Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей - инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей - инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 412
- Қабылданған күні
- 29.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2024 26542_743333.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05SG000025
- ЭКБ идентификаторы
- 26542
- Редакция идентификаторы
- 26542_743333
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:04
0 Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 29 бабының 6 тармағына, 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасьща сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау жөнінше қосымша шаралар ретінде белгіленсін.
2 2. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қоса берілген Ереже бекітілсін.
3 3. «Жамбыл аудандық жұмыспең қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамсыз етсін.
4 Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы «29» желтоқсан № 412
қаулысымен бекітілді.
Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 1. Жалпы жағдайлар
1
1. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек керсетудің осы Ережелері (әрі қарай - Ережелер) үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің тәртібін анықтайды. (әрі қарай - әлеуметтік көмек).
2 2. Осы Ережелерде төменгі түсініктер қолданылады:
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың аудандық бөлімі.
мүгедек бала - он сегіз жасқа дейінгі, өмір сүру әрекетін шектеуге және әлеуметтік көмек қажеттілігіне әкелетін ауру, зақым, олардың салдарынан, дефектісінен туған ағза функцияларының дұрыс істемеуінен денсаулығы бұзылған тұлға.
3 3. Ата-аналардың не заңды өкілдердің өтінішін ескере, мүгедек -балаларды тәрбиелеу және оқытуды жалпы және арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында іске асырудың мүмкіндігі жоқ жағдайда тәрбиелеу және оқыту үйде жүргізіледі.
4 4. Әлеуметтік көмек алуға үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек баланың ата-аналарының біреуі не оны алмастыратын тұлға ғана құқылы.
5 5. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қорынан ақшалай төлем түрінде беріледі.
6 6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған (асыраушысынан айрылған) балаларға тағайындалады және төленеді.
2 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіру тәртібі
7 7. Ереженің 4 тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегі құжаттарды тапсырады:
1 1) форма бойынша өтініш
2 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұпнүсқа және көшірме);
3 3) отбасы құрамын анықтайтын тұрғылықты жерінен анықтама;
4 4) мүгедектікті анықтау туралы әлеуметтік-дәрігерлік сараптама комиссиясы анықтамасы (тұпнүсқа және көшірме);
5 5) ведомствоаралық психолог-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беруші комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытынды;
6 6) баланың тууы туралы куәлігі (тұпнүсқа және көшірме);
7 7) мүгедек баланың үйде нақты оқитыны (тәрбиеленетіні) жөнінде мектептен (тоқсан сайын) анықтама;
Қамқоршының (асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындау жөнінен өтінішіне қамқорлық (асыраушы) бекіту туралы қамқорлық (асыраушы) органының шешімінен көшірме қосылады.