О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам, связанным с разделением функций между подразделениями Национального Банка Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам, связанным с разделением функций между подразделениями Национального Банка Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 17.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI26253_12.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003993_
- ЭКБ идентификаторы
- 26253
- Редакция идентификаторы
- AI26253_12
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:13
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты құрылымының өзгеруіне және оның бөлімшелері орындайтын функцияларды нақтылауға байланысты, сондай-ақ консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы қаулының қосымшасына сәйкес консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 17 қарашадағы
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі
1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3 3. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен.
2
6
4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 905 тіркелген, 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2368 тіркелген), 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2590 тіркелген) және 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3406 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесінде:
33 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
33
"33. Жүйеде жасалған төлемдер мониторингін, пайдаланушылардың таза позицияларының мониторингін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын бақылауды жүзеге асыру үшін Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және Ұлттық Банктің банктердің корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне клирингтің әрбір қатысушысының таза позициясы, Жүйедегі клиринг қатысушысының ақша сомасы туралы, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеде ашылған клиринг қатысушысының корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы ақпаратты береді.
Пайдаланушыда ақшаның жетіспеуіне байланысты төлем құжаттары жойылған кезде Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесі осы пайдаланушыдан күші жойылған төлем құжаттарының кейіннен орындалуы туралы сұратуға құқылы.".