Тұрғын үй комиссиясын құру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беру тәртібі туралы" қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанынан тұрғын үй комиссиясы құрылсын. (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Қағида бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Садықовқа жүктелсін.
Басқа 4. Бесқарағай аудандық әкімідігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 422 қаулысына 1 қосымша Бесқарағай аудандық әкімідігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы Аудан әкімі аппаратының басшысы Т. Глазинский
Басқа 5. Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ҚАҒИДА
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 422 қаулысына 2 қосымша Бесқарағай аудандық әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ҚАҒИДА
Тармақ 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (ары қарай Комиссия) аудан әкімияты жанындағы үнемі қызмет жасап тұратын орган болып есептеледі.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттігі
2. Комиссия өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, 2001 жылдың 23 қаңтарынан ҚР "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 16 сәуірінен "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 заңдарын, 1999 ж. 02.09. ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" N 1292 қаулысын, осы Ережені және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады. 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия ауданның осы елді мекенінде үнемі тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және тұрғындардың аз қамтамасыз етілген әлеуметтік қорғаудағы қабаттарына жататын мұқтаж азаматтарына, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджетті ұйымдар жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымдарындағы тұлғаларға тұрғын үйлерді пайдалануға беру мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді беру, Комиссия шешімі негізінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қордан тұрғын үйді берудің кезегін анықтау;
Тармақша 2
2) ауданның тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының бөлек тізім есебін жүргізу;
Тармақша 3
3) мүдделі тұлғаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді алуға тіркеуде тұрған тұлғалар тізімімен, сондай-ақ соңғы 24 айда тұрғын үйлерді алған тұлғалар тізімімен таныстыру. Осындай тізімдер қалыптарына міндетті түрде отбасы құрамы, тіркеуге тұру уақыты туралы мәліметтер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға және оның көлеміне негіздемелер енеді.
Тармақ 6. 3. Комиссиясының қызметін ұйымдастыру
6. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтарға берілген тұрғын үйлер жақсы қалыпта болуы керек, тұрғын үйге мұқтаж тұлға тіркеуде тұрған елді мекеннің жағдайларына жауап беретін, орнатылған техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беру керек. 3. Комиссиясының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төраға (әкімнің орынбасары), комиссия мүшелері және аудан әкімі аппаратында штатты лауазымдағы комиссия хатшысы құрамында құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия мәжілістерінде төрағалық жасайды, мәжілістің күн тәртібін бекітеді, оның шешімдерін жүзеге асыруға жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты. Төраға жоқ кезде оның қызметін орынбасар атқарады.
Тармақ 9
9. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мәжілісіне күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісінің хаттамасын құрады.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжілістері қажеттілік болған жағдайда өткізіледі және төрағамен шақырылады.
Тармақ 11
11. Комиссияның мәжіліс нәтижелері бойынша хаттама құрылады, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады, комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында шешуші дауыс төрағаның дауысы болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің ерекше көзқарасқа құқықтары бар, сондай көзқарасты білдірген кезде ол хаттамаға енгізіліп, жазбаша түрде мазмұндалып және де комиссия мәжілісінің хаттамасына қосымша тіркелуі керек. Аудан әкімі аппаратының басшысы: Т. Глазинский