Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию

Қаулы · № 9 · қабылданған 23.12.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26460/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию Қолданыста Қаулы ·№ 9 ·23.12.2005
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию

Қолданыста Қаулы ·№ 9 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию
Атауы (қаз.)
Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
23.12.2005
Көрсетілген редакция
28.11.2024 26460_739362.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P05000009S_
ЭКБ идентификаторы
26460
Редакция идентификаторы
26460_739362
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:05

0 Соттардың жылу және электр энергиясы үшін берешекті өндіруге байланысты заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Сот практикасында туындайтын тұрмыстық мақсаттарда тұтынылған жылу және электр энергиясы үшін берешекті өндіріп алу туралы заңнама нормаларын қолдану мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 482-бабының 2-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент арасында энергиямен жабдықтау жөнінде жеке шарт жасалуы мүмкін, оның талаптары жария шарттың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

2 2. Тұтынушы пайдаланылған энергия үшін уақтылы ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым қарызды және заңды тұрақсыздық айыбын өндіруді талап етуге құқылы (АК-нің 295-бабының 1-тармағы).

3

3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімімен көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуде көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеуді түсінген жөн.
Тұрғын үй-жайды сатушының пайдаланған энергиясы үшін берешек ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан мәміленің негізінде тұрғын үй-жайға меншік құқығын басқа тұлғаға беру кезінде, егер көрсетілген мүлікті иеліктен шығару туралы шартта өзгеше көзделмесе, берешекті өтеу сатушының міндеті болып табылады.

4

4. Энергиямен жабдықтау шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша жалпы талап қоюдың ескіру мерзімі белгіленген. Азаматтар энергиямен жабдықтау шарты бойынша тұтынылған энергияның ақысын ай сайын төлеуге міндетті, сондықтан абоненттің міндеттемелері бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тұтынылған энергия үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімі аяқталған сәттен басталады.
Абоненттердің тұтынылған энергия үшін ақы төлеу тәртібі «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес анықталады.

5

5. Егер энергиямен жабдықтау шартында бір тарап заңды тұлға құрмай, белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азамат болса, мұндай құқықтық қатынастарға (АК-нің 19-бабының 3-тармағы), егер заңнамадан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, тиісінше коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін қағидалар қолданылады.
Егер құқықтық қатынастардың мәнінен дара кәсіпкер тұтынылатын энергияны кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланбайтыны туындаса, ол оны төлеу жөніндегі міндеттемені тұрмыстық тұтыну үшін энергияны пайдаланғаны үшін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуы тиіс.

6 6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы