Қолданыстағы ред. 09.12.2005

Тұрғын үй комиссиясын құру туралы от 09.12.2005 г. № 422 (Тұрғын үй комиссиясын құру туралы)

0

Тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы,
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беру тәртібі туралы" қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанынан тұрғын үй комиссиясы құрылсын. (1 қосымша).

2

2. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Қағида бекітілсін (2 қосымша).

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Садықовқа жүктелсін.

4. Бесқарағай аудандық әкімідігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы

Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 422 қаулысына
1 қосымша
Бесқарағай аудандық әкімідігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Т. Глазинский

5. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ҚАҒИДА

Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 422 қаулысына
2 қосымша
Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ҚАҒИДА

1. 1. Жалпы қағида

1. Жалпы қағида

1

1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (ары қарай Комиссия) аудан
әкімияты жанындағы үнемі қызмет жасап тұратын орган болып есептеледі.

2. 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттігі

2. Комиссия өз
қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, 2001 жылдың 23 қаңтарынан
ҚР "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 16
сәуірінен "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 заңдарын, 1999 ж.
02.09. ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау
және пайдаланудың тәртібі туралы" N 1292 қаулысын, осы Ережені және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттігі

3

3. Комиссия ауданның осы елді
мекенінде үнемі тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және тұрғындардың аз
қамтамасыз етілген әлеуметтік қорғаудағы қабаттарына жататын мұқтаж
азаматтарына, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджетті
ұйымдар жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайлау
лауазымдарындағы тұлғаларға тұрғын үйлерді пайдалануға беру мақсатында
құрылады.

4

4. Комиссия өз
қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді
беру, Комиссия шешімі негізінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен
ресімделеді.

5

5. Комиссияның
негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

1

1) мемлекеттік
қордан тұрғын үйді берудің кезегін анықтау;

2

2) ауданның тұрғын
үйге мұқтаж азаматтарының бөлек тізім есебін жүргізу;

3

3) мүдделі
тұлғаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді алуға тіркеуде тұрған
тұлғалар тізімімен, сондай-ақ соңғы 24 айда тұрғын үйлерді алған тұлғалар
тізімімен таныстыру. Осындай тізімдер қалыптарына міндетті түрде отбасы құрамы,
тіркеуге тұру уақыты туралы мәліметтер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйді алуға және оның көлеміне негіздемелер енеді.

6. 3. Комиссиясының қызметін ұйымдастыру

6. Мемлекеттік
тұрғын үй қорынан азаматтарға берілген тұрғын үйлер жақсы қалыпта болуы керек,
тұрғын үйге мұқтаж тұлға тіркеуде тұрған елді мекеннің жағдайларына жауап
беретін, орнатылған техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға
жауап беру керек.
3. Комиссиясының қызметін ұйымдастыру

7

7. Комиссия төраға (әкімнің
орынбасары), комиссия мүшелері және аудан әкімі аппаратында штатты лауазымдағы
комиссия хатшысы құрамында құрылады.

8

8. Комиссияны
төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия мәжілістерінде
төрағалық жасайды, мәжілістің күн тәртібін бекітеді, оның шешімдерін жүзеге
асыруға жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты.
Төраға жоқ кезде оның қызметін орынбасар атқарады.

9

9. Комиссия
хатшысы:

1

1) Комиссия
мәжілісіне күн тәртібін қалыптастырады;

2

2) Комиссия
шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

3

3) Комиссия
мәжілісінің хаттамасын құрады.

10

10. Комиссия
мәжілістері қажеттілік болған жағдайда өткізіледі және төрағамен шақырылады.

11

11. Комиссияның
мәжіліс нәтижелері бойынша хаттама құрылады, оған төраға, хатшы және комиссия
мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым дауыс
көпшілігімен қабылданады, комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс
берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында шешуші
дауыс төрағаның дауысы болып есептеледі.

12

12. Комиссия
мүшелерінің ерекше көзқарасқа құқықтары бар, сондай көзқарасты білдірген кезде
ол хаттамаға енгізіліп, жазбаша түрде мазмұндалып және де комиссия мәжілісінің
хаттамасына қосымша тіркелуі керек.
Аудан әкімі аппаратының
басшысы:
Т. Глазинский