О мерах совершенствования первичной медико-санитарной помощи населению Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах совершенствования первичной медико-санитарной помощи населению Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1304
- Қабылданған күні
- 28.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2009 AI26262_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001304_
- ЭКБ идентификаторы
- 26262
- Редакция идентификаторы
- AI26262_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:04
0 Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығын іске асыру және халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
2 2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген кесте бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (бұдан әрі - БМСК) қазіргі жүйесінің номенклатурасын мынадай жолдармен осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін:
жұмыс істеп тұрған емханалардың (қалалықты қоспағанда), дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың базасында БМСК орталықтарын құру;
жұмыс істеп тұрған ауылдық және қалалық (отбасылық) дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың, фельдшерлік-акушерлік пункттердің базасында дәрігерлік амбулаториялар құру;
жұмыс істеп тұрған фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің, денсаулық сақтау пункттерінің, жеке үй-жайын ұстаусыз медицина қызметкерінің штат бірліктерінің базасында медициналық пункттер құру;
2 2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға (нормативтерге) сәйкес БМСК ұйымдарын медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлікпен жарақтандыруды аяқтасын;
3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, учаскелік терапевтер мен педиатрларды даярланған және қайта даярланған жалпы практика дәрігерлерімен БМСК дәрігерлерінің қазіргі жалпы санының - 2008 жылға қарай 20 пайызына және 2009 жылға қарай 30 пайызына дейін кезең-кезеңмен алмастыруды қамтамасыз етсін;
4 4) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05. N 102 Қаулысымен.
5 5) жаңадан іске қосылатын БМСК объектілерінде жалпы дәрігерлік практика қағидатын енгізуді қамтамасыз етсін;
6 6) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулы іс-шараларының іске асырылуы жөнінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4 4. "Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 472 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 148-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартында:
біріншіден бастап алтыншыны қоса алғанда, он жетінші абзацтар алынып тасталсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын халықтың саны 5000 адамнан асатын, жақын аудандық (аудандық орталық) ауруханадан 50 километрден асатын қашықтықта орналасқан елді мекендерде және ауылдық округтерде ауылдық аурухана ашуға жол беріледі".
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1304 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі