Об утверждении Положения о Комитете геологии и охраны недр Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о Комитете геологии и охраны недр Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1785
- Қабылданған күні
- 18.12.1997
- Көрсетілген редакция
- 12.08.1999 AI264_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001785_
- ЭКБ идентификаторы
- 264
- Редакция идентификаторы
- AI264_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:52
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереженi бекiту туралы
қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң (заңды тұлға құқығындағы) құрылымы;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар
министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарауындағы
мекемелер мен ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар
туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы 17 шiлдедегi N 1124 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 299-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1785 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар
министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын
қорғау комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Қазақстан Республикасының теңгерiмдi
минералдық-шикiзат базасын құру
I. Жалпы ережелер
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, фирмалық бланкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
II. Тапсырмалары
5. Комитеттiң өз қызметiнiң саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
зерделеу, қорғау және пайдалану жөнiндегi қатынастарды мемлекеттiк
реттеу;
жер қойнауын қорғауды тұрақты жақсартуды және оны теңгерiмдi
пайдалануды қамтамасыз ету;
мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық ресурстарды ұтымды
және кешендi пайдалану және жер қойнауын қорғау бағдарламаларының
негiзгi бағыттарының ұсыныстарын әзiрлеу;
Комитет құзыретiнiң шегiнде жер қойнауының жай-күйi мен
мониторингiне және жер қойнауын пайдалануға бақылау жасауды
қамтамасыз ету;
салааралық үйлестiру мен мемлекеттiк басқарудың iшкi саласына
басшылықты жүзеге асыру.
III. Функциялары
жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзедi және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк және аумақтық геологиялық бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және оның орындалу барысын бақылайды;
жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттiң мұқтажы үшiн геологиялық зерделеулер жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысшының функцияларын және оларды жүзеге асыру кезiнде бақылау функцияларын жүзеге асырады;
жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi, жер қойнауының мониторингiн, жер қойнауын қорғауды жүзеге асыру және Үкiмет белгiлейтiн басқа да мақсаттар үшiн қажеттi мемлекеттiк бюджеттiк қаражаттың көлемiн негiздейдi;
жер қойнауының, жер қойнауын пайдаланудың мониторингiн жүзеге асырады;
жер қойнауы туралы республикалық және аумақтық геологиялық ақпарат қорларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық мазмұндағы мемлекеттiк карталарды жасау, шығару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық сметалық құжаттамаларға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асырады;
пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындары мен пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын жасауды және жүргiзудi ұйымдастырады, қорларды мемлекеттiк балансқа қоюдың, сондай-ақ оларды есептен шығарудың тәртiбiн белгiлейдi;
заңдарға сәйкес жер қойнаулары туралы геологиялық ақпаратты алудың және пайдаланудың тәртiбiн айқындайды және ұйымдастырады;
пайдалы қазбаларды алғашқы ашушылыққа байланысты мәселелердi қарайды;
өз қызметiнiң саласында заңдарды қолданудың практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға
атқарылуы мiндеттi тапсырмалар бередi;
өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда республиканың
мүддесiн бiлдiредi, халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын
дайындауға қатысады;
комитетке заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге
асырады.
IV. Құқықтары
өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
белгiленген тәртiппен жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерiнiң бұзылуын жою жөнiнде шаралар қабылдауға;
заңдарда белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудi тоқтатуға, тоқтата тұруға немесе шектеуге;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тәртiп бұзушыларды жауаптылыққа тарту және айыппұлдар салу арқылы атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың заңдар мен оларды қорғау және ұтымды пайдалану бөлiгiнде жердi пайдаланудың белгiленген тәртiбiнiң талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жер қойнауын пайдалану қатысты құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және барлық қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
өзiне белгiленген тәртiппен берiлген өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк меншiгiндегi мүлiкке иелiк етудi, пайдалануды жүзеге асыруға;
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
мемлекеттiк кәсiпорындар құру, оларды қайта ұйымдастыру және
тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттiк құқық
субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға
құқығы бар.
V. Мiндеттерi
8. Қазақстан Республикасының жер қойнауын қорғау саласындағы
9. Жер қойнауын қорғау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының
10. Елдiң минералдық-шикiзат базасының жай-күйi объективтi
жөнiнде хабардар ету.
11. Елдiң аумағын жоспарлы түрде геологиялық зерделеудi
12. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саясатын әзiрлеу.
VI. Жауапкершiлiгi
13. Жер қойнауын қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың ақиқаттығы
14. Елдiң аумағын мемлекеттiк геологиялық зерделеудiң толықтығы
анықтығы үшiн.
15. Мемлекеттiк геологиялық зерделеуге бөлiнген қаражаттардың
16. Пайдалы қазбалар қорларының объективтi сараптамасы үшiн.
VII. Қызметiнiң ұйымдастырылуы
бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға, мекемелер мен ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады.
19. Комитеттiң штат кестесiн, сондай-ақ лауазымдарды иелену тәртiбiн Министр бекiтедi.
20. Комитеттiң төрағасы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады.
21. Төраға өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады:
барлық мемлекеттiк органдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi,
шарттар жасасады, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары
туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
бекiтiлген сметаның шегiнде үстемақылардың, қосымша ақылардың,
сыйақылардың және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң
мөлшерлерiн дербес белгiлейдi;
Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметінен
босатады;
өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешiмдер қабылдайды.
22. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң (заңды тұлға құқығындағы) ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1785 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын
қорғау комитетiнiң (заңды тұлға құқығындағы)
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Минералдық-шикiзат базасын талдау, болжау, биологиялық зерделеу
және дамыту басқармасы
Жер қойнауын қорғау басқармасы
Ұйымдастыру-құқықтық сектор
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1785 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрлiгi Геология және жер
қойнауын қорғау комитетiнiң қарауындағы
мекемелер мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (ҚМК)
"Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстарының бас басқармасы
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқарма
Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi облыстық
инспекциялар
Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорын