Об утверждении Правил благоустройства населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений в Федоровском районе Қолданыста
Басқа 0
Федоров ауданындағы тұрғылықты пункттерді көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 300, 387-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Федоров ауданындағы тұрғылықты пункттерді көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін (қосымша).
Басқа 2. Федоров ауданындағы тұрғылықты пунктерді көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары
Мәслихаттың
2005 жылғы 28 қазандағы
№ 209 шешімімен
бекітілген
Федоров ауданындағы тұрғылықты пунктерді көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары
Осы Қағида Федоров ауданында аумақ тазалығын сақтауды, санитарлық тазарту, күтіп ұстау, көркейту саласындағы жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін аныктайды және қатынастарын реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар
1-тарау. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар
Тармақ 1
1. Көріктендіру - адамның аудан аумағында қауіпсіз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететін элементтері мен жұмыс кешені. Бұл жұмыс кешені көріктендірудің нысаналары мен элементтерін ұйымдастыру, күтіп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесі негізгі бағыттар бойынша қамтиды:
Тармақша 1
1) инженерлік көріктендіру;
Тармақша 2
2) сыртқы әсемдік көріктендіру;
Тармақша 3
3) санитарлық көріктендіру;
Тармақша 4
4) көгалдандыру.
Тармақ 2
2. Бөлінген аумақ - жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншігіне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысаналарды (ғимараттар, имараттар, құрылыстар) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
Тармақ 3
3. Бекітілген аумақ - оған қызмет көрсету ушін пайдаланатын немесе күзетілетін аймақ болып табылатын, бөлінген аумаққа қосып берілген жер учаскесі.
Тармақ 4
4. Жасыл желектер - аудан аумағының оларға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелерінде (аудандық бақтар, парктер, бульварлар, көше және квартал көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - мақсаттары мен меншік нысандарына қарамастан, қала шеңберіндегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 6
6. Инженерлік желілер және имараттар - тұрғылықты пункт бетіндегі суларды жинау және бұру үшін, халқы мен кәсіпорындарының мұқтаждарына кешенді қызмет көрсету үшін арналған инженерлік көріктенуінің маңызды элементтері.
Тармақ 7
7. Шағын сәулеттік нысандар - әрі сәндік, әрі утилитарлық сипаттағы көлемі жағынан салыстырмалы түрде шағын нысаналар:
Тармақша 1
1) сәндік имараттар - мүсіндер, фонтандар мен сәндік су қоймалары, стелдер, барельефтер, гүлге арналған сауыттар және тағы басқалар;
Тармақша 2
2) утилитарлық сипаттағы имараттар - күркелер, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбашалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, урналар, көшелердің, үйлердің және жарнамалардың кестешелері, пошта жәшіктері және тағы басқалар.
Тармақ 8
8. Жапқыш (тент) - тасымалданатын сусымалы жүктердің жолға шашылуын, құлауын, себілуін алдын алуға арналған арнайы құрал.
Тармақ 9
9. Құрылыс салынбаған аумақ - негізгі жобалау нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрлері жоқ
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары (парктер, жағажайлар, саябақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
Тармақ 11
11. Көше - жолдың жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан поселкелік аумақ.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 12
12. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар көріктендірудің қағидаларын ұстануға, тұрғылықты пункт аумағында тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттардың оңды жағдайға ұстауға міндетті.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға, ұйымдармен және мекемелерге, олардың ведомстволық бағынуына қарамастан, жеке иеліктегі үй иеленушілеріне заң белгілеген тәртіппен, сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес, тұрмыстық қалдықтарды жоюға өз уақытылы келісім-шарт жасасуға, сондай-ақ оларға бекітілген аумақтарды жүйелі жинауға ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тұрғын үйді, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттарын, вокзалдар, бақтар, парктер, саябақтар, аллеяларды және басқа да жасыл желектердің орындары;
Тармақша 2
2) көшелер, алаңдар, жолдар, аулалар, тротуарлар, демалыс аймақтарын, базарлар және оларға іргелес аумақтарды, автомобиль және мотоцикл көлік аялдамаларын;
Тармақша 3
3) қашалар, қоршаулар, газондық қоршауларды, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылар, маңдайша жазулар, витриналар, жаймалар, жолаушы көлігінің аялдамасындағы павильондар мен отыру алаңдарын, көше жарықтандыру тіреулерін, бақтардағы, парктердегі және бульварлардағы орындықтарды, урналарды, көше атауының көрсеткіштерін, үйдің нөмірлік белгілерін, мемориалдық тақталарды;
Тармақша 4
4) жол құбырларын, су құбырларын, көшелердің, алаңдардың жол төсемдерін, көше қозғалысын реттейтін белгілерді, телефон үйшіктерін, радио хабар жүргізетін қондырғыларды, антенналарды, диспетчерлік қызметтің сөйлесу қондырғыларын, сондай-ақ басқа гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық қондырғыларды;
Тармақша 5
5) аула аумағын тазалықта ұстауға;
Тармақша 6
6) жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, толық кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, қуарған шыбықтарды кесуге, қиып тастауға, ааштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тынайтқыштар енгізуге, жас ағаштардың түп айналасын түптеуге, жараларын дизенфекциялауға және сылап бітеуге, сондай-ақ арам шөптерді (повишкалар, амброзилар, жусандар) жою бойынша механикалық өңдеуді жүргізуге.
Тармақ 14
14. Әрбір меншік субъектісімен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргізіледі: ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, көлденеңінен - екі жақты құрылыс болса, олардың ортасына дейін, бір жақты құрылыс болса, барлық көлденеңіне.
Қоғамдық автокөліктер қозғалысындағы жол кездемесін, көшелерді, жол қиылыстарын, алаңдарды, парктерді тазарту кәсіпорындармен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, меншік нысанына қарамастан, жеке көліктің жүргізушілері міндетті:
Тармақша 1
1) автомобиль көлікті қала көшелеріне шығарғанда санитарлық-гигиеналық нормалардың және экологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) жол кездемесін және атмосфералық ауаны ластамай, автокөліктің техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге.
Тармақша 3
3) шашылатын, шаңдайтын және басқа да ластайтын жүктерді тасымалдағанда міндетті түрде жапқыш (тент) пайдалану керек.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй құрылысына қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумағын тазалау осы аумақтарды тазалау үшін бекітілген тиісті коммуналдық кызметтерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, жалгерлерге және құрылыс салушыларға жүктеледі.
Тармақ 17
17. Қоғамдық орындар мен қүрылыс салынбаған аумақтар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес тазартылады.
Тармақ 18
18. Аумақты жоспарлы-жүйелі тазалауды қалдықтарды жоюды жүргізетін ұйыммен және санитарлық эпидемиологиялық қызметі мекемесімен келісіліп құрастырылған келісім-шарттар кестелер бойынша жүргізу керек.
Тармақ 19
19. Әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттарында, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, көріністік мекемелерінде, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлігі тұрағының орындары жабдықталуы қажет.
Тармақ 20
20. Автокөлік кәсіпорындарының, базалардың, коймалардың, құрылыс аландарының, зауыттардың және басқа да объектілердің басшылары мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) аумақты қатты жол төсеммен жайластыру және қоршауын, кірме жолдарын, көліктің бұрылуы үшін алаңдарды жарамды ұстауын. Шығу және құрылыс жолдарының қатты төсемі болуын және шаң мен кірдің берілген және бекітілген аумақтың шегінен шығарып тасталмауын;
Тармақша 2
2) құрылыс учаскелерін, объектілер құрылысында істеп жатқан жол құрылысы мен жүк машиналарының борт жэне жүретін бөліктерін бөлшектеп жуатын, арнайы пункттермен (алаңшалармен) жабдықтау.
Тармақ 21
21. Белгіленбеген жерлеге жарнамаларды, афишаларды, парақшаларды хабарламаларды өз бетінше жабыстыруды, сондай-ақ жолдар және адам жүретін көшелерді, құрылыстан бос аумақтар жэне басқа да адамдар пайдаланатын жалпы жерлерге (парақшаларды) ілуге тиым салынсың
Тарау 3. 3-тарау. Ауданның аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
3-тарау. Ауданның аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 22
22. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде, ғимараттардың қасбеттерін өңдеу тұрғылықты пункт аумағына құрылыс салудың тәртібін анықтайтын талабына сәйкес орындалуы қажет.
Тармақ 23
23. Поселкелер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатүға және құрүға сәйкес ауданның құрылыс саласындағы орган келісімінен кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 24
24. Барлық шағын сәулеттік нысандар оңды жағдайда ұсталуы тиіс.
Тармақ 25
25. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды тұлғалардың ғимаратқа кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғаның атауы болуы және тиісті жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
4-тарау. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
Тармақ 26
26. Қардан тазалау қажеті бойынша өндіріледі, жолдарда және тротуарларда өрлеуді болдырмау үшін қыс мерзімі біткенге дейін жүргізілуі қажет. Қарды автобус аялдамасынан басқа барлық көшелер мен алаңдарда жалға салуға және үйіп жинауға рұқсат беріледі, олар белгіленген орындарға жедел түрде тасып шығарылуы керек.
Тармақ 27
27. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы және су ағатын құбырлардағы қар бұлтықтарын алу ғимараттар мен имараттар иелерінің және жалгерлердің өз күштері мен қаражаттарымен жүргізіледі, олар жүрушілермен бақытсыз жағдайды болдырмау және ауа желілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сақтану шараларын міндетті түрде орындау қажет.
Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
Тармақ 28
28. Көшелер мен алаңдардың жүру бөліктеріне, көпірлерге, жол қиылыстарына, көтерілетін және төмен түсетін жолдарға механикаландырылған құм төгу коммуналдық кәсіпорындардың мамандандырылған қызметтерімен жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Пәтер иелерінің кооперативтеріне, үй басқармаларына, кәсіпорындарға, мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға және меншіктің басқа да нысандарындағы кәсіпорындарға және тұлғаларға, жалгерлер коммуналдық шаруашылықтың техникасы бар мамандандырылған қызметтерімен механикаландырылған тротуарларға, алаңдарға және басқа да адамдар өтетін және жиналатын орындарға құм төгуге келісім-шарт жасасуға немесе осы жұмыстарды өз күштері мен Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарында тайғанаққа қарсы шараларды (мұз бен қарды ою, тайғанақ жерлерге инертті немесе ұқсас материалдар төгу) қарастыруға ұсынылсын.
Тарау 5. 5-тарау. Тұрғылықты пунктерді аумағын жарықтандыру
5-тарау. Тұрғылықты пунктерді аумағын жарықтандыру
Тармақ 30
30. Тұрғылықты пункт аумағын жарықтандыру сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау құрылғысы, қоректендіретін желілер, қоректендіру пункттері, тарататын желілер;
Тармақша 2
2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желілері;
Тармақша 3
3) басқару құрылғысы;
Тармақша 4
4) тіреуіштер, арқанды салпыншатардың тіректері.
Тармақ 31
31. Тіректер техникалық құжаттамалармен сәйкес жол желіндегі көшелердің көлік магистральдарының орналасады.
Тармақ 32
32. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерінде тіректер сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жеріне дейін орналасады. Аллея мен жаяу жүрушілердін жолдарындағы тіректер жолдың жаяу жүруші жүрмейтін бөлігінде, яғни газондарда, ағаштардың қатарында орналасады.
Тармақ 33
33. Имарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуарлар мен алаңдар, ынғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
Тармақ 34
34. Сырткы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтіп ұстау келесі шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткіштері берілген өлшемге сәйкес, соның ішінде, шамшырақтардың таратушыларының істен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырактарды тазалау, жарықтандырудың деңгейін олшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) жарықтандыру құрылғыларының атқарушы өкіметтің жергілікті органының шешімімен бекітілген регламенттегі жұмыс режимін қамтамасыз ету, кесте бойынша қазіргі қосуды бақылау, бөлшектеп немесе толық ағыту, жанбайтын шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.
Тармақ 35
35. Жарықтандыру құрылғыларының жағдайын және шамшырақтардың жану пайызын анықтау үшін екі жетіде бір бақылау тексерістері өткізіледі.
Тармақ 36
36. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, тіреуіштері басқа да элементтері жабынының жағдайына байланысты кемінде үш жылда бір сырланады.
Тармақ 37
37. Витриналарды жарықтандыру үшін, әдетте, люминесценттік шамдар алынады. Қосымша бағытталған жарық беру үшін қызуы қатты шамдар пайдаланады.
Тармақ 38
38. Жарқағаздарды, стендтерді, витриналарды жарықтандыруда жарық аспаптарын, жарықтанған беттен шағылысқан толассыз жарықтың айналы құралымы қарап тұрған адамның көзіне түспейтіндей, орналастыру керек.
Тармақ 39
39. Жаяу адамның, жүргізушінің көзіне шамдардың тіке жарығы түспеуі үшін жарықтандыру аспаптарының қорғаушы бұрышын ескереді немесе арнайы экранды торлар орнатылады.
Тарау 6. 6-тарау. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзұ
6-тарау. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзұ
Тармақ 40
40. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы процедуралардың орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
Тармақ 41
41. Көрсетілген жұмыстарды машина мен механизмдерді жұмылдырып, кәсіптілігі сәйкес жұмысшылар атқарады.
Тармақ 42
42. Құрылысты толық немесе бөлшектеп бөлу немесе оларды бұзу қайта пайдалануға лайықты деп танылған бөлек конструктивті элементтерді алғаннан кейін басталады. Құрылысты бөлшектеп бөлгеннен кейін ғана алуға келетін элементтерді, бөліп жатқан кездегі зақымдануынан сақтау керек.
Тармақ 43
43. Имаратты бұзуды жылыту құралдары мен желдеткішті, санитарлық-техникалық және орнатылған электр жабдықтарын, радио мен байланыс жабдықтарын, газбен қамту жабдықтарын бұзып алудан бастау керек.
Тармақ 44
44. Имараттың алуға келетін, әрі қарай пайдалануға болатын бұйымдары, қоршаудың металл элементтері, еденнің бөліктері тағы басқалар бір мезгілде алынуы керек.
Тармақ 45
45. Бөлшектенетін ағаш құрылыстарын бұзып, кейін пайдалануға жарайтын элементтерін талдау керек. Әрбір жиналмалы құрама элементті бұзған жағдайда алдын ала тұракты бекітілуі керек.
Тармақ 46
46. Тұтас темірбетон және металл құрылыс жайлары жалпы құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін бұзудың арнайы схемасы бойынша бұзылуы керек. Темірбетон блогының немесе металл элементінің салмағы кранның жүк көтергіштігінің жартысынан аспауы керек. Блокты бөлшектеуді арматураны ашудан бастау қажет. Босатылған соң металл элементтерді кесу керек.
Тармақ 47
47. Құрамды темірбетон құрылысы монтаж сұлбасына қайшы, бұзу сұлбасы бойынша бөлінуі керек. Алуды бастаудан бұрын, элемент байланыстардан босатылуы қажет.
Тармақ 48
48. Элементтік бөлшектенуге жарамайтын жиналмалы темірбетонды конструкциялар монолитті сияқты бөлшектенуі керек.
Тармақ 49
49. Қажет жағдайда ғимараттардың және имараттардың жер асты бөліктері бөлек арнайы учаскелері мүмкіндіктеріне зерттеледі. Зерттеу қорытындысы бойынша оны бұзу әдісін анықтауға болады.
Тармақ 50
50. Бұзылатын фундаментті алғашқы құйылған жерін ашудан бастау керек.
Қаланған фундаментті экскаватор немесе соғуға бейімделген заттың көмегімен бұзу керек. Бутобетон және бетон фундаменттер бейімделген ұрғыштардың немесе сілку арқылы сындырылып, сынықтары шығарылады. Темір-бетон фундаменттерді арматурасынан жалаңаштап кесіп, соңынан блоктарға мүшелеп бұзады.
Тармақ 51
51. Имараттар мен коммуникациялардың траншеялары мен жер асты бөлігінің котловандарының ені 3 метрден асатын болса, қабат-қабатталып, тығыздалып жабылады.
Тармақ 52
52. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) тұрғылықты пункт қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал учаске кайта қопсытылады.
Тарау 7. 7-тарау. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібі
7-тарау. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібі
Тармақ 53
53. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы селолардың қаланың көркі болып табылады, оларды қорғау және күтіп ұстау меншік нысанына қарамастан әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, әрбір азаматтың міндеті.
Тармақ 54
54. Тұрғылықты пунктерде заңды тұлғалардың, меншік нысанына қарамастан және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде жасыл мүмкіндігінше барынша сақтау Федоров ауданың көріктендіруді негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Тармақ 55
55. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі тапсырушы деп аталатын) құрылыс, жөндеу, және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымданудан қоршауға алуға, жеке желектерді сынуынан немесе зақымдануынан корғау үшін қораптарға салуға;
Тармақша 2
2) қала жолдарына, тротуарларына, өткелдеріне, алаңдарына қатты материал төсеген және асфальттаған кезде жасыл желектердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, мөлшері 1*1 метр қоршаумен шектелген, ағаш түбінен қуыс қалдыруға;
Тармақша 3
3) жасыл желектер орналасқан аймақтарда жолдарды, тротуарларды құрған және қайта тұрған кезде тік белгілерді жоғарылатқанда немесе төмендеткенде 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды. Егер түпкі жүйені жалақаштаудан басқа амал болмаған жағдайда, жобаларда жасыл желектің дұрыс өсу жағдайын сақтауға арналған құрылғыларды ескеру керек;
Тармақша 4
4) салынып жатқан объектілерге кірме жолдарын тартқанда желектерді орындарын ескеріп, жасыл желектердің бар қоршауларын бұзбау керек.
Тармақ 56
56. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектерді шығарып тасталынады. Жасыл желектерді шығарып тастағанда ескеріледі:
Тармақша 1
1) жасыл қор нысаналарының шағынан қорғайтын, желден корғайтын, газға тұрлалылық және фитонцидтік қасиеттері;
Тармақша 2
2) негізгі биометриялық көрсеткіштері - өсімдіктің биіктігін, олардың қабығының енін, ұзындығын және қоюлығын;
Тармақша 3
3) қала нысаналарының сәнділігіне және әсем ресімделуіне әсерін;
Тармақша 4
4) осы аймақта сауыктыру әсерін.
Тармақ 57
57. Жасыл желектерді шығарып тастауды талап ететін жұмыстарды жүргізгенде тапсырушы міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді шығарып тастауға, баска жерге отырғызуға немесе кесуге рұқсат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы органымен уәкілетті орган береді. Заңнамаға сәйкес құрылған уәкілетті органның оң қорытындысы рұқсат беру үшін негіз болып табылады;
Тармақша 2
2) Жасыл желектерді шығарып тастауды, кайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім-шарт жасасуға.
Тармақ 58
58. Жасыл желектерді шығарып тастауға рұқсат алған жағдайда тапсырушы жасыл желектерді бағалауға лицензиясы бар ұйымдармен келісім-шарт жасасады, ақша қаражаттарын (шығарылған жасыл желектердің құнын) жергілікті бюджетке аударады.
Тармақ 59
59. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды жинауға, газондарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шұңқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді өнеркәсіптік лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақ мүліктері мен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шартақтарды, газон торларын) бүлдіруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) газондар мен жасыл желектердің маңында жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
Тармақша 9
9) газондарда автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
Тармақша 10
10) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
Тармақша 11
11) ағаштарға электрсымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 12
12) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, сәйкес қалалық қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 13
13) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 14
14) өз бетімен қашалар орнатуға;
Тармақша 15
15) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар (бұл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
Тармақша 16
16) жабайы және мәдени флораның гүлдерін жуашықтарымен және тамырларымен қазып алуға.
Тармақ 60
60. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді осіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Федоров ауданы аумағында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
8-тарау. Федоров ауданы аумағында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
Тармақ 61
61. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жүргізуді жоспарлаушы барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жыл сайын 01 қыркүйекке дейінгі мерзімде, келесі жылға өткізілетін жоспарлы жұмыстардың айын, түрін және мерзімін көрсетіп, өтінім беруге. Тұрғылықты пункт аумағындағы жоспарлы жұмыстар туралы тиісті қызметтерге өз уақытылы ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) жер асты желілерін жөндеу уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
Тармақша 3
3) ғимараттарды, имараттарды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды қоршау жөніндегі тәртіптерді сактау;
Тармақша 4
4) артық грунт пен құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды өз уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруде қажетті шараларды қабылдау.
Тармақ 62
62. Жер асты коммуникацияларының құрылғысымен және жөндеуімен байланысты жұмыстарды жүргізгенде тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қандай да бір жер үсті құрылысы мен имараттарын ығыстыру;
Тармақша 2
2) жол төсемдерін артық бұзу және жұмыстарды сәйкес рұқсатсыз (ордерсіз) жүргізу;
Тармақша 3
3) тротуарларда, жолдың жүретін бөлігінде және газондарда тартып алынған грунты, құрылыс материалдарының қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық пен нөсер канализациясының қақпақтарын көміп тастауға;
Тармақша 4
4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен бұзуға.
Тарау 9. 9-тарау. Жер пайдаланушының міндеттері
9-тарау. Жер пайдаланушының міндеттері
Тармақ 63
63. Жер пайдаланушы міндеттері:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың элементтерін (құдықтар, люктер, торлар, бағаналар, насос, жылу пункттері) санитарлық нормалармен белгіленетін тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) қалдықтарды жинау және сақтау үшін қатты жол төсемі бар арнайы жабдықталған алаңдардың болуы;
Тармақша 3
3) сұйық қалдықтарды жинау үшін санитарлық нормаларға сәйкес, қазылған шұңқырдың болуы;
Тармақша 4
4) қалдықтарды жерлеу жөніндегі поселкелік полигонға (қоқыс төгетін жер) қалдықтардың шығарылуын және көмілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) өз аумағында қажет болса дезинфекция мен дератизация жүргізу (шыбындарды, тарақандарды, масаларды, тышқандар мен егеуқұйрықтарды жою үшін);
Тармақша 6
6) бөлінген аумақтың шегінен құрылыс қоқыстарының, топырақтың және лас машиналар мен құрылыс механизмдерінің тұрғылықты пунктер көшелеріне шығуына жол бермей, өздерінің құрылыс алаңдарына және қатты жол төсемі жоқ басқа нысаналарына апаратын кірме жолдарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 64
64. Жерді пайдаланушыға мыналарды жасауға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрал-жабдықтарды, тараны, шикізатты, құрылыс материалдарын бөлінген аумақтан тыс жерге жинап қою;
Тармақша 2
2) от жағу, қоқысты, түскен жапырақтарды, шыбқстарды, өндіріс қалдықтарын тұрғылықты пункт аумағында жағу;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін қолдау.
Тарау 10. 10-тарау. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
10-тарау. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 65
65. Осы Қағидалардын талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жаупкершілікке тартылады.