Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация"

Қаулы · № 443 · қабылданған 20.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2660/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация" Күшін жойған 27.07.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация"

Күшін жойған Қаулы № 443 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация"
Атауы (қаз.)
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
443
Қабылданған күні
20.04.1999
Көрсетілген редакция
27.07.1999 AI2660_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000443_
ЭКБ идентификаторы
2660
Редакция идентификаторы
AI2660_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

📌 ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.28.
N 1074 қаулысымен.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың мемлекеттік резервін қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға қатысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті уәкілетті мемлекеттік органға "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін белгіленген тәртіппен берсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 468-құжат);

аталған қаулының 2-қосымшасында:
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық үлгідегі акционерлік
қоғамы деген жол алынып тасталсын;

2) "Мемлекеттік азық-түлік контракт корпорациясын қайта

ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24
ақпандағы N 260 қаулысындағы 3-тармақ алынып тасталсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.