О продлении сроков действия запретов на экспорт дизельного, авиационного топлива и бензина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О продлении сроков действия запретов на экспорт дизельного, авиационного топлива и бензина
- Атауы (қаз.)
- Дизель, авиациялық отын және бензин экспортына тыйым салуларды қолдану мерзiмiн ұзарту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1332
- Қабылданған күні
- 31.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2008 AI26311_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001332_
- ЭКБ идентификаторы
- 26311
- Редакция идентификаторы
- AI26311_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:03
0 Дизель, авиациялық отын және бензин экспортына тыйым салуларды қолдану мерзiмiн ұзарту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) "Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 342-құжат):
1-тармақта:
"2005 жылғы 1 шiлде-31 желтоқсан" деген сөздер "2005 жылғы 1 шiлде-2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"отын мен вакуумдық газойлды" деген сөздер "отынды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2 2) "Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы N 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 32, 444-құжат):
1-тармақтағы "2005 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) "Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 11 қазандағы N 1015 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 37, 522-құжат):
1-тармақтағы "2005 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыны орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының аумағынан вакуумдық газойлды әкетуге тыйым салынғаны туралы және Қазақстан Республикасының аумағынан дизель, авиациялық отынды және бензиндi әкетуге тыйым салу мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабардар етсiн.