Әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына сәйкес, және халықтың әлеуметтік мұқтаж азаматтарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік ару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 -II Заңының 31 бабының 1 тармағы , 4 тармақшасын басшылыққа алып, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік көмек көрсету туралы от 10.01.2006 г. № 2116 (Әлеуметтік көмек көрсету туралы)
1. Азматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (бұдан әрі Ереже).
2. Жергілікті бюджет каражатының есебінен берілетін әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
1) Мүгедектер мен соғысқа қатысқандарды, соғыс жылдарында әскер қатарында қызмет еткендерді, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларын, азаматтардын. аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен тыл еңбеккерлері мен ардагерлер активін республикалық басылымдар «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда», облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», аудандық «Арай» - «Луч» газеттеріне жеңілдікпен жаздыру.
2) Жеңіс, Егде адамдар, Мүгедектер күндерін мерекелеуге байланысты азаматтардың жеке санаттарына Ережеге сәйкес материалдық көмек көрсету.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің тұрғын үйлерін жөндеуге материалдық көмек көрсету.
3) Басқадай арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін дербес зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету.
4) Аса мұқтаж азаматтардың санатына материалдық көмек көрсету.
3. Әлеуметгік көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде жұмыспен қамту және ; әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімдерді әзірлеп және ұсыну ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Тоқсанова Лаура Жұмақанқызы), аудан экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Мельников Геннадий Емельянович) Ережеге сәйкес « Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша , азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу» жөніндегі 451007000332 бағдарламасы бойынша төлемдерді дер мерзімінде тағайындау мен төлеуді жүзеге асырсын.
6. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 07 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 1473 каулысы күшін жойды деп есептелсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ф.Ғ. Манасоваға жүктелсін.
8. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енсін.