О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 14.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2022 26608_578871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000099_
- ЭКБ идентификаторы
- 26608
- Редакция идентификаторы
- 26608_578871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:55
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 14 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат):
2-тармақта ", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету болып белгiленсiн.".