Приозерск қаласының аумағын
көркейту Қағидасың бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1тармағы 8 тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі туралы» Заңының 22 бабы 2 тармағы 3 тармақшасының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қодекстің 3 бабының 2 тармағы негізінде қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Приозерск қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы от 14.11.2005 г. № 124/25 (Приозерск қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы)
1. «Приозерск қаласының аумағын көркейту Қағидасы» бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, өндіріс және қызмет көрсету саласы мәселері жөніндегі комиссияға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
«Приозерск қаласының қала құрылысы,
құрылыс, тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі»
Мемлекеттік мекеме бастығы
М. Жұмабеков
"11" қараша 2005 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Коммуналдық тұрғын үйлерді
қайта қалыптастыру басқармасы»
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
директоры
Ж. Есенжолов
"11" қараша 2005 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы Приозерск
қалалық 4 ішкі істер бөлімінің бастығы
Н. Ли
"11" қараша 2005 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Приозерск қаласының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Департаментінің филиалы басшысы
Л. Батанаева
"11" қараша 2005 жыл
Приозерск қалалық Мәслихаттың
2005 жылғы «14» қарашадағы
№ 124/25 шешімімен бекітілген
Приозерск қаласының аумағын көркейту Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы" сәйкес әзірленіп дайындалды.
1. Жалпы ережелер
1. Приозерск қаласын көркейту Қағидасы елді-мекендердегі қоршаған ортаны толығымен күтіп ұстау және ғимараттар бойынша шаралар кешенін өткізу анықтайды, көркейту элементтері мен объектілерінің жағдайына сәулет, санитарлық және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарды анықтайды.
Осы Қағида қала аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қатыссыз міндетті болып табылады.
2. Қағида нормативтік құжат болып табылады, оған қаланы көркейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар өндірісін жүргізу және ұйымдастыру, сондай-ақ барлық меншік түріндегі заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі, міндеті және құқығы енеді.
3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейту Қағидасын сақтауға міндетті.
4. Приозерск қаласы әкімі жанындағы мемлекеттік мекеме көркейту және инженерлік инфрақұрылымдар элементтері мен объектілерін қорғау, ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп ұстау жөніндегі кәсіпорындармен шарттар жасау, ортақ пайдаланыстағы объектілерде және аумақтарда мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, көркейту жөніндегі қызметтерді үйлестіруде тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асырады.
5. Көркейту элементтері мен объектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарды, жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға тиісті өкілетті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар
6. Өкілетті орган - Приозерск қаласын көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган.
7. Көркейту - адамның елді-мекендерде жақсы да және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Осы жұмыс кешені төмендегі негізгі бағыттар бойынша көркейту объектілері мен элементтерін жөндеу және қорғау, пайдалану, күтіп ұстау және ұйымдастыруды қарастырады: инженерлік көркейту, сыртқы көркейту, санитарлық көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақты көркейту.
8. Бекітілген аумақ - Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде белгіленген тәртіпте субъектілерге бөлінген жер телімі.
9. Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар - инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік коммуникациялары мен құрылымдары, сондай-ақ қаланың қызметі мен дамуын тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындарға әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешені.
10. Жер жұмыстары - аумақты қазу, тас төсеу және қайта жабумен байланысты жұмыстар.
11. Бөлінген аумақ - өкілетті органның шешіміне сәйкес, жер пайдаланушыға өзіне қарасты объектілерді (пайдалану) орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
12. Салынбаған аумақ – жер үсті және жер асты құрылыс түрлері жоқ аумақ.
13. Санитарлық тазалау - жинау жүйесі, қалдықтарды жою және жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру.
14. Қатты-тұрмыстық қалдықтар - бұл жалпы және тұрғылықты ғимараттарда пайда болған тұрмыстық қоқыстар, қазіргі пәтерлерді жөндеудегі қалдықтарды, жергілікті жылытудағы жылыту қондырғыларындағы қалдықтарды, үй тұрмысындағы ірі заттар қалдықтарын қосқанда.
15. Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияланбаған үй-жай қалдықтары.
16. Қалдықтар жиынтығы - олардың концентрацияларын бекітілген орнынан олардың пайда болу көзінен қалдықтарды қабылдау бойынша арнайы кәсіпорын қызметі.
17. Қалдықтарды шығару (жою) - анықталған орынға қалдықтарды транспорттау (қалдықарту пункті, қалдық өңдеу заводы, полигон).
18. Қалдықтарды көму - арнайы орындарға (полигон) одан әрі райдалануға келмейтін қалдықтарды қоршаған табиғат ортасына зиянды заттардың түсуінің алдын алу мақсатында оқшаулау.
19. Полигон - жергілікті атқару органдары шешімдерімен анықталған, қалдықтарды жою және бүктеуге арналған, жалпы қолдану орындары.
20. Инженерлік жүйелер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктеріне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан жер үстіндегі суды жинап, бұруға арналған қаланы инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
21. Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланыстағы демалу аймақтары (бақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, қоғамдық көліктердің аялдамалары.
22. Көше - даңғыл жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үсті инженерлік желілері орналастырылған қала аумағы.
3. Жалпы талаптар
23. Заңды және жеке тұлғалар жол жамылғыларының, тротуарлар, көк майсалар және басқа объектілердің, көркейту элементтерінің және инженерлік құрылғылардың бүлінуіне байланысты, жұмыстарды жол органдарымен жазбаша рұқсат қағазымен (ордер) ғана іске асырылады.
24. Көлік жолдарын пайдаланушылар келісімді іске асырады:
1) өкілетті органмен, жол полициясы бөлімдерімен және төтенше жағдай бойынша басқармамен мыналарды келісімдеуге:
қатты әсер ететін және радиоактивті, копарғыш заттар таситын ірі габаритті және (немесе) ауырсалмақты көліктер жолын;
көлік жолдарын арналармен, байланыс және электрберу жүйелерімен, газ, су өткізуші және темір жолдармен және басқа инженерлік және коммуникация жүйелерімен қиылысуын;
бір деңгейде көлік жолдарымен қиылысу кезіндегі қосымша жолдарды төсеу немесе теміржолдарының төмендеуі және жоғарлауын;
теміржол өткелдерін тарату және жөндеу, қайта жөндеу, орнату;
көлік жолдарын бақылау зонасында және бөлінген жол жиегінде дүңгіршектер, павильондар немесе басқа ғимараттар орнатуды;
жол ақпаратына қатысы жоқ, транспаранттардың көлік жолдарын, жарнама, плакаттарды жол жиегіне орнатуды;
көлік жолдарының бақылау зонасына және жол жиегіне сыртқы жарықтандыру тірегін орнатуды;
жолдарда жалпылай және спорт шараларын өткізуді;
аялдама пункттерінің орнатылуын және жолаушылардың жалпы пайдалану транспорт құралдары қозғалысы маршруттарының ашылуын;
жүктерді арту және тасу үшін алаң және жолдардан келуді орнату;
көлік жолдарында жаяу жүретіндерге және көлік құралдары қозғалысына бөгет болатын түрлі жұмыстарды өндіруге;
2) өкілетті органымен мыналарды келістіруге:
жолдарды бақылау зоналарында және жол жиегіндегі карьерлерді өңдеуді, сәнді көшеттерді, дуалдарды орнатуды, ескерткіштер, ғимараттарды қалпына келтіруді;
көлік жолдарының жиек жолағындағы көшеттерді отырғызу және алуды;
25. Жобалау құжаттары болған жағдайда ғана жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат (ордер) беріледі:
1) жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
2) жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетті. Жер жұмыстарын өндіруге рұқсат беру (ордер) 2-күндік мерзімде орындалады.
26. Шұғыл авариялы-қалпына келтіру жұмыстары, Осы Қағиданың 25 тармағында бекітілген рұқсат беру тәртібімен келесі рәсімдеуімен, осы жолдар мекеме бақылауындағы, өкілетті органның өкілінің қатысуымен орындалуы керек.
27. Жер жұмыстары өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:
1) нұсқау бойынша ескертулерді қалпына келтіру мерзімі өткен соң, әзірлеген материалдар бойынша, Қағиданы бұзған кінәлі лауазымды тұлғалардан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабында қарастырылған айыппұл өндіріп алу үшін материалдарды материалдық зинды өндіріп алу үшін материалдарды сотқа жібереді;
2) жоба бойынша бекітілген және жол өкілетті органмен келісілген құрылыс жұмыстары өндірісінің мерзімі бұзылған жағдайда, жұмыс істеуге берілген ордер (рұқсат) өкілетті органның жазбаша өкімі бойынша жойылып, материалдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, айыппұл қолдану үшін сотқа берілуі мүмкін, сот шешімінің заң күшіне енгеннен ейін өкілетті органның нұсқауы бойынша жұмысқа ордер (рұқсат беру) жойылуы мүмкін.
3) егер апатты жұмыстарды орындап жатқан ұйым 3 тәуліктің ішінде ордерді (рұқсатты) ресімдемесе, одан әрі орындалған жұмыс рұқсатсыз орындалған деп есептеледі.
28. Жұмыс өндіруші жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға міндетті:
1) белгіленген үлгіде ескерту белгілері мен қажетті қоршауларды жұмыс жүргізілетін қауіпті аймақ шекарасы бойына орнату;
2) жүргіншілер жүретін жерлерге құрылғылар орнату және қазылған учаскелерді түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
3) нөсерлік канализациялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;
4) механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда жасыл көшеттер болған жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатты қалқандармен қоршау;
5) жол өткелдері мен қозғалыс жолдарын жабу қажет болған жағдайда айналма жолдарды дайындап, тиісті белгілер арқылы айналма жолдарды анық көрсету;
6) жұмыс өндірісі қолданыстағы нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
7) құрылыс материалдарын сақтау жел ұшырмайтын және шаң-тозаңды болдырмайтын шаралар сақтала отырып жүргізіледі. Жұмыс барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдар өндіріс процесінде шығарылады. Жасыл көшеттер, жер асты құрылымдарының құдық қақпақтарын, су ағар торларды, лотоктар. Құрылыс материалдарымен және топырақпен жабуға тыйым салынады. Құрылыстың аталған элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға қолжеткізуге мүмкіндік болатындай ағаш қалқандар және қоршаулар қолданылуы тиіс.
29. Қоршаған ортаның нашар жағдайын ескере отырып, Приозерск қаласын көркейту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
1) қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды, лайлар мен басқа да қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ қар мен мұзды арнайы бөлінген орындардан басқа, нөсер қабылдағыштар мен торларға, байқайтын және бақылайтын канализациялық құдықтарға, су құбыры мен жылу жүйелеріне, фонтондарға, суаттарға, өзендер мен жасыл көшеттерге, көгалдарға, алаңдарға, гүлзарларға, көлік жолдарына, қоғамдық көліктерді тосатын аялдамаларға тастауға, сонымен қатар бос жерлерді, қоғамдық орындарға, көшелерге қоқысты тастауға;
2) кіші сәуелттік үлгі объектілерін, гүлзарлар, бақтар және басқа да қоғамдық пайдаланатын орындардағы жабдықтарды сындыруға;
3) жергілікті атқарушы орган осындай мақсат үшін бөлінген орындарға, сонымен қатар меншік иесінің келісімінсіз хабарландыру, жарнамалық және үгіттеу баспа өнімдерін (плакаттар, афишалар, үнқағаздар) және басқа да көзге көрінетін ақпараттарды үйлердің, ғимараттар мен имарттардың қасбетіне, су құбырларына, жарықтандыру тіреулеріне, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларға және басқа да жерлерге ілуге;
4) қоқыс төгетін қораптарда қоқыстарды өртеуге, қоқыс төгетін орынға құрылыс материалдарын, металл қалдықтарын тастауға;
5) осы нормаларды бұзған жағдайда айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының «»Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
4. Көлік жүйесі
30. Көлік құралдарымен тасымалданатын көшелерді ластайтын, төгілетін және басқа да жүктер көшелердің ластануына жол бермес үшін ұқыпты жабылуы тиіс.
31. Күтпеген жағдайлар, стихиялық апаттар туылған кезде (өрт, төтенше, апатты жағдайлар) апатты жұмыс өндірісі орнында материалдар мен басқа да мүліктерді қоймалаған меншік нысанына қатыссыз заңды және жеке тұлғалар өкілетті органның бірінші талабы бойынша өз күштерімен осы учаскені босатуға тиіс.
32. Егер қазған кезде жобада жол жер асты коммуникациялары белгілі болса, жұмысты жүргізуші ол туралы жол органдарына және осы коммуникациялар қарайтын мекемеге хабарлауға қажет.
33. Жұмыс өндірісі орындарында ақпараттық қалқандар (объектінің, кәсіпорынның атауы) орнатылуға тиіс.
34. Мыналарға жол берілмейді:
1) арнайы рұқсатсыз шынжыр табан көліктермен қала көшелерінде жүруге;
2) белгіленбеген орындарға қоқыс шығару;
3) белгіленбеген орындарда автомашиналарды жууға;
4) аула ішіне өрт сөндіру автокөлігінің жүруіне бөгет болатын кедергілерді орнатуға.
5. Жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялардың жүйесі
35. Қаланы көркейтудің бұзылуын болдырмау үшін инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы және құрылымы арнайы инженерлік коммуникацияларға иеліктері бар заңды және жеке тұлғалардың үнемі бақылауында болады, олар төмендегілерге міндетті:
1) аумақты су басуына жол бермеу;
2) бөлінген және қорғау аймақтардың жағдайын бақылау, люктардың қақпақтары, құдық және камералардың жабындылары, нөсерлік канализациялардың торлары жол жабындыларының деңгейінде болуы тиіс және үнемі дұрыс істеп тұруын тексеріп тұру;
3) қайтадан құм төгу және пайдалану, монтаж тәртібін сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты жолдары мен топырақ және қатты жабындыларының жағдайына үнемі көңіл аудару.
36. Жоғарғы және жер асты суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырлар мен дренаждарды тазалау мен жинау, нөсерлік канализациялары коллекторлары мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау қажетіне қарай жаз мезгілінде төрт реттен кем емес, ал қыс мезгілінде бір реттен кем емес жүргізіледі.
6. Аумақты жарықтандыру
37. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықты орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықты орнатуға төмендегілер жатады:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, бөлуші жүйелер;
2) электр желілерін орналастыру және қорғау қондырғысы;
3) кронштейндер, тросты іліншек тіректері.
38. Тар жолдар, тротуарлар және алаңдарға жарық түсіру ғимарат қабырғасына ілінген шамдармен оларға жақсы жарық түсетіндей жерге ілу арқылы жүргізіледі.
39. Сыртқы жарық қондырғысына қызмет көрсету және күтіп ұстау төмендегі шараларды қамтиды:
1) сыртқы жарық қондырғысын техникалық дұрыс жағдайда ұстау, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келумен қоса, лампаларды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыру, шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеуді енгізу;
2) шамдарды жөндеу кезінде неғұрлым сапалы, қазіргі заманғы және тиімді жарық лампаларын пайдалану қажет.
40. Жарықтандыру тірегіне жарнама қалқандарын, баланста ұстаушының келісімінсіз басқа инженерлік жүйелерді орнатуға жол берілмейді.
41. Сыртқы жарықтандыру қондырғысын орнату жағдайын және шамдардың жану пайызын анықтау үшін, екі жұмада бір рет бақылаулы тексеріс жүргізіледі, сыртқы жарықтандыру қондырғысы жағдайы бойынша акт құрылады. Шамдардың жану пайызы 95 пайыздан кем болмауы керек.
7. Ерекшелінген аумақтардағы нысандарды тазалау
42. Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағадайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарын жүргізуге, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға жол берілмейді.
43. Қоғамдық орындардағы аумақтарды жинау (жалпы қолданыстағы демалыс орындары) таңертеңгілік және адамдар аз жүретін уақыттарда (түнгі, таңертеңгілік кезде) жүргізіледі.
44. Жазғы маусымда жүретін жерлерде және тротуарлардан шаң-тозаң, кір-қоқыс, жерге түскен жапырақтар, көше күл-қоқыстары, жолдар, алаңдар көшелер және инженерлік құрылыстар жүру бөліктері түнгі уақытта жуылады.
45. Жапырақтар саулап түскен шақтарда оларды жел ұшырып әкететін көшелер, тротуарлар, газондарды дер кезінде жинап алу керек. Жиналған жапырақтарды арнаулы белгіленген учаскелерге жеткізу қажет. Жапырақтарды елді мекендерде, скверлерде және парктерде өртеп, жинақтауға болмайды.
46. Қысқы жинау жұмысы тұрақты (қар жауған кездерде) және мезгілді (қар жауған және одан кейінгі уақытта) болып екі түрге бөлінеді.
47. Жолдардағы және тротуарлардағы көктайғақтармен күресу үшін тұз араластырылған құм (немесе басқа хлоридалы құмдар) қолданылады. Жолдарды қауіпсіздендеру, жүру қозғалысы жоғары жерлерде ең бірінші кезекте апатты-қауіпті жерлерден басталады: құлдилауда, көтерілуде, қиылыстарда, қоғамдық көліктер тежелетін орындарда, көпірлердің өту бөліктерінде, жол өтімдерінде және басқа инженерлік құрылыстарда.
48. Мұз үйінділерін, қардың кірлік қалдықтарын жасыл көшетті аумақтарға апарып, тастауға жол берілмейді.
49. Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, қиылыстары, көпірлер, жоғары және ылдиларды механизммен себу осы жұмыстарды өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы. Аула ішіндегі жаяу кісілі жолдарға құм себу пәтер иелері күшімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу тәртіпте іске асырылады.
50. Жер учаскесі иелері және жер пайдаланушылар белгіленген аумақтарда қар және мұздарды ойып жинауға, тайғақ жерлерге инертті жадығаттармен өз бетімен себуге немесе мамандандырылған ұйымдар шарты бойынша іске асыруға міндетті.
51. Шатырларды және карниздегі, төбедегі және су құбырларындағы қардан тазалау ғимарат және мекеме иелерінің құралымен және күшімен, маңайы міндетті қоршалған жасыл көшеттерді, шамдарды, ауа жүйелерінің және жая жолаушылардың бақытсыз жағдайынан сақтану шараларын сақтау міндетімен жүйелі түрде өндіріледі.
52. Өтетін жерлерді бөгеуге жасыл көшетті газондарға залалын тигізетін қар және мұз қалдықтарын тастауға жол берілмейді.
8. Базарлар
53. Базарлар аумағында (оның ішінде шаруашылық алаңдарға кірме жолдар, өткелдер) жауын және көктемгі су ағындарының төмен ағып кетуін қамтамасыз ететін қабаттар (асфальт, жұмыртас) төселуі керек. 0,2 гектар алаңы бар базарларға еркіндік етілген жағдайда бұрынғы төселген жоғарғы қабатты кем дегенде 3 см құммен тағы нығырлауға жол беріледі.
54. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
55. Шаруашылық алаңдарды Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының талаптарына сәйкес сауда орындарынан кем дегенде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
56. Базардың техникалық жұмысшылары ол жабылғаннан кейін аумағын тазартуы керек. Күндіз қалдықтар жиналып қалған жерлерге тазарту жұмыстары жүргізілуі керек.
57. Жылдың жылы маусымында базар аумағын міндетті сыпырумен бірге күн сайын жуып отыру керек.
9. Бақтар
58. Ауыспалы күл қоқыс жинағыштарға бөлінген шаруашылық учаскелері демалушылардың көп жиналатын орындарынан (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар және т.б.) 50 метрден жақын орналаспауы керек.
59. Парктің 800 шаршы метріне кем дегенде бір урна орнатылуы керек. Басты аллеялардағы урналардың ара қашықтығы 10 метрден аспауы тиіс.
10. Табиғи суаттар
60. Табиғи жағжайларда медициналық пункттер, құтқару станциялары, тамақтану орындары, киініп шешінетін кабиналар, әжетханалар орналасады. Егер фонтандар болса су ауызсуы Қазақстан Республикасының санитарлық қағидалар мен нормаларының талаптарына сәйкес болуы керек.
61. Урналар жасыл көшеттерден 3-5 метрлік қашықтықта орналасуы керек. Урналардың жаға-жайдың 1600 метрлік аумағына кем дегенде біреуі орнатылуы қажет. Орнатылған жаға-жайдағы урналардың ара қашықтығын бір-бірінен 40 метрден аспауы тиіс.
62. Жаға-жай алаңдарында бір орынға 75 келушіден келетін қоғамдық әжетханалар орнатылуы керек. Қоғамдық әжетханалардың суға шомылатын жерлерге дейінгі ара қашықтығы кем дегенде 50 метрден 200 метрге дейін аспауы керек.
63. Ашық және жабық шешінетін орындар, гардеробтар күн сайын дезинфекциялайтын ертінділермен жуылуы керек. Жағажайлар аумағында күнделікті жинастыру жүргізу қажет. Арнаулы механизмдер болса жағажайларда аптасына кем дегенде бір рет құмның беткі қабатын күл қоқыстан аршып отыру керек. Аршылғаннан кейін құм тегістелуі қажет.
64. Суға шомылу үшін арналған орындарда машина, кір жууға, жануарлар суға түсіп және оларды ертіп жүруге жол берілмейді.
65. Қысқы маусым аяқталғанда су тоғандарының жағалық аймақтары күл қоқыстардан, бей берекет үйінділерден арылуы керек, су бассейінінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша шаралар жүргізілуі қажет.
11. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
66. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық және басқадай ұйымдардан қатты қалдықтарды жинауды және шығару жоспарлы-тұрақтандыру жүйесі бойынша арнайы кәсіпорындар арқылы жүргізіледі.
67. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орналастыру үй иелерімен және кәсіпорындармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары санитарлы қызметтер және өртке қарсы қызметтер келісімі бойынша контейнер орнатуды өндіреді.
68. Қоқыс жинайтын алаңдар елді мекендерде тұратын адамдар үшін қолайлы жағдайда, топырақ беті мен ауаның ластануына мүмкіндік бермейтін, тиісті эстетикалық талаптарды қамтамасыз етуді есепке ала отырып орналастырылады. Алаңқайлар асфальтпен жабылып және оған үй не кіре беріс жақтан арнаулы транспорттың кіріп шығуына мүмкіндік жасалған жөн.
69. Қалдықтарды сыртқа шығару ісіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
12. Құрылысты бұзу және шығару
70. Қолданылып жүрген заңдылықтар және бекітілген жобалық процедуралар орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда ғана аумақтардағы ескірген және құлауға шақ қалған құрылыстарды бұзу жұмыстарына кірісуге болады.
71. Бұзу және бөлшектеу технологиясы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидалар талаптарына сәйкес қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету керек.
72. Бөлшектеу жүргізілгеннен немесе участок бұзылғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыс) қаланың қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал учаске қайта өңдеуге жатқызылады.
13. Үй-маңайын күтіп-ұстау және тазалау
73. Үй маңындағы аймаққа контейнер орнату үшін, ыңғайлы транспорт өту жолдары үшін арнайы алаңдар бөлінуі керек. Алаң жасыл көшеттермен қоршалған және су өткізбейтін жабындымен бірге ашық болуы керек.
74. Аулалық қоқыс жинағыштардың саны мен көлемі Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес анықтау ұсынылады.
75. Камера, қалдық өткізу, қалдық жинау және камерадан қалдықтарды арту орнына тиіп тұрған аумақты, сонымен қатар қалдық (контейнер) және тұрмыстық-қалдықтарды уақытша сақтау үшін алаңдарға жауапкершілікті меншік иесі, кондоминиум объектілері мекеме органдары, немесе үй немесе ғимарат меншігіндегі ұйымдар мойнына алады. Контейнер алаңы бекітілген аумақ сыртынан табылса, контейнер алаңын күтіп-ұстау жауапкершілігін қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаратын ұйымдар мойнына алады.
76. Жеке жер үйлер қожайындары кондоминиум объектісі мекеме органына аула маңайы және үйге жүру жолын жинау жүктеледі.
14. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
77. Осы Қағиданы бұзғаны үшін «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген санкциялар қолданылады.
78. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды қолданыстағы заңға сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзыреті шегінде іске асырады.