6 6. Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар:
бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған ғимараттар;
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған ғимараттар (өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы ғимараттары мен үй-жайларына жататын қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен үй-жайларын қоспағанда);
халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған (өндірістік емес сипаттағы) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары.
7 7. Халыққа тікелей қызмет көрсететін көлікке арналған ғимараттар:
көліктің барлық түрлерінің вокзалдары;
жолаушыларға қызмет көрсету кеңселері мен көлік агенттіктері, кассалық павильондары.
8 8. Коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндірістік, қойма және көлік ғимараттары мен құрылыстарынан басқа):
азаматтық ғұрыптарға арналған ғимараттар, жерлеу бюролары;
тұрғын үй-пайдалану;
қонақ үй кәсіпорындарының, мотелдер мен кемпингтердің ғимараттары;
қоғамдық дәретханалар;
моншалар мен монша-сауықтыру кешендері.
9 9. Әртүрлі мақсаттағы үй-жайларды қамтитын көп функциялы ғимараттар мен кешендер.
3 3. Өнеркәсіптік объектілер
"Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781 қаулысымен бекітілген міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне енгізілмеген объектілер.
1 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциялары.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты.
3 3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және
Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары.