Қолданыстағы ред. 20.12.2005

Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы от 20.12.2005 г. № 21-5 (Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы)

0

Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария Заңының 10-бабының 1-тармағын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310, 311-баптарын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі /№ 1 қосымша/ бекітілсін.

2

2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерінде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы ЕРЕЖЕ

Жаңақала аудандық Мәслихатының
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 21-5 шешімімен бекітілген
№ 1 қосымша.
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерінде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1.1

1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы », Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.

1.2

1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті болып табылады.

1.3

1.3. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды ұстау осы Ережелерге сәйкес рұқсат етіледі.

1.4

1.4. Жаңақала ауданы аумағындағы қалыпты ветеринариялық жағдайды сақтау мақсатында Ережені басшылыққа алу.

1.5

1.5. Ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жасақталған қора-жайда, тұрғын үй мен қоғамдық орындардан кемі 15 метр қашықтықта ұстау.

1.6

1.6. Мал қораларын жылына кемі екі рет «жаңа сөндірілген» ізбес тас ерітундісімен әктеу, тұрақты түрде мал қалдықтарынан тазалап дезинфекция, дезинсекция және қажет болса дезакаризация өткізу.

1.7

1.7. Мал ұстайтын аулада малдың серуендейтін жерін және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай малдың қиын сақтайтын орнын бөлу.

1.8

1.8. Жеке және заңды тұлғалардың барлық малдарын көктем және күз айларында ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, міндетті түрде орындалатын алдын-алу шараларынан өткізу.

1.9

1.9. Ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз (бақташысыз) көшеге, паркке басқа да қоғамдық орындар пайдаланатын алаңдарға жіберуге рұқсат етілмейді.

1.10

1.10. Қаңғыбас ит пен мысықты аулап ұстау арнайы бригада арқылы жүзеге асырылады.

1.11

1.11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі аудандық аумақтық басқармасы, аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі мен аудан әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорны осы Ережені орындатуды қамтамасыз етуге.

2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

2.1

2.1. Жануарларды вакцинация жасау және жұқпалы ауруларға тексеру ветеринария мамандарының талаптарына сәйкес, жануарларын көрсету.

2.2

2.2. Ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру, белгі қою және оларды құжаттандыру.

2.3

2.3. Мемлекеттік ветеринария бақылау органдарына жаңадан сатып алынған малы туралы ескерту, құжатын көрсету, алынған төлі, сатылған немесе сойылған малы туралы хабарлау.

2.4

2.4. Мал кенеттен өлсе, бір мезгілде бірнеше малдың ауруы білінсе немесе олардың тәртібінен оқыс өзгеріс байқалса ветеринария мамандарына хабарлау, ауруға сезікті малды ветеринария маманы келгенше оқшаулап ұстау.

3. 3. Жануарлардың құтыру ауруын алдын-алу мақсатында ит пен мысық иелерінің міндеттері

3. Жануарлардың құтыру ауруын алдын-алу мақсатында ит пен мысық иелерінің міндеттері

3.1

3.1. Жыл сайын наурыз-мамыр айларында жергілікті мемлекеттік ветеринария мекемесінен ит пен мысықты тіркеу құжатын және нөмірлік белгі алу немесе қайта тіркету.

3.2

3.2. Жеке үйде тұратын жанұя санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда, ит пен мысықты үйде ұстауға рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйде тұратын жанұя ит пен мысықты үйде ұстау үшін, ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алу.

3.3

3.3. Иттерді байлап ұстау. Күзет иттерін ит жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Итті көшеде серуендеткенде «тұмсықтор» кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұстау.

3.4

3.4. Пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың бүлдіруіне жол бермеу. Ит пен мысықтың экскременттерін олардың иелері шұғыл түрде тазалап отыру.

3.5

3.5. Ит пен мысық ауырған жағдайда ветеринария мамандарына көрсету, ал өлген жағдайда өлексені мал моласына апарып жою.

3.6

3.6. Диагностикалық тексеру және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық дәрігердің талаптарын орындау.

3.7

3.7. Егер ит, мысық адамды немесе үй жануарын тістесе бұл туралы жіберленуші, сол сияқты қабылған және қапқан жануарлардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлауға.

3.8

3.8. Адамдарды тістеген ит пен мысықты ветеринария маманына көрсету және 10 күн бойына ветеринария маманының бақылауында ұстау.

3.9

3.9. Жертөлені, шатыр және басқа да қосымша құрылыстарды жабық ұстау, оған иттер мен мысықтардың кірмеуін қадағалау.

4. 4. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады

4. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады

4.1

4.1. Ит пен мысықты көпшілік пайдаланатын жерде ұстауға.

4.2

4.2. ит пен мысықты бақылаусыз қалдыруға және оларды жоюға.

4.3

4.3. күзет иттерін құтыруға қарсы ектірмей объектіні күзетуде байлаусыз ұстауға.

4.4

4.4. Ит пен мысықтың өлкесін лақтырып тастауға немесе жерге көмуге.

5. 5. Иттің иесі міндетті

5. Иттің иесі міндетті

5.1

5.1. Итін уақытылы тіркеуге.

5.2

5.2. Итін қайта тіркеттірмеген иесі туралы ветеринариялық қадағалау және аудандық ішкі істер бөлімдеріне хабарлау.

6. 6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

6.1

6.1. Осы Ережені бұзғаны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.