Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации любительской (спортивной) охоты с участием иностранцев на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 272 · қабылданған 07.12.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26177/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации любительской (спортивной) охоты с участием иностранцев на территории Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 272 ·07.12.2005
10.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации любительской (спортивной) охоты с участием иностранцев на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 272 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации любительской (спортивной) охоты с участием иностранцев на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
272
Қабылданған күні
07.12.2005
Көрсетілген редакция
10.09.2010 AI26177_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003982_
ЭКБ идентификаторы
26177
Редакция идентификаторы
AI26177_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:09

0 Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2005 жылғы 7 желтоқсан

0 Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2005 жылғы 7 желтоқсандағы
N 272 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі

1 1. Жалпы бөлім

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің (бұдан әрі - Аң аулау ережесі) 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ереже аң аулауды ұйымдастыру кезінде туындайтын шетелдік аңшы мен аңшылық шаруашылығы ұйымының арасындағы құқықтық қатынастарды белгілейді.

2 2. Аң аулауды ұйымдастыру шартын жасасу тәртібі

3 3. Аңшылық шаруашылығы ұйымы:

1 1) бекітіп берілген аң аулау алқаптары;

2 2) жануарлар дүниесінің объектілерін алуға квоталары болған жағдайда шетелдік аңшымен аң аулауды ұйымдастыруға шарт жасасады.

4 4. Аңшылық шаруашылығы ұйымы аң аулауды ұйымдастыру кезінде шетелдік аңшыға қызметтер көрсетуге туристік ұйыммен шарт жасаса алады.

5 5. Аң аулау кезінде шетелдік аңшының қолында:

1 1) шетелдік тұратын елде берілген аң аулау құқығын куәландыратын құжат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігі;

2 2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;

3 3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) немесе сақтауға және алып жүруге берілген рұқсат;

4 4) қыран құстарды және/немесе иттерді тіркеу (қыран құстармен және/немесе иттермен аң аулаған кезде) туралы құжаттар болады.

3 3. Аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

6 6. Аңшылық шаруашылығы ұйымы:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аң аулау басталмас бұрын күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шетелдік аңшымен аң аулауға шарт жасасады;

2

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасына (бұдан әрі - облаумақбасқарма) аң аулау басталмас бұрын күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алуға тапсырым береді (2-қосымша);

3 3) облаумақбасқармаға шетелдік аңшылардың келу кестесін ұсынады;

4 4) облаумақбасқармадан аң аулау басталмас бұрын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алады.

7 7. Аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшін аңшылық шаруашылығы ұйымы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне мына құжаттарды қоса тіркеп, тиісті жазбаша өтініш жолдайды:

1 1) аңшылық атыс және суық қару мен патрондар мөлшерін әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға өтініш ( 3-қосымша );

2 2) аң аулау туралы шетелдік аңшымен жасалған шарттың көшірмесі;

3 3) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен оның статистикалық карточкасының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;

4 4) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға берілген сенімхат;

5 5) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) рұқсат беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.

8 8. Облаумақбасқарма:

1 1) 3 жұмыс күні ішінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алуға берілген тапсырым мен шетелдік аңшылардың келу кестесін қарайды және бекітеді;

2 2) жануарлар дүниесі объектілерін алуға бөлінген квота шегінде белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар береді;

3

3) аң аулау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне аң аулау хаттамаларының (4-қосымша), олжалау парақтарының (болған жағдайда) (5-12-қосымшалар) көшірмелерін қоса тіркеп, аң аулау нәтижелері туралы түсіндірме жазбасы бар есеп тапсырады.

9 9. Аң аулауға шығар алдында аңшылық шаруашылығы ұйымы:

1 1) шетелдік аңшыда аң аулау үшін қажет құжаттардың бар-жоғын тексереді және аңшыға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;

2 2) аңшылық шаруашылығы ұйымының штаттағы қызметкерлері қатарынан аң аулау басшысын және жолсеріктер тағайындайды, олар Аң аулаудың белгіленген тәртібі мен ережесінің сақталуына жауаптылықта болады.

10 10. Аң аулау басшысы:

1 1) аң аулау басталмас бұрын деректерді арнайы тіркеу журналына енгізіп, Аң аулау ережесі мен қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізеді;

2 2) аң аулау хаттамасына шетелдік аңшы, аң аулау орыны мен мерзімі туралы деректерді енгізеді;

3 3) аң аулау кезінде аңшыларды бастап жүруді, орналастыруды, жаралы аң-құстарды жинап алуды және аң аулауды өткізу жөнінде басқа да қажетті іс-шараларды ұйымдастырады;

4 4) аң аулау аяқталғаннан кейін аң аулау хаттамасына олжаланған жануарлардың түрлері мен саны, олжалардың сапасы туралы деректерді, басқа да қажетті мәліметтерді енгізеді.

11 11. Аң аулаудың әрбір туры аяқталғаннан кейін он күн мерзім ішінде (күнтізбелік күндер) аңшылық шаруашылығы ұйымы облаумақбасқармаға аң аулау хаттамаларының (олжалар болған жағдайда - олжалау парақтарының) көшірмелерін қоса тіркеп, аң аулау нәтижелері туралы есеп тапсырады.

4 4. Ауланған жануарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге алып кету тәртібі

12 12. Ауланған жануарларды, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге алып кету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;

2 2) аң аулау хаттамасы;

3 3) сыртқа әкетілетін жануарлардың, олардың бөліктерінің немесе бөлшектерінің ветеринариялық куәлігі және/немесе ветеринариялық сертификаты;

4 4) олжалау парақтары (ауланған жануарлардың, олардың бөліктері немесе бөлшектерінің аң аулау хаттамасында көрсетілген олжалық құны болған жағдайда).

13

13. Жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшасына енгізілген, құрып кету қатері төнген ауланған жануарларды, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге алып кету кезінде осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа "Құрып кету қатері төнген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2717 нөмірмен тіркелген) жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе бөлшектерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге Әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы осы Конвенцияның Әкімшілік органының рұқсаты көрсетіледі.

1 Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру туралы ҮЛГІ ШАРТ

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру туралы ҮЛГІ ШАРТ
___________ қаласы 200 __ ж. "__"______________
Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын ______________________
арқылы ___________________________________________________
негізінде әрекет жасаушы бұдан былай "Аңшылық ісін
пайдаланушы" деп аталатын ________________________________
аңшылық шаруашылығы ұйымы, бір жағынан, және бұдан былай
"Аңшы" деп аталатын шетелдік азамат _____________________,
екінші жағынан, төмендегілер жайында осы Шартты жасасты:

1 1. Шарттың мәні

1 1. Осы Шарттың мәні Аңшылық ісін пайдаланушыға бекітіп

берілген __________________ аң аулайтын алқаптары аумағында Аңшының
аңшылық шаруашылығының атауы
қатысуымен Аңшылық ісін пайдаланушының аң аулауды
ұйымдастыруы болып табылады.

2 2. Тараптардың міндеттері

2 2. Аңшылық ісін пайдаланушы:

1 1) Облаумақбасқармаға шетелдіктердің қатысуымен аң аулау үшін рұқсат алуға Тапсырым (бұдан былай - Тапсырым) беруге;

2 2) Облаумақбасқармаға бекіту үшін шетелдіктердің келу кестесін беруге;

3 3) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға;

4 4) Аңшыларды аңшылық қаруын әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің рұқсаттарымен қамтамасыз етуге;

5 5) Аңшы аңшылық шаруашылығына келгенде Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беретін құжаттардың Аңшыда бар-жоғын тексеруге;

6 6) Аңшымен аң аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқамалық өткізуге;

7 7) Аңшыға ол тиісті ақысын төлегеннен кейін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге;

8 8) аңшылық ісін пайдаланушының қызметкерлерінен аң аулау басшысы мен жолсеріктер тағайындауға, аң аулаудың Қазақстан Республикасының аумағында аң аулаудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізілуі үшін барлық қажетті шараларды қолдануға;

9 9) аң аулауды өткізу ережелерін (аң аулауды өткізу орыны мен уақытын) айқындап алуға;

10 10) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қажет болған жағдайда - медициналық көмек көрсетіп, Аңшыны аңшылық үйлеріне немесе дала қостарына орналастыруды, олардың дем алуын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

11 11) әрбір аңшылық сапардың нәтижелерін аң аулаудың басшысы мен Аңшы қол қоятын аң аулау хаттамасында көрсетуге және қажет болған жағдайларда әрбір ауланған олжаға олжалау парағын толтыруға;

12 12) Аңшыға қажет болған жағдайда шарттық ережелермен автомотокөлік, салт аттар беруге;

13 13) Аңшыны аудандық ветеринариялық қызмет куәландырған ветеринариялық куәлікпен қамтамасыз етуге;

14 14) олжаны бастапқы өңдеуден өткізуге;

15 15) қаруды сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3 3. Аңшы:

1 1) "Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру ережесінде" көзделген құжаттарды өзімен бірге алып жүруге;

2 2) Аң аулау ережесімен, қауіпсіздік шараларымен және аңшылық ісін пайдаланушының ішкі тәртіп ережесімен танысуға және оларды сақтауға;

3 3) жануарлар дүниесін пайдалану және көрсетілетін қызметтер үшін ақыны дер кезінде төлеуге;

4 4) өзі аулаған олжаны оның сапасына қарамастан (мүйіздердің, бас сүйектерінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағына, терісінің мөлшеріне және т.б.) қабылдауға міндеттенеді.

3 3. Тараптардың қаржылық қатынастары

4 4. Аңшылық ісін пайдаланушының Аңшы пайдаланатын үй-жайларды, көлікті, салт аттарды бергені үшін төленетін ақы Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.

5 5. Аңшылық ісін пайдаланушы Аңшымен шарттық ережелер бойынша жеке ақыға осы Шартта айтылмаған қосымша қызметтерді көрсете алады.

6 6. Аң аулаудың әрбір сапарына немесе маусымына қызметтер мен олжалардың құны осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымша түрінде көрсетіледі.

7 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдіктер үшін белгілейтін ставкалар бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің талаптарына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу қамтамасыз етілгеннен кейін Аңшы аң аулауға жіберіледі және олжа Аңшының меншігіне айналады.

4 4. Тараптардың жауапкершілігі

8 8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

9 9. Тараптардың жауапкершілігі осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап туындайды.

10 10. Аңшы өзі тапқан олжадан бас тартқан жағдайда аңшылық сапардың құнын Аңшы осы Шартқа сәйкес толық төлейді.

5 5. Ерекше ережелер

11 11. Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, 20__жылғы "__"__________ дейін қолданылады және Тараптардың ортақ келісімі бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

12 12. Осы Шартқа барлық қосымшалар, толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде ресімделеді және оларға екі уағдаласушы тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

13 13. Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы, ал келісімге қол жетпеген жағдайда - заңнамамен белгіленген тәртіппен шешіледі.

6 6. Форс-мажор

14

14. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың кез-келгенінің толық немесе ішінара орындауын мүмкіндік туғызбаған қаһарлы күш жағдаяттары, атап айтқанда - өрттер, табиғи апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, соғыстар, кез келген сипаттағы әскери операциялар, қоршаулар орын алған кезде, нормативтік құқықтық актілер шыққанда, осы Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі рұқсат етілген аң аулау мерзімдері шеңберінде осындай жағдаяттар орын алатын мерзімге ұзартылады.
Осы Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуы мүмкін болмаған жағдайда Тараптардың әрқайсысының Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда Тараптардың бірде бірінің басқа тараптан осы Шартты бұзу келтірген залалдарды өтеуін талап етуге құқығы жоқ. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмайтын жағдай орын алған тарап бұл жайында басқа тарапқа жазбаша түрде 5 күннен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

7 7. Тараптардың заңды мекен-жайлары

Аң­шы­лық іс­ін пай­да­ла­ну­шы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(то­лық ата­уы, заң. ме­кен-жайы,
де­ректе­ме­ле­рі)
МӨР
Аң­шы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(То­лық ата­уы, заң. ме­кен-жайы,
де­ректе­ме­ле­рі)
қо­лы
Ескерту:
Шартқа Тараптардың екі жақты ортақ келісімі бойынша Тараптардың әрқайсысының құқықтарын кемсітпейтін басқа да міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
Төлем жасау шарттары орындалмайынша аң аулау жүргізілмейді.
Аңшымен арадағы шарт ұқсас баптарды бір біріне ілестіре орналастырып, "тіл" мәтіндерін сол бір бетке қатар бағаналар күйінде қою арқылы екі (үш) тілде жасалады.

2 Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауы үшін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беруге ТАПСЫРЫМ

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасының
бастығы ______________________
_________________/____________
200 __ж. "_"__________________
Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауы үшін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беруге ТАПСЫРЫМ

1 1. Аңшылық шаруашылығының атауы

___________________________________________________________________
орналасқан жері ___________________________________________________
(әкімшілік аудан, облыс)

2 2. Бекітілген лимиттерге және бөлінген квотаға сәйкес осы

тапсырымды бекітіп, мына шетелдіктермен аң аулауды өткізу үшін
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар берілуін өтінеміз:
р/с
N
Аң-
шы-
ның
те­гі
және
аты
Төл­құ­жат
де­ректе­рі
және аң аулау
құқы­ғын куә-
лан­ды­ра­тын
құ­жат­тың де-
рек­те­рі не-
ме­се ҚР аң­шы
ку­ә­лі­гі­нің
нө­мі­рі
Аң
аулау
құ­ра-
лы­ның
ата­уы
және
оның
нө­мі­рі
Аң
аулау
оры­ны
(аң­шы-
лық
ша­руа-
шы­лы-
ғы­ның
ата­уы)
Аң
аулау
мер-
зі­мі
Ол­жа­ла­у­ға
тап­сы­рым
бе­рі­л­ген
жа­ну­ар-
лар­дың
түр­ле­рі,
са­ны және
жы­ны­стық-
жас
құ­ра­мы
Ес-
кер­ту
Аңшылық шаруашылығы ұйымының басшысы _____________________________
________________/___________/
(Қолы, тегі, аты-жөні)
МӨР 20__ жылғы "__"______________

3 Аңшылық атыс және суық қару әкелуге/әкетуге рұқсат алуға тапсырым

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық
басқармасының бастығы
______________/_______________/
"___" ________________ 200__ ж.
МӨР
Аңшылық атыс және суық қару әкелуге/әкетуге рұқсат алуға тапсырым
р/с
N
Аң-
шы-
ның
те-
гі,
аты-
жө­ні
Елі
Төл-
құ-
жа-
ты-
ның
се-
рия-
сы
және
N
Әке-
лі-
не-
тін
қа-
ру-
дың
мар-
ка­сы
Ка-
либр
Қа-
ру
N
Пат-
рон
са­ны
Қа­ру
қан-
дай
мер-
зім-
ге
әке-
лі-
неді
Аң
аулау
жүр-
гі­зі-
ле­тін
ҚР
об­лы­сы,
ауда­ны,
аң
аула-
на­тын
ал­қап
Қа­ру
әке­лі-
нетін
және
әке­ті-
ле­тін
ке­ден
бе­ке­ті
Аула-
на­тын
жа-
байы
жан-
уар-
лар-
дың
тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
МӨР __________________/_____________________________/
(Аңшылық шаруашылығы ұйымы басшысының Т.А.Ж.)

4 Аң аулау хаттамасы Hunting protokol ______________________________

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
4-қосымша
Аң аулау хаттамасы
Hunting protokol ______________________________
Аңшының тегі мен аты
Hunter's Name _____________________________________________________
Мекен-жайы
Address ___________________________________________________________
Қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым
With the hunting rules and safety precautions is acquainted
"___"__________20__ж.______________________________________________
(Аңшының қолы/
Hunter's signature)
Аң аулау өткізілетін орын
Hunting area ______________________________________________________
Аң аулауды өткізу уақыты: 20 ___ ж. "___" ________ бастап 20 ___ ж.
"__" _______________ дейін __________________________ аң аулау күні
The hunting time: starting from till days of hunting
Аң аулау нәтижелері
Results of hunting
Кү­ні/
Date
Аулан­ған жа­ну­ар тү­рі/
Animal's species
Са­ны/
Quan-
tity
Ол­жа­ның са­па­сы  (мүй­із­де­рі­нің, бас сүй­ек­те­рі­нің, азу ті­сте­рі­нің мөл­ше­рі мен сал­ма­ғы, те­рі­сі­нің мөл­ше­рі және т.б.)
Quality of trophy (dimensions and weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc.)
Орыс­ша
In English
Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және Аңшылық шаруашылығы
ұйымына шағымым жоқ (бар, олар мынадай):
I agree with this hunting protocol and have no claims to the
hunting enterprise (I have, they as follows):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аңшы Аң аулау басшысы
Hunter _______________________ Hunting manager _________________
Аңшының мүддесін білдіретін Аңшылық шаруашылығы
тұлға ұйымының басшысы
Hunter's representative body Head of hunting enterprise
МӨР _________/_______________/ МӨР
_________/_______________/

5 Асканий бұғысының мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
5-қосымша
Асканий бұғысының мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________(түрі) атып алдым.
Атып алу күні __________ Атып алу орыны (шаруашылық)_______________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу
нәти-
же­ле­рі
Со­ма­сы
Ор­та­ша
мөл­ше­рі
Ко­эф­фи-
ци­ент
Балл
1. Мүй­із­дің ұзынды­ғы, см:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2. 1) Көз үст­ін­де­гі ал­ғаш­қы қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың ұзынды­ғы, см:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2) Көз үст­ін­де­гі екін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың са­ны (әр жа­ғы­нан бір-бір­ден, да­на)
3. Тәж астын­да­ғы қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың ұзынды­ғы, см:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
4. Аша­ның шең­бе­рі:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
5. Көз үст­ін­де­гі қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дан жо­ға­ры тұр­ған мүй­із шең­бе­рі:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
6. Тәж­ден тө­мен тұр­ған мүй­із шең­бе­рі:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
7. Мүй­із­дер ал­шақ­тығы
8. Мүй­із­дер сал­ма­ғы, кг
9. Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар са­ны, да­на:
оң жақ­та­ғы мүй­із­де
сол жақ­та­ғы мүй­із­де
10. Тәж пі­ші­ні қа­ра­пай­ым, 12-16 см 6 қо­сым­ша бұ­тақ­ша
11. Мүй­із­дер­дің түр-тү­сі ашық
12. Түй­ір­шік­ті­лі­гі мен із­ді­лі­гі:
ізі ірі,
түй­ір­шік­ті­лі­гі ор­та­ша
13. Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар шет­те­рі­нің түр-тү­сі ақ
Балл­дар со­ма­сы
Ақа­у­ла­ры үшін ше­ге­рім
Ақа­у­лар жоқ
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

6 Құдыр бас сүйегіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
6-қосымша
Құдыр бас сүйегіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні __________ Атып алу орыны (шаруашылық) ______________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу нәти­же­ле­рі
Балл
1. Бас сүй­ек­тің ұзынды­ғы, см
2. Бас сүй­ек­тің ені, см
3. Азу ті­стің ұзынды­ғы, см
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

7 Марал мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
7-қосымша
Марал мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ___________ Атып алу орыны (шаруашылық) _____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Мүй­із­дер­дің іш­кі ал­шақ­тығы
Оң жақ­та­ғы мүй­із
Сол жақ­та­ғы мүй­із
Балл­дар ай­ыр­ма­сы (ше­ге­рім)
1. Мүй­із­дер ұзынды­ғы, см
2. Бі­рін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­ның ұзынды­ғы, см
3. Екін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­ның ұзынды­ғы, см
4. Үшін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­ның ұзынды­ғы, см
5. Төр­тін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­ның ұзынды­ғы, см
6. Бе­сін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­ның ұзынды­ғы, см
7. Бі­рін­ші және екін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар ара­сын­да­ғы мүй­із шең­бе­рі
8. Екін­ші және үшін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар ара­сын­да­ғы мүй­із шең­бе­рі
9. Үшін­ші және төр­тін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар ара­сын­да­ғы мүй­із шең­бе­рі
10. Төр­тін­ші және бе­сін­ші қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар ара­сын­да­ғы мүй­із шең­бе­рі
11. Мүй­із­дер­дің іш­кі ал­шақ­тығы
Жиы­ны
Балл­дар со­ма­сы
Ше­ге­рім
Түп­кі­лік­ті ба­ға, балл­дар
Қо­сым­ша көр­сет­кіш­тер
Оң жақ­та­ғы мүй­із
Сол жақ­та­ғы мүй­із
Өл­шеу нәти­же­ле­рі
12. Мүй­із­дер шет­те­рі­нің ара­сын­да­ғы қа­шық­тық, см
13. Мүй­із­дер­дің ең үл­кен ал­шақ­тығы, см
14. Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар са­ны, см
15. Ке­мі­сті­гі бар бар­лық қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың жал­пы ұзынды­ғы, см
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

8 Қабанның азу тісіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
8-қосымша
Қабанның азу тісіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ___________ Атып алу орыны (шаруашылық) _____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу нәти­же-
ле­рі, см
Со­ма­сы
Ор­та­ша мөл­ше­рі
Ко­эф­фи-
ци­ент
Балл
1. Тө­мен­гі азу ті­стің ұзынды­ғы см:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2.  Тө­мен­гі азу ті­стің ені, мм:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
3. Жо­ғар­ғы азу ті­стің шең­бе­рі, см:
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
Балл­дар со­ма­сы
Ақа­у­ла­ры үшін ше­ге­рім
Үсте­ме
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

9 Сібір елігінің мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
9-қосымша
Сібір елігінің мүйізіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ____________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу
нәти-
же­ле­рі
Со­ма­сы
Ор­та­ша мөл­ше­рі
Ко­эф­фи-
ци­ент
Балл
1. Мүй­із­дің ұзынды­ғы: см
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2. Мүй­із­дер­дің ал­шақ­тығы
3. Бас сүй­е­гі­мен құр­ғақ мүй­із­дер­дің сал­ма­ғы
Бас сүй­ек­ке ше­ге­рім, гр.
4. Мүй­із­дер кө­ле­мі, см 3
5. Мүй­із­дер­дің түр-тү­сі
6. Төм­пе­шік­ті­гі
7. Аша­лар
8. Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың үш­кір­лі­гі
Ба­ға­лау көр­сте­кіш­те­рі
Балл­дар со­ма­сы
Мүй­із­дің әде­мі­лі­гі үшін үсте­ме
Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың ас­си­мет­ри­я­лы­лы­ғы үшін ше­ге­рім
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

10 БҰЛАН МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫНЫҢ НЫСАНЫ

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
10-қосымша
БҰЛАН МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫНЫҢ НЫСАНЫ
Аңшы ______________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні _____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ___________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу
нәти-
же­ле­рі
Со­ма­сы
Ор­та­ша кө­лем
Ко­эф­фи-
ци­ент
Балл
1. Мүй­із­дің шең­бе­рі, см
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2. Мүй­із­дер ал­шақ­тығы, см
3. Кү­рек­ше­нің ұзынды­ғы, см
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
4. Кү­рек­ше­нің ені
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
5. Бар­лық қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың жал­пы ұзынды­ғы, см
6. Қос мүй­із­де­гі қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар са­ны
Балл­дар со­ма­сы
Мүй­із­дер­дің жу­анды­ғы мен әде­мі­лі­гі үшін үсте­ме
Қо­сым­ша бұ­тақ­ша­лар­дың ұзынды­ғын­да­ғы ай­ыр­ма үшін және мүй­із­дер­дің ас­си­мет­ри­я­лы­лы­ғы үшін ше­ге­рім
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

11 Сібір тау текесіне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
11-қосымша
Сібір тау текесіне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ______________ Атып алу орыны (шаруашылық) __________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу
нәти-
же­ле­рі
Со­ма­сы
Ор­та­ша мөл­ше­рі
Ко­эф­фи-
ци­ент
Балл
1. Мүй­із­дің ұзынды­ғы, см
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
2. Мүй­із­дің шең­бе­рі
оң жақ­та­ғы
сол жақ­та­ғы
3. Мүй­із­дер­дің ал­шақ­тығы, см
Үсте­ме­лер:
Мүй­із­дер­дің түр-тү­сі қо­ңыр
Ке­дір-бұ­дыр­лы­лы­ғы (са­қи­на­лар са­ны) ор­та­ша
Сим­мет­ри­я­лы­лы­ғы
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

12 Жыртқыш аңдар: қоңыр аю, қасқыр, сілеусін бас сүйектеріне арналған олжалау парағының нысаны

Қазақстан Республикасының
аумағында шетелдіктердің
қатысуымен әуесқойлық
(спорттық) аң аулауды
ұйымдастыру ережесіне
12-қосымша
Жыртқыш аңдар: қоңыр аю, қасқыр, сілеусін бас сүйектеріне арналған олжалау парағының нысаны
Аңшы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ атып алдым.
Атып алу күні ____________ Атып алу орыны (шаруашылық) ____________
___________________________________________________________________
Жануардың жасы/жынысы/салмағы _____________________________________
Олжаны бағалау
Ба­ға­лау көр­сет­кіш­те­рі
Өл­шеу нәти­же­ле­рі
Балл
1. Бас сүй­е­гі­нің ұзынды­ғы, см
2. Бас сүй­е­гі­нің ені, см
Түп­кі­лік­ті ба­ға
М.О. Аң аулау басшысы _________________/______________/
Бағамен келісемін _________________/______________/

Қолданыстағы