Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на произведения и объекты смежных прав, лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав
Күшін жойған
Қаулы
·№ 11
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на произведения и объекты смежных прав, лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав
- Атауы (қаз.)
- Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 06.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI26331_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000011_
- ЭКБ идентификаторы
- 26331
- Редакция идентификаторы
- AI26331_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:02
0 Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiнiң (Салық кодексi) 422-3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қоса берiлiп отырған туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi екi ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 11 қаулысымен
бекiтiлген
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары
1 1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген үш айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
2 2. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары:
1 1) жеке тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2 2) заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген үш айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
3 3. Мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың түпнұсқасын бергенi үшiн алым ставкалары:
жеке және заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген екi айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.