О внесении изменений в административно-территориальное устройство области по Енбекшильдерскому, Сандыктаускому, Шортандинскому, Атбасарскому районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство области по Енбекшильдерскому, Сандыктаускому, Шортандинскому, Атбасарскому районам
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер, Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандары бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3С-16-13
- Қабылданған күні
- 07.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 26359_303679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05B0003170
- ЭКБ идентификаторы
- 26359
- Редакция идентификаторы
- 26359_303679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:09
0 Еңбекшілдер, Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандары бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8,
11-баптарына сәйкес, Еңбекшілдер, Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Заозерный поселкесі Заозерное ауылының категориясына көшірілсін.
2 2) Сандықтау ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Лесное ауылдық округінің Крутые горки ауылы;
Белгородское ауылдық округінің Профинтерн ауылы;
Каменка ауылдық округінің Ключевка ауылы;
жоғарыда көрсетілген басқа қоныстар тұрғындары:
Лесное ауылдық округінің Крутые горки қонысы Лесное ауылдық округінің Лесное ауылының;
Белгородское ауылдық округінің Профинтерн қонысы Белгородское ауылдық округі Преображенка ауылының;
Каменка ауылдық округінің Ключевка қонысы Каменка ауылдық округі Каменка ауылының құрамына енгізілсін.
3 3) Шортанды ауданы бойынша:
Андреевка ауылдық округінің Новороменко ауылы келесі тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
Елизаветинка ауылдық округінің № 38 разъезді, тұрғындары Елизаветинка ауылдық округінің Төңкеріс бекетінің құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын.
4 4) Атбасар ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Ярославль ауылдық округінің Ждановка ауылы;
Новосельское ауылдық округінің Людмиловка ауылы;
Қаражар ауылдық округінің Үлкен Мойнақ ауылы;
Садовый ауылдық округінің Пригородное және Смирновка ауылдары;
Шұңқыркөл ауылдық округінің Қайрақты ауылы;
жоғарыда көрсетілген қоныстардың тұрғындары:
Ярославль ауылдық округінің Ждановка қонысы Ярославль ауылдық округі Радионовка ауылының;
Новосельское ауылдық округінің Людмиловка қонысы Новосельское ауылдық округі Новосельское ауылының;
Қаражар ауылдық округінің Үлкен Мойнақ қонысы Қаражар ауылдық округі Қаражар ауылының;
Садовый ауылдық округінің Пригородное және Смирновка қоныстары Садовый ауылдық округі Садовое ауылының;
Шұңқыркөл ауылдық округінің Қайрақты қонысы Шұңқыркөл ауылдық округі Шұңқыркөл ауылының құрамына енгізілсін.