Об утверждении перечня консульских действий, освобождаемых от уплаты консульских сборов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня консульских действий, освобождаемых от уплаты консульских сборов
- Атауы (қаз.)
- Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 23.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI26451_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000046_
- ЭКБ идентификаторы
- 26451
- Редакция идентификаторы
- AI26451_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:59
0 Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесін бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 513-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 46 қаулысымен
бекітілген
Консулдық алымдарды төлеуден босатылатын консулдық іс-әрекеттердің тізбесі
1 1. Мыналарға:
1 1) Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
2 2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
3 3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
4 4) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
5
5) Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің науқастануы немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге жолданатын ноталарды әзірлеу және басу.
2 2. Мыналарға:
1 1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне;
2 2) Қазақстан Республикасының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік паспорттарды ресімдеу.
3 3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың өтініштерін пысықтау және мыналарға:
1 1) Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
2 2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
3
3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдардың, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
4 4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген ізгілік көмекпен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
5 5) Қазақстан Республикасына қызмет бабындағы істер бойынша жол жүретін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
6 6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің, сондай-ақ өзара түсіністік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
7 7) инвесторлық визалар беру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауды жолдау.
4 4. Мыналарға:
1 1) Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
2 2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;
3
3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға;