О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 13.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 24.10.2019 26424_425047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000038_
- ЭКБ идентификаторы
- 26424
- Редакция идентификаторы
- 26424_425047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:01
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 38 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 71 қаулысында:
1-1-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.
4
5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6 6. "Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы 241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 119-құжат):
4-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7 7. "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысында Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 422-құжат):
2-тармақтағы "Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттарымен тетігі деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында:
"Кедендiк бақылау агенттiгiнiң" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
4-бағандағы реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4.1, 2.2, 2.3, 2.9, 2.11, 2.11.1, 2.11.2, 2.11.3, 3.1, 3.2, 4.1, 4.4 және 4.5-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3.1-жолдың 3-бағанында "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi КБК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
8
8. "Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың тiзбесiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 465-құжат):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
9 9. "Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 564-құжат):
3-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
4-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 1.1.1, 1.1.2.1, 1.1.2.2, 1.1.3.1, 1.1.3.2, 2.3, 4.6, 5.1 және 5.2-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2.2-жолда "ҚР КБА (келiсiм бойынша)" деген сөздер "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген жоспарға ескертуде:
"ҚР КБА - Кедендiк бақылау агенттiгi" деген жол "ҚР Қаржыминi - Қаржы министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.
10 10. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiнде (2-бөлiм):
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген бөлiмде:
"Қолданыстағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар" деген кiшi бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын:
"2. Кедендiк 2004- Қаржы- 3549,0 4554,0 4218,0
қызметтi дамытудың 2006 мині
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарла-
масы (Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы
3 қазандағы
N 1019 қаулысы) ";
"Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген бөлiмде:
"Қолданыстағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар" деген кiшi бөлiмде:
"2. Кедендiк 2004- КБА 3549,0 4554,0 4218,0
қызметтi дамытудың 2006
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарла-
масы (Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы
3 қазандағы
N 1019 қаулысы) ";
деген реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2004-2006 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiнде (3-бөлiм):
"2004-2006 жылдарға арналған басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi" деген кестеде:
"Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы "КБА" деген аббревиатура "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы" деген бөлiмде:
3-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "ҚР Қаржыминi" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
11 11. "Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын жүргiзу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы N 126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 5, 70-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
12 12. "Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 705 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмнiң 4-бағанындағы:
реттiк нөмiрi 4.1, 5.1 және 5.2-жолдарда "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген жоспарға ескертуде:
"КБА - Кедендiк бақылау агенттiгi" деген жол "Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.