Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории города Алматы

Қаулы · № 1167 · қабылданған 24.11.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2619/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории города Алматы Күшін жойған 24.11.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории города Алматы

Күшін жойған Қаулы № 1167 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің жертөлелерін және қосарланған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектісіне арнап қайта жаңғырту (қайта жабдықтау) тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1167
Қабылданған күні
24.11.1998
Көрсетілген редакция
24.11.1998 2619_234573.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98R000036_
ЭКБ идентификаторы
2619
Редакция идентификаторы
2619_234573
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:27
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің жертөлелерін және қосарланған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектісіне арнап қайта жаңғырту (қайта жабдықтау) тәртібі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 23.08.2001 № 2/145 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау жолында шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы жағдай жасау, Алматы қаласын еркін кәсіпкерлік аймағына айналдыруға жәрдемдесу мақсатында, Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады:

1. "Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің

жертөлелерін және қосарланған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектісіне
арнап қайта жаңғырту (қайта жабдықтау) Тәртібі" бекітілсін.

2. Алматы қаласы Әкімінің 1996 жылғы 23 мамырдағы N 104 "Алматы

қаласындағы пәтерлерді жаңғырту тәртібі туралы" шешімінің күші жойылды деп
есептелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші

орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.

4 Алматы қаласы әкiмiнiң

1998 жылғы 24 қарашадағы
№ 1167 шешiмiне
№ 1 қосымша
Алматы қаласының аумағындағы пәтерлердi, тұрғын үйлердiң
жертөлелерiн және қосып салынған үй-жайларды кәсiпкерлiк
қызмет нысандары үшiн реконструкциялаудың (қайта жобалаудың)
тәртібі

1. Жалпы ережелер

1.1. Пәтерлердi, тұрғын үйлердiң жертөлелерiн және қосып салынған

үй-жайларды кәсiпкерлiк қызмет нысандары үшiн реконструкциялаудың (қайта
жобалаудың) осы Тәртiбi кәсiпкердiң Алматы қаласының аумағындағы
пәтерлердi, тұрғын үйлердiң жертөлелерiн және қосып салынған үй-жайларды
кәсiпкерлiк қызметтiк әртүрлi нысандары үшiн реконструкциялауының (қайта
жобалауының) жобасының жайын келiсудiң және бекiтудiң жиынтығын белгiлейдi.

2. Реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) жобасын келісудің тәртібі

2.1. Жайларды реконструкциялауға (қайта жобалауға) мүдделi жеке және

заңды тұлғалар Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментiне
өтiнiш жасайды.
Өтiнiште мына мәселелер көрсетiледi:
- өтiнiш берушiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi (егер өтiнiш заңды
тұлғаның атынан берiлетiн болса, кәсiпорынның толық аталуы, бiрiншi
басшының тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, орналасқан жерi және телефоны
көрсетiледi);
- қайта жобаланатын үйдiң мекен-жайы және телефоны;
- реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) мақсаты.

2.2. Өтiнiшке мына мәселелер қоса берiледi:

- үй-жайды иелену құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы (заңды тұлғалар үшiн) куәлiктiң көшiрмесi және куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) көшiрмесi;
- реконструкцияланатын (қайта жобаланатын) жайлардың иелерiнiң отбасы мүшелерiмен қоса олардың келiсуiмен нотариалды куәландырылған қолхат;
- реконструкцияланатын (қайта жобаланатын) жайлардың жобасы (бар болғанда);
📌 Ескерту. 2.2. тармақ өзгертілді - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен.
- ғимараттар мен конструкциялардың төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жетекшi институттың қорытындысы.

2.3. Сәулет және қала құрылысы департаментi өтiнiш иесiнiң құжатын қарастыруды, жобаға талдама жасайды және оған қорытынды шығарады.

2.4. Сәулет және қала құрылысы департаментiнiң қорытындысын алған соң өтiнiш иесi "Алматықаламемсәулетқұрылысинспекциясынан" жұмысты жүргiзу үшiн рұқсат алуы мiндеттi.

2.5. Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасын әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiлер архитектура және қалақұрылысы Департаментiнде архитектура-жоспарлау тапсырмасын алуы керек (АЖТ).

Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте өкiлеттi органдармен келiсiлуi қажет.
📌 Ескерту. 2.5. тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен.

2.6.

📌 Ескерту. 2.6. тармақ алып тасталды - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен.

3. Үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жобалауды) жүзеге асыруды бақылау.

3.1. Объектiлердi реконструкциялауды (қайта жобалауды) жүзеге асырудың сапасын бақылауды және оны пайдалануға қабылдауды "Алматықаламемсәулетқұрылысинспекциясы" қамтамасыз етедi.