Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете по программе "Защита и обеспечение прав и интересов граждан Республики Казахстан за рубежом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете по программе "Защита и обеспечение прав и интересов граждан Республики Казахстан за рубежом"
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 08-1/361
- Қабылданған күні
- 28.11.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2016 AI26485_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050004037_
- ЭКБ идентификаторы
- 26485
- Редакция идентификаторы
- AI26485_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:12
0 Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
2005 жылғы 29 қараша
0 Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2005 жылғы 28 қарашадағы
N 08-1/361 бұйрығымен
бекітілген
Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Осы Ереженің күші Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге жүрмейді.
2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" атты ағымдағы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешім қабылдайды.
3 3. Қаржылай көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:
1 1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу көліктік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);
2 2) аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
3 3) адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
4 4) біржолғы материалдық көмек:
тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда сатып алу (280 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
5 5) багажға жұмсалатын шығыстар, денені мәйітханада сақтағаны үшін шығыстарға ақы төлей отырып "200" (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және сауыттарын күлімен жөнелту) жүгін ресімдеу немесе келген мемлекетте жерлеу.
2 2. Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге бөлінетін республикалық бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жазбаша қорытындылары негізінде және тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне сүйене отырып, Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының шетелдегі тиісті мекемесіне қаражат бөледі.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ұсынатын қорытындыға осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса тіркеледі.
5 5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері төмендегі құжаттар болған кезде қаржылай көмек көрсетеді:
1
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі басшысының атына қаражатты бөлу қажеттілігінің негіздемесі бар Қазақстан Республикасы азаматының, туысқанының немесе өзге уәкілетті адамның паспорттық деректері, Қазақстан Республикасындағы тұратын мекен-жайы, тұрып жатқан мемлекеттегі орналасқан жері, құқыққа қайшы жасалған әрекеттердің жағдаяттары, өзге де мүмкін болған ақпарат көрсетілген өтініші;
2
2) қайтыс болуды, шет мемлекетке заңсыз әкелуді, Қазақстан Республикасының азаматтарына қарсы бағытталған өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді, еңсерілмейтін күштерді, яғни азамат тарапынан алдын алуға және бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдайларында күтпеген сипат алған төтенше жағдайлар туындаған фактілерді растайтын болмыш мемлекеттің уәкілетті органдары берген құжаттар.
Мұндай жағдайлар олармен шектеліп ғана қоймайтын келесі әрекеттерді қамтиды: әскери іс-әрекеттер, стихиялық құбылыстар (су тасқыны, жер сілкінісі, эпизоотиялар, күшті дауыл, теңіз дауылы, боран, құйын, қардың қалың жаууы, цунами және т.б.);
3 3) келген мемлекеттің уәкілетті медициналық мекемесі берген зорлау фактісін (егер зорлау фактісі орын алған жағдайда) растайтын құжат.
6 6. Осы ереженің 3-тармағында көрсетілген шығындар Қазақстан Республикасының тиісті шетелдегі мекемесінің қаржылай көмек көрсетудің мақсатқа лайықтылығы туралы қорытындысының негізінде жүзеге асырылады, ол шетелдегі мекеме басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
3 3. Есептілік және бақылау
7 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және қамтамасыз етуге бөлінетін қаражаттың пайдаланылуына бақылау жүргізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
8
8. Қаржылай көмек көрсету ішін қаражат алған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жұмсалған шығындар көрсетілген және оны растайтын құжаттар қосымшасымен бірге (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің басшысы немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығының, түбіртектер, есеп-фактуралар, жөнелтпе құжаттар көшірмелері және тағы басқа) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 122-бабына сәйкес, аталған қаражаттардың пайдаланылуы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне есеп тапсыруға тиіс.