Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка и банковского холдинга

Қаулы · № 3 · қабылданған 09.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26576/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка и банковского холдинга Күшін жойған Қаулы ·№ 3 ·09.01.2006
25.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка и банковского холдинга

Күшін жойған Қаулы ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи, отказа в выдаче и отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника банка и банковского холдинга
Атауы (қаз.)
Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
09.01.2006
Көрсетілген редакция
25.01.2008 AI26576_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004042_
ЭКБ идентификаторы
26576
Редакция идентификаторы
AI26576_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:02

0 Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесiн бекiту туралы

Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Ұсынылып отырған Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1

1) "Екiншi деңгейдегi банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1611 тiркелген);

2

2) "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1611 тiркелген "Екiншi деңгейдегi банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2587 тiркелген, "Казахстанская правда" газетiнде 2003 жылғы 10 желтоқсанда N 355-356 (24295-24296) жарияланған).

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

4 4. Банктердi қадағалау департаментi (Раева Р.Е.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

5 5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

0 Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесi

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы
N 3 қаулысымен бекiтiлген
Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу Ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" (бұдан әрi - Заң), " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, беруден бас тарту және қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Банктiң бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын банктiң, банктiк холдингтiң iрi қатысушы тұлғалары және бiрлескен банктiк холдинг болып табылатын тұлғалар Заңның 2 және 17-1-баптарында айқындалған.

2 2. Банктiң немесе банктiк холдингтiң бiрлескен iрi қатысушысының банктiң дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе жанама иелену үлесi банктiң орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алғандарын шегере отырып) дауыс берушi акцияларының көлемiне қарай есептеледi.

2 2-тарау. Банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға рұқсат беру туралы өтiнiштi беру және қарау тәртiбi

3

3. Жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға iрi қатысушы немесе банк холдингi мәртебесiн иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы, тұрақты тұратын (болған) жерi туралы, сатып алу болжалданып отырған банк акцияларының санының проценттiк арақатынасы, орналастырылған (банктiң артықшылықты және сатып алынғандарын шегерiп) акциялардың саны және (немесе) банктiң дауыс беретiн акцияларының саны туралы мәлiметтердi, сондай-ақ өтiнiш берушi онымен бiрлесiп банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы болуды болжалдап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлесi) иеленуi банк акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тiзiмi көрсетiлген еркiн нысанда жасалған өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш) бередi.

4 4. Бір мезгілде өтінішпен бірге банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға тілек білдірген тұлға уәкілетті органға Заңның 17-1-бабының 4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері, өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
Заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын банктің акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
Мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
экономикалық қызмет аясындағы қылмыс немесе орта дәрежедегі қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алынбағандығын немесе соттылықтың болмауын растайтын, құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік анықтама нысанында берген құжат (аталған құжаттың берілген күні өтініш беру күнінің алдындағы үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар олардың елдерінің азаматтығына сәйкес тиісті мемлекеттік орган берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінен қосымша ұсынады;
осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растаушы өзге де құжаттардың көшірмелері.
Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайда банкті қайта капиталдандырудың жоспарында мынадай ақпараттар болуы тиіс:
банктің ағымдағы жай-күйіне баға беру;
банкті қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жан-жақты сипаттау (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуы міндетті нормалар және лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және өзге де іс-шаралар орындалып отыратын шекке дейін банктің меншікті капиталын қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету, қосымша қаржылық салымдар бойынша шаралар);
банкті қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру іс-шараларынан күтіліп отырған экономикалық тиімділік (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; банктің меншікті капиталының мөлшерінің өзгеруі, банктің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің өзгеруі).
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсынып отырған тұлғадан қосымша мәліметтер сұратады.

5

5. Банк холдингi мәртебесiн иелену үшiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетiн тұлға өтiнiшпен бiрге уәкiлеттi органға Заңның 17-1-бабының 5-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәлiметтермен қатар тәуекелдердi басқару жүйесiнiң және iшкi бақылаудың болуын растайтын, сонымен бiрге еншiлес ұйымдардың қызметiне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды бередi.

6

6. Банктiң iрi қатысушы немесе банк холдингi мәртебесiн иелену үшiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетiн Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлеген халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы қосымша мәлiметтердi бередi.
Аталған рейтингтің болуы Заңның 17-1-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайларда талап етілмейді.

6-1

6-1. Осы Ереженің 4,5 және 6 тармақтарында көрсетілген құжаттарды бір жыл өткеннен кейін және (немесе) аталған құжаттардың мазмұнын өзгерту және (немесе) оларды ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші туралы мәліметтерді өзгертуден басқа жағдайда осының алдында уәкілетті органға ұсынған тұлғалар бермейді. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште немесе уәкілетті органға осының алдында берілген құжаттар туралы мәліметтер (жіберілетін құжаттың күні, нөмірі), сондай-ақ оларды ұсыну негіздемелері көрсетіледі.

7 7. Тұлға (шарттың күшiмен немесе басқа жағдайда оның шешiмдi анықтауға мүмкiндiгi болуы және/немесе қабылданған шешiмге ықпал ету) банк акциясының жиырма бес және одан да артық процентiн (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) иеленген жағдайда оны жанама иеленушi (дауыс берушi) болып табылады:

1 1) банктiң iрi қатысушысы (банк холдингi) болып табылатын тұлға (тиiсiнше банк акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар);

2 2) бiрлесiп банктiң iрi қатысушысы (банк холдингi) болып табылатын тұлғаның ең болмағанда бiрi;

3

3) тура және (немесе) банктiң iрi қатысушы (банк холдингi) болып табылатын тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесi) жиырма бес және одан артық процентiмен жанама дауыс берудi иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) немесе банк акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентiмен тура немесе жанама қатысу арқылы дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалар.
Сондай-ақ банк акциясының жиырма бес және одан да артық процентiн (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар иеленген жағдайда (шарттың күшiмен немесе басқа жағдайда оның шешiмдi анықтауға мүмкiндiгi болуы және/немесе қабылданған шешiмге ықпал етуi) банк акцияларын жанама иеленушi (дауыс берушi) болып мына тұлғалар болып табылады:
оның басшы қызметкерi болып табылатын заңды немесе жеке тұлға;
жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын iнi(аға) апалар (қарындастар), атасы, әжесi, немерелерi);
аталған заңды тұлғаның басшы қызметкерiнiң жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын iнi(аға) апалар(қарындастар), атасы, әжесi, немерелерi).

8 8. Уәкiлеттi орган банк холдингi немесе банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берiлген өтiнiш бойынша шешiм құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап үш айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде қабылданады.

9 9. Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар берiлген жағдайда құжаттар өтiнiш иесiне қайтарылады. Құжаттар екiншi рет берiлген жағдайда оларды қарау мерзiмi жаңадан есептеледi.

9-1

9-1. Уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден Заңның 17-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады. Өтініш иесіне уәкілетті органның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

9-2 9-2. Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алуға келісім беру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

10

10. Бұрын банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алған, бiрақ содан кейiн атауының өзгеруiне байланысты мемлекеттiк қайта тiркеуден өткен тұлға әдiлет органынан оларды алған күннен бастап он күннiң iшiнде уәкiлеттi органға растаушы құжаттарды тапсырады.
Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн осының алдында берiлген келiсiмге осы өзгерiстер мен қосулар туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн алу талап етiлмейдi.

11

11. Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алған тұлға уәкiлеттi орган аталған келiсiмдi берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесiнен банктiң акциясын сатып алғандығын куәландыратын үзiндi көшiрменi ұсынады.
Құрылатын банктің банк холдингі немесе ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға банктің акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде банктің акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.
Үзінді көшірмені осы тармақпен белгіленген мерзімде бермеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.

12

12. Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иелену туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн осының алдында алған және соңынан банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы белгiсiн иеленбеген тұлға аталған сәйкессiздiк пайда болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi орган алдында уәкiлеттi орган осының алдында берген келiсiмiн аталған өзгерiстi растайтын құжаттарды ұсыну арқылы өтiнiш бiлдiредi.

13

13. Банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн осының алдында алған және соңынан банктiң iрi қатысушысының белгiсiн ғана иеленiп отырған тұлға аталған сәйкессiздiк пайда болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi орган алдында уәкiлеттi орган осының алдындағы келiсiмiн қайтарып алу туралы өтiнiштi аталған өзгерiстi растайтын құжаттарды ұсыну арқылы бiлдiредi.

3 3-тарау. Банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге уәкiлеттi органның берген келiсiмiн қайтарып алу тәртiбi

14 14. Уәкiлеттi орган шынайы емес мәлiметтердi анықтау негiзiнде келiсiм берген немесе iрi қатысушы немесе банк холдингi Заң талаптарын сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган осы Ережеге сәйкес берiлген келiсiмдi керi қайтарып алады.

15

15. Уәкiлеттi органның келiсiмi қайтарып алынған тұлға аталған келiсiм қайтарып алынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде оған тиесiлi банк акцияларының санын банк акцияларының оннан төмен (жиырма бес) процентiне дейiн қысқартады немесе өзiнiң тiке немесе жанама құқығы бар дауысын қосқандағы басшылыққа немесе банк саясатына ықпал етуге (немесе ықпал етуге ұмтылуға) өзiне мiндеттеме алады.
Бұл туралы хабарламаны тұлға қысқарту басталған немесе қоса берiлiп отырған растаушы құжаттар арқылы өзiне тиiстi мiндеттеме алған сәттен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға хабарлама бередi.

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

16 16. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн банктiң iрi қатысушыларына және банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ықпал етудiң шектеулi шараларын, санкцияларды және мәжбүр ету шараларын қолдануы мүмкiн.

17 17. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуге тиiс.

1 Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері - заңды тұлға туралы қысқаша деректер

Банктiң және банк
холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiмдi
беру, қайтарып алу Ережесiне
1-қосымша
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері - заңды тұлға туралы қысқаша деректер
_________________________________________________________________
(банктің атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
__________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
__________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны
__________________________________________________________________
6. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-
сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
N
Фа­ми­ли­я­сы, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ту­ған жы­лы
Туы­сқан­дық
қа­ты­на­ста­ры
Жұ­мыс ор­ны және қыз­ме­ті
1
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні _______________________________________________________________

2 Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері - заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

Банктiң және банк
холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiмдi
беру, қайтарып алу Ережесiне
2-қосымша
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері - заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

1 1. Білімі

Оқу ор­ны­ның
ата­уы
Ке­ліп
түс­кен
кү­ні -
аяқ­тал­ған
кү­ні
Ма­манды­ғы
Бі­лі­мі
ту­ра­лы
ди­плом­ның
де­ректе­ме-
ле­рі,
бі­лік­ті­лі­гі
Оқу ор­ны­ның
ор­на­лас­қан
ор­ны

2 2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар, біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер

Ұй­ым­ның ата­уы
Өт­кі­зу кү­ні
және ор­ны
Сер­ти­фи­кат
де­ректе­ме­ле­рі

3 3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұ­мыс
ке­зе­ңі
Жұ­мыс
ор­ны
Қыз­ме­ті
Тәр­тіп­тік
ша­ра қол­да­ну­дың
бо­луы
Жұ­мыстан шы­ғу,
қыз­мет­тен боса­ну
се­беп­те­рі

4 4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктер:

___________________________________________________________________
____________________________________________________________________

5 5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы

орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер
Кү­ні
Сот ор­га­ны­ның
ата­уы
Сот­тың
тұ­ра­тын
ор­ны
Жа­за­ның
тү­рі
1997 жы­л­ғы
16 шіл­де­де­гі
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­лика­сы­ның
Қыл­мыстық
Ко­дек­сі­нің ба­бы
Сот­тың
про­цес­су­ал­ды
ше­шім­ді
қа­был­да­ған
кү­ні

6 6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету)

7 7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған

жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________

8 8. Банктің аффилиирлігінің болуы (болмауы):

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)

9 9. Осы мәселеге қатысты бар басқа ақпарат:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні _______________________________________________________________

Қолданыстағы