Об утверждении комплексного плана мероприятий по созданию движения "Улица (квартал, микрорайон, аул, село, город, область) без наркотиков"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении комплексного плана мероприятий по созданию движения "Улица (квартал, микрорайон, аул, село, город, область) без наркотиков"
- Атауы (қаз.)
- "Есірткісіз көше" (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент, қала, облыс) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-11/345
- Қабылданған күні
- 22.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2010 26178_173978.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05B0003166
- ЭКБ идентификаторы
- 26178
- Редакция идентификаторы
- 26178_173978
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:13
0 "Есірткісіз көше" (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент, қала, облыс) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын
бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Есірткісіз көше" (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент, қала, облыс) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2 Ақмола облысы әкімдігінің
2005 жылғы 22 қарашадағы
N А-11/345 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Есірткісіз көше" (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент, қала, облыс) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары
N№
Іс-шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
Аяқталу нұсқасы
1.
"Есірткісіз көше"» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент, қала, облыс) қозғалысын құру жөнінде мұғалімдер, оқушылар, оқушы жастар, құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері арасынан ұйымдастыру комитеттерін құру
2005 жыл
қараша
ДСД, ІСД, ІІД (келісімі бойынша)
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
2.
Салауатты өмір тынысын құруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар құрастыру
2005 жыл
4-тоқсан
ІІД (келісімі бойынша), БД, ІСД, ДСД, Д және СБ
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
3.
Есірткіні пайдаланудың нәтижесі жөнінде оқушылар және оқушы жастар арасында білімін тексеру үшін сауалнама ұйымдастыру
Жыл сайын
2 рет
БД, ІСД, ІІД
(келісімі бойынша), ДСД
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
4
Есірткіні пайдаланудың бастапқы кезеңін анықтау үшін ата-аналармен семинарлар, лекциялар және әңгімелесулер ұйымдастыру
Тоқсан сайын
БД, ДСД, ІСД
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
5
Сауықтыру орындары, сондай-ақ қалааралық автокөлік құралдарында кәмелетке толмағандар арасында есірткіні пайдалану және тарату фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен, облнаркодиспансермен бірлесіп рейдтер өткізу
Жыл бойы
БД, ІІД (келісімі бойынша), ІСД, ДСД
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
6.
"Есірткіге жоқ" шеруін өткізу және акция ұйымдастыру
2006 жылғы
26 маусым
БД, ІІД (келісімі бойынша), ІСД, ДСД (келісімі бойынша)
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
7.
Есірткіден тазарту жөніндегі өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы БАҚ-да жариялауды қамтамасыз ету
Жыл бойы
БД, ІСД, ІІД (келісімі бойынша), БАҚ (келісімі бойынша)
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
8.
Кәмелетке толмағандардың есірткі мен спирт ішімдіктерін пайдаланбау мәселесі бойынша құқық қорғау орындарының және сауықтыру орындары басшыларымен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесуін ұйымдастыру
Жарты жылда
бір рет
БД, ІІД (келісімі бойынша), ІСД (келісімі бойынша)
Облыс әкімдігінің аппаратына ақпарат
Қосымша:
Қысқарған сөздердің түсініктемесі
ІІД - Ішкі істер департаменті
ІСД - Ішкі саясат департаменті
БД - Білім департаменті
ДСД - Денсаулық сақтау департаменті
МБ - Мәдениет басқармасы
Д және СБ - Дене шынықтыру және спорт басқармасы
КБД - Кедендік бақылау департаменті