Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария Заңының 10-бабының 1-тармағын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310, 311-баптарын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі /№ 1 қосымша/ бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерінде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы ЕРЕЖЕ
Жаңақала аудандық Мәслихатының
2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 21-5 шешімімен бекітілген
№ 1 қосымша.
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерінде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мен мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы », Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде жануарларды ұстау осы Ережелерге сәйкес рұқсат етіледі.
Тармақ 1.4
1.4. Жаңақала ауданы аумағындағы қалыпты ветеринариялық жағдайды сақтау мақсатында Ережені басшылыққа алу.
Тармақ 1.5
1.5. Ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жасақталған қора-жайда, тұрғын үй мен қоғамдық орындардан кемі 15 метр қашықтықта ұстау.
Тармақ 1.6
1.6. Мал қораларын жылына кемі екі рет «жаңа сөндірілген» ізбес тас ерітундісімен әктеу, тұрақты түрде мал қалдықтарынан тазалап дезинфекция, дезинсекция және қажет болса дезакаризация өткізу.
Тармақ 1.7
1.7. Мал ұстайтын аулада малдың серуендейтін жерін және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай малдың қиын сақтайтын орнын бөлу.
Тармақ 1.8
1.8. Жеке және заңды тұлғалардың барлық малдарын көктем және күз айларында ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, міндетті түрде орындалатын алдын-алу шараларынан өткізу.
Тармақ 1.9
1.9. Ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз (бақташысыз) көшеге, паркке басқа да қоғамдық орындар пайдаланатын алаңдарға жіберуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 1.10
1.10. Қаңғыбас ит пен мысықты аулап ұстау арнайы бригада арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1.11
1.11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі аудандық аумақтық басқармасы, аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі мен аудан әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорны осы Ережені орындатуды қамтамасыз етуге.
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Жануарларды вакцинация жасау және жұқпалы ауруларға тексеру ветеринария мамандарының талаптарына сәйкес, жануарларын көрсету.
Тармақ 2.2
2.2. Ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру, белгі қою және оларды құжаттандыру.
Тармақ 2.3
2.3. Мемлекеттік ветеринария бақылау органдарына жаңадан сатып алынған малы туралы ескерту, құжатын көрсету, алынған төлі, сатылған немесе сойылған малы туралы хабарлау.
Тармақ 2.4
2.4. Мал кенеттен өлсе, бір мезгілде бірнеше малдың ауруы білінсе немесе олардың тәртібінен оқыс өзгеріс байқалса ветеринария мамандарына хабарлау, ауруға сезікті малды ветеринария маманы келгенше оқшаулап ұстау.
Тарау 3. 3. Жануарлардың құтыру ауруын алдын-алу мақсатында ит пен мысық иелерінің міндеттері
3. Жануарлардың құтыру ауруын алдын-алу мақсатында ит пен мысық иелерінің міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Жыл сайын наурыз-мамыр айларында жергілікті мемлекеттік ветеринария мекемесінен ит пен мысықты тіркеу құжатын және нөмірлік белгі алу немесе қайта тіркету.
Тармақ 3.2
3.2. Жеке үйде тұратын жанұя санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда, ит пен мысықты үйде ұстауға рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйде тұратын жанұя ит пен мысықты үйде ұстау үшін, ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алу.
Тармақ 3.3
3.3. Иттерді байлап ұстау. Күзет иттерін ит жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Итті көшеде серуендеткенде «тұмсықтор» кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұстау.
Тармақ 3.4
3.4. Пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың бүлдіруіне жол бермеу. Ит пен мысықтың экскременттерін олардың иелері шұғыл түрде тазалап отыру.
Тармақ 3.5
3.5. Ит пен мысық ауырған жағдайда ветеринария мамандарына көрсету, ал өлген жағдайда өлексені мал моласына апарып жою.
Тармақ 3.6
3.6. Диагностикалық тексеру және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық дәрігердің талаптарын орындау.
Тармақ 3.7
3.7. Егер ит, мысық адамды немесе үй жануарын тістесе бұл туралы жіберленуші, сол сияқты қабылған және қапқан жануарлардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлауға.
Тармақ 3.8
3.8. Адамдарды тістеген ит пен мысықты ветеринария маманына көрсету және 10 күн бойына ветеринария маманының бақылауында ұстау.
Тармақ 3.9
3.9. Жертөлені, шатыр және басқа да қосымша құрылыстарды жабық ұстау, оған иттер мен мысықтардың кірмеуін қадағалау.
Тарау 4. 4. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады
4. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады
Тармақ 4.1
4.1. Ит пен мысықты көпшілік пайдаланатын жерде ұстауға.
Тармақ 4.2
4.2. ит пен мысықты бақылаусыз қалдыруға және оларды жоюға.
Тармақ 4.3
4.3. күзет иттерін құтыруға қарсы ектірмей объектіні күзетуде байлаусыз ұстауға.
Тармақ 4.4
4.4. Ит пен мысықтың өлкесін лақтырып тастауға немесе жерге көмуге.
Тарау 5. 5. Иттің иесі міндетті
5. Иттің иесі міндетті
Тармақ 5.1
5.1. Итін уақытылы тіркеуге.
Тармақ 5.2
5.2. Итін қайта тіркеттірмеген иесі туралы ветеринариялық қадағалау және аудандық ішкі істер бөлімдеріне хабарлау.
Тарау 6. 6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
6. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 6.1
6.1. Осы Ережені бұзғаны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.