Вопросы Комитета по делам религий Министерства юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы Комитета по делам религий Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiнiң мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1319
- Қабылданған күні
- 30.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2016 AI26286_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001319_
- ЭКБ идентификаторы
- 26286
- Редакция идентификаторы
- AI26286_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:03
0 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiнiң мәселелерi
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2 2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3 3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың үшiншi абзацында "Құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздер "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi, Дiни iстер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"азаматтардың дiни сенiм және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз етудi;";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында "жасалатын мәмiлелердi," деген сөздерден кейiн "дiни бiрлестiктердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi, бесiншi абзацтарында, 2) тармақшасының екінші абзацында "заңды тұлғаларды," және "мемлекеттік тіркеуді," деген сөздердiң алдынан тиiсiнше ", дiни бiрлестіктерді қоспағанда,", "дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
5 5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1319 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi туралы ереже
1 Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1319 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiнiң құрылымы