"Балалары отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар
туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-III Заңына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қараша 2005 жылғы № 1092 қаулысын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31 бабының 1- тармағының 14 тармақшасы және 32 бабы 1-2 тармағын басшылыққа
Алып аудан әкімдігі
ҚаУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
"Балалары отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы от 06.01.2006 г. № 51 ("Балалары отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы)
1. Балаларға арналған жәрдем ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып аудандык жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.М.Махамбетов) белгіленсін
2. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдем ақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган болып аудандық зейнет №№№№№
орталығы (С.Әзімханов) белгіленсін.
3. Учаскелік комиссия туралы Ереже (№1 қосымша.) және балаларға арналған жәрдем ақыны тағайындайтын немесе тағайындамайтын уәкілетті органның шешімінің тұлғасы
(№ 2 қосымша) бекітілсін:
4. Балаларға арналған жәрдем ақыны алуға өтініш беруші отбасының құрамы
туралы және қосалқы шаруашылығы туралы мәлімдемені дәлелдейтін уәкілетті
орган болып ауылдарда кенттерде-ауылдық, кенттік әкімдері белгіленсін.
5. Учаскелік комиссиялардың жұмысына бақылау басшылық жасау үшін аудандық комиссия № 3 қосымшаға сәйкес құрылсын.
6. Осы қаулының іске асуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары
Б.Кешкімбаевқа жүктелсін:
7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан тіркеуден кейін күшіне енгізілсін.